Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова сауат ашу әдістемесі 1-бөлiм


(Ж; Қ) Дыбыс түрлерін ажырату, буынға бөлу білігін бағалау. 4



бет14/20
Дата22.08.2017
өлшемі4,48 Mb.
#24192
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

(Ж; Қ)

Дыбыс түрлерін ажырату, буынға бөлу білігін бағалау.




4. Ребусты шешудің жолын түсіндіріңіз.

«Ойлан, тап» ойынын ойнатыңыз. Ойынның шарты бойынша оқушылар суреттегі заттардың атауларындағы алғашқы дыбыстарды қосып, «үтік» сөзін шығаруы керек.

Сөзжұмбақтан үтік сөзі таптырылып, буындық-дыбыстық талдау жасалады.


Оқулық


3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.



1.3.8.1

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талаптар-ға сай жазу.




(Ө; Қ)

Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.



Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.

48-беттегі тапсырманы орындатыңыз.

Әріптерден сөз құрап, жазу керек. Мысалы: күшік, үміт, түлкі.



Дәптермен жұмыс

2.9

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.




1.2.9.1

Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.




(МК; Ө; Қ)

«И» дыбысы мен әрпін ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалау.



86–87-сабақтар. Мен және табиғат. Ии дыбысы мен әрпі

«И» дыбысы және әрпімен таныстырыңыз. «И»-дің дауысты екенін, оның сөз басында, ортасында, соңында келу үлгілерін көрсетіңіз. Таңбасын үйретіңіз.



Инелік сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.

Сюжетті суреттегі сөздерді оқытыңыз.




Оқулық

http://www. Balalaralemi.kz

https://www. Google.kz

картинки


2.2

Оқылған мәтіннің мазмұнын түсіну.



1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну.


(МК; Ө; Қ) Өлеңді түсініп, автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну білігін бағалау.


1. Оқулықта берілген сөздерді оқытыңыз. Сөздердің өзгеруіне не себеп болғанын анықтатыңыз.

Қ. Баянбайдың «Керек» өлеңін сөздермен бірге сөз сызбаларының көмегімен оқытыңыз. «И» әрпі кездескен сөздерге буындық-дыбыстық талдау жасатыңыз.




Оқулық

1.9 Сөздерді, дыбыстар-ды орфо-эпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.


1.1.9.2 Дыбыстардың мағына ажыратушы-лық қызметін түсіну.

(МК; Ұ; Қ) Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну білігін бағалау.


2. Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну білігін бағалауды ұйымдастыру.

«Тиін–тиын» сөздерінің айырмашылықтарын тапқызыңыз. Сөздерге дыбыстық талдау жасатып, буынға бөлгізіңіз. Сөз мағынасын талдау жасатыңыз.




Оқулық

https://www. Google.kz

детские сюжетные картинки



1.6 Тыңдаушы-ның назарын аудару.


1.1.6.1 Сөйлеу барысында сипаттау /салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл, дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасында-ғы кідірісті) қолдану.

(МК; Т)

Сөйлеу барысында сипаттау сөздерін қолданып, фильмнің не туралы екенін болжатып аяқтату.




3. Сюжетті суреттер арқылы берілген фильмнің тақырыбын анықтап, оған ат қойдыру жұмыстарын ұйымдастырыңыз. Фильмнің әр кадры бойынша салынған суреттерге сұрақ қойып, жауап алыңыз.

1-кадр бойынша: Өрт шыққан үйде кім қалып қойды? Ит қайтті? 2-кадр бойынша: Ит өрт ішінен қызды қалай алып шықты? 3-кадр бойынша: Иесі итіне деген ризашылығын қалай білдірді?

Фильмге ат қойғызыңыз.Осыдан кейін «Ит – адамның досы» дегенді қалай түсінесің? сұрағын қойып, талқылаулар жасатыңыз.


Оқулық


3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.


(МК; Ө; Қ) Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қою білігін бағалау.


Оқушылардың Ии әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

Дәптермен жұмыс

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау.


1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

(МК; Ө; Қ) Мәтін мазмұнын сұрақтарға толық жауап бере отырып, ретімен баяндау білігін бағалау.


88-сабақ. Мен және табиғат. Ии дыбысы мен әрпі

1. Мәтін мазмұнын сұрақтарға толық жауап бере отырып, ретімен баяндау білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Оқушылар мәтінді кезекпен тізбектеп, жеке оқиды.

«Ши» сөзінің мағынасын YouTube сайтынан (Ши тоқу - YouTube) видео корсету арқылы түсіндіріңіз.




Аудио үнтаспа

Оқулық


Ши тоқу – YouTube видео

1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(Ұ; Қ)

Ой ұшқырлығын, иллюстрация бойынша болжай алу білігін бағалау.




2. Суретте берілген «қуыс» пен «ін» ненің мекені екенін болжатыңыз. Оқулықтағы «тышқан», «ит», «тиін», «қасқыр» суреттеріне оқушылардың назарын аударып, «қуыс», «ін» суреттері бұлардың қайсыларына тиесілі екенін анықтатыңыз. Сөздерді буынға бөлдіріп, буын санын анықтаңыз.

Суреттермен байланыстыртып сөйлем құрастыртыңыз.

Тақырып мазмұнын ашатын өлеңдер оқып, жұмбақ жасырыңыз.


Оқулық

http://www. Balalaralemi.kz

Өлеңдер


Жұмбақтар


2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну.


1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.


(МК; Ө; Қ)
Көп мағыналы сөздерді ажырата алу, қолдану білігін бағалау.

3. Оқушылардың «ине» сөзінің мағыналарын дереккөздерден анықтауына мүмкіндік жасаңыз. Суреттегі кәдімгі инені, шыршаның инесін, кірпінің инесін салыстырады. Бұлардың неге «ине» деп аталатындығын сөздіктен қарау арқылы анықтатыңыз.


Оқулық

https://www. Google.kz

детские сюжетные картинки




2.1 Оқу түрлерін қолдану.


1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.


(Т; Қ) Ой ұшқырлығын, сөз, сөйлем сызбасын оқу білігін бағалау.


4. Оқушыларға сөзжұмбақты шешу жолын түсіндіріңіз. Суреттегі заттардың атын ататып, буынға бөлдіріп, дыбыстық талдау жасатыңыз. Сөзжұмбақтан «ит», «ине», «инелік», «итмұрын» сөздерін тапқызып, буындық-дыбыстық талдау жасатыңыз.

И әріпінен басталатын сөздерді дөңгелектерге сәйкес әріп санын ескеріп, орнына дәл тауып қойғызыңыз.


Оқулық


3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.



1.3.8.1

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талаптар-ға сай жазу.




(Ө; Қ)

Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.



Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.



Дәптермен жұмыс

2.9

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.




1.2.9.1

Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.




(МК; Ө; Қ)

«Й» дыбысы мен әрпін ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалау.



89–90-сабақтар. Мен және табиғат. Йй дыбысы мен әрпі

«Й» дыбысы және әрпімен таныстырыңыз. «Й» дыбысының дауыссыз екенін, оның сөз басында, ортасында, соңында келу үлгілерін көрсетіп, таңбасын үйретііңіз.



Йогурт сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.


Оқулық

http://www. Balalaralemi.kz

https://www. Google.kz

картинки


2.5

Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу.




1.2.5.1

Мәтін иллюстрация-сы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).




(МК; Ж; Қ) Сұраққа жауап беру, дерекөздермен жұмыс жасау білігін бағалау.


1. Өлеңде берілген сұрақтардың жауабын дереккөздерден алуға мүмкіндік жасаңыз. Өлеңдегі қай сұрақтарға жауап беретіндерін анықтатыңыз.

Жауап бере алмайтын сұрақтары бойынша дереккөздермен жұмыс ұйымдастырыңыз.

«Кітаппен дос бол. Кез келген сұрағыңа жауапты кітаптан таба аласың» деген қорытынды пікірге талдау жасатыңыз.


Аудио үнтаспа

Оқулық



2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.


(МК; Ө; Қ) Оқулықта берілген сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалау.


2. Сөздер буындап, тұтастай оқытылып, сөздегі дыбыстың өзгеруіне және буынның қосылуына байланысты жаңа сөз пайда болатындығына назар аудартылады:

Ата ай ой май сай

Атай сай қой шай сайман, т.б.


Оқулық

2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

(МК; Ө; Қ)

Сөз құрай алу білігін бағалау.




3. Кестедегі сөздерден адамның аттарын құрастыру жұмысын ұйымдастырыңыз.

Дыбыстарды ажыратқызып, буын санын анықтатыңыз. Сөздерді қатыстырып сөйлемдер құратыңыз.

Оқушылар «Ай» сөзіне түрлі қосымшаларды жалғау арқылы адам есімдерін шығарады: Айдос, Айдар, Айжан, Айнұр, т.б.

Сөйлемде кездескен й әрпінің орнын анықтатыңыз.




Оқулық


3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

(МК; Ө; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.




Оқушылардың Йй әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

Дәптермен жұмыс

2.9 Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.


1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.


(МК; Ұ; Ө; Қ)

«Ғ» дыбысы мен әрпін ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалау.



91–92-сабақтар. Мен және табиғат. Ғғ дыбысы мен әрпі

«Ғ» дыбысы және әрпімен таныстырыңыз. «Ғ»-ның дауыссыз екенін, оның сөз басында, ортасында келу үлгілерін көрсетіңіз. Таңбасын үйретіңіз.



Ғарышкер сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.


Оқулық https://www. Google.kz

картинки


1.9 Сөздерді, дыбыстар-ды орфо-эпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.

1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.


(МК; Ұ; Қ) Дыбыс түрлерін ажырату, буынға бөлу, буын санын анықтау білігін бағалау

Сюжетті суреттегі «таға», «ғалам», «ғасыр», «ғарыш», «сағат» сөздерін тұтастай оқытып, бұл сөздермен сөздік және буындық-дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізіңіз.

Қалауыңыз бойынша ұсынылған сайттардан сабақ мазмұнын ашатын материалдарды таңдап алып, қолданыңыз.




Оқулық

http://www. Balalaralemi.kz

Өлеңдер


Жұмбақтар

https://www. Google.kz

картинки



2.1 Оқу түрлерін қолдану.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.


(МК; Ж; Қ) Оқу түрлерін қолдана алу білігін бағалау.



1. Оқулықтағы «Оқы» белгісі тұрған сөздер мен сөйлемдерді өз бетінше буындап оқуға, жиі кездесетін сөзді тұтас оқуға, түсініп оқуға жаттықтырыңыз. Оқу түрлерін қолдана отырып, сөздерді оқытыңыз.


Оқулық

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау.


1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

(МК; Ө; Қ) Мәтін мазмұнын сұрақтарға толық жауап бере отырып, ретімен баяндау білігін бағалау.


Мәтін мазмұнын сұрақтарға толық жауап бере отырып, ретімен баяндау білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Мәтін хормен, тізбектеп, жеке оқытылып болғаннан кейін мазмұны бойынша сұрақтар қойыңыз: Талғат аға қайда ұшты? Ол кім? т.с.с


Оқулық

1.4 Оқиғаны болжау.


1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(Ұ; Қ) Ой ұшқырлығын, иллюстрация бойынша болжай алу білігін бағалау.


2. Артығын тап тапсырмасы бойынша жұмыс ұйымдастырыңыз.

Оқушылар артық заттың сағат екенін болжай алу керек. Дәлелдеу жұмыстарын жүргізіңіз.

Мысалы: Артық зат –сағат. Себебі, барлық заттардың атауында ғ дыбысы бар. Сонымен қатар құстар мен сағат берілген. Құстар көп. Сондықтан сағат артық деп ойлаймын.


Оқулық

3.10 Граммати-калық нормаларды сақтау.

1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және оларды қолдана білу.

(МК; Ө; Қ) Жаңылтпашты жатқа айтып, сұрақтарға жауап беру біліктілігін бағалау.


3. Жаңылтпашпен жұмысты ұйымдастырыңыз.

«Торғай тоғайды ұнатады,

Тоғай торғайды ұнатады» жаңылтпашын оқушы дұрыс, қатесіз оқиды. «Жатқа айту» ескертпесін басшылыққа алып, жаттатыңыз және тез-тез айтуға жаттықтырып үйретіңіз.
4. «Қай құс нені ұнатады?» ойынын ойнатыңыз. Ойынның шарты бойынша: «Шағала нені ұнатады?», «Қарға ше?», «Қарлығаш ше?» сұрақтарына дұрыс жауап берген оқушы жеңімпаз атанады.

Оқушылардың өздері білетін жаңылтпаштарын да айтызыңыз.




Оқулық

http://www. Balalaralemi.kz

Жаңылтпаш-тар




3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.



1.3.8.1

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талаптар-ға сай жазу.




(МК; Ө; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау




Оқушылардың Ғғ әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.


Дәптермен жұмыс

3.10 Граммати-калық нормаларды сақтау


1.3.10.2 Тәуелдік және жіктік жалғаулары-ның қарапайым формаларын қолдана алу (терминсіз).


(МК; Т; Қ) Тәуелдік және жіктік жалғауларының қарапайым формаларын қолдана алу білігін бағалау.


93-сабақ. Мен және табиғат. Ғғ дыбысы мен әрпі

1. Тәуелдік және жіктік жалғауларының қарапайым формаларын қолдана алу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Кестелердегі сөздерді оқытуды жүзеге асырыңыз. «Қ»-ға аяқталған сөздерге (моншақ, атақ, қармақ) «ы»-ны қосқанда болатын өзгеріс байқатылады: моншақ+ы = моншағы; атақ+ы = атағы; қармақ+ы = қармағы.

Сөздердегі өзгерістерді байқатып, қорытынды жасатыңыз.




Оқулық

1.9 Сөздерді, дыбыстар-ды орфо-эпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.

1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрле-рін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.


(МК; Ө; Қ) Дыбыс түрлерін ажырату, буынға бөлу білігін бағалау.


2. Кестедегі суреттермен берілген сөздерден «ғ» әрпі бар сөздер таптырылып (таға, сырға, сағат, шалғы, тоғыз, сызғыш, қарлығаш), оларға буындық-дыбыстық талдау жасалады.


Оқулық

3.10 Граммати-калық нормаларды сақтау.

1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және оларды қолдана білу.

(МК; Т; Қ) Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алады және орынды қолдана біледі.


3. Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алуға және орынды қолдануға үйрету жұмыстарын ұйымдастырыңыз. Оқиғаны болжай отырып, диалогті қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асырыңыз. Оқулықта берілген диалог жауаптарына олардың сұрақтарын топтық жұмыс арқылы тапқызыңыз. Сұрақтарды тапқаннан кейін сұхбаттасуды жүзеге асырыңыз:

– Мынау қай құс?

– Қарлығаш.

– Ол қандай құс?

– Ол – адамға дос құс.

– Қарлығаш адамды неден сақтайды?

– Қарлығаш адамды қатерден сақтайды, т.с.с.


Оқулық


3.5

Мәтінді түрлі формада қарастыру.




1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/

мәтін құрастыру және жазу.




(МК; Т) Сюжетті суреттердің көмегімен мәтіннің не туралы екенін болжап, әңгімелеу

4. Сюжетті суреттер арқылы әңгіме құрастыртыңыз. Әңгімелеу барысында түлкінің қулығы, қарғаның аңқаулығы жайында оқушылардың айтуына ықпал етуді ұмытпаңыз. Сюжетті сурет бойынша әңгімелемес бұрын жетекші сұрақтар қойыңыз.


Оқулық

http://www. Balalaralemi.kz

Ертегілер




3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.


(МК; Ө; Қ) Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қою білігін бағалау.

Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою. Оқушылардың әріптер мен олар кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз.

7 беттегі тапсырманы орындатыңыз. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемді жазу керек. Мысалы: Сағат тоғыз болды. Ғарышкер аспанға ұшты.





Дәптермен жұмыс

2.9

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.




1.2.9.1

Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.




(МК; Ө; Қ)

«И» дыбысы мен әрпін ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалау.



94–95-сабақтар. Мен және табиғат. Гг дыбысы мен әрпі

«Г» дыбысы және әрпімен таныстырыңыз.

«Г» дауыссыз екені, оның сөз басында, ортасында келу үлгілерін көрсетіңіз. Таңбасын үйретіңіз.

Гүл сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.


Оқулық

http://www. Balalaralemi.kz

https://www. Google.kz

картинки


2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

(МК; Ж; Қ)

Оқу түрлерін қолдана алу білігін бағалау.





1. Оқулықта берілген сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Кестедегі сөздерді оқытуды жүзеге асырыңыз: «шеге», «егеу», «неге», «негеш», «ардагер», «кереге», «гүл», «Гүлнұр». Сөздерді хормен, тізбектей, жеке оқытылып, сөздік, буындық-дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізіңіз.


Оқулық

1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(МК; Ө; Қ) Өлең мазмұнындағы сұрақтардың жауабын дереккөздер арқылы табу білігін бақылау.

Оқушылардың өлең мазмұнындағы сұрақтардың жауабын дереккөздер арқылы табуына мүмкіндік жасаңыз. Өлеңді оқушылардың өздеріне оқытып, «Қай сұраққа жауап бере аласыңдар?», «Қай сұрақтарға жауап беруге қиналып тұрсыңдар?» сұрақтарын қойыңыз. Қиналып тұрған сұрақтарына жауапты дереккөз материалдарынан іздету жұмыстарын жүзеге асырыңыз.


Оқулық

http://www. Balalaralemi.kz

Кітаптар



1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлем-мен білдіру

(ұнайды/


ұнамайды).


(МК; Т)

Оқыған мәтіннің тақырыбын анықтап, мазмұндау. Өз көзқарасын білдіру.



2. Оқушыларға мәтінді мәнерлеп, оқып беріңіз. Оқыту түрлерін қолданыңыз. Сызба бойынша мәтінді жалғастыртыңыз. «Айнұр не деуі мүмкін? Гүлнұрдың іс-әрекетін талқылаңдар» сұрақ тапсырмаларына өз көзқарасын білдіріп, дәлелдеулер жасауын ұйымдастырыңыз.


Оқулық

3.10 Граммати-калық нормаларды сақтау


1.3.10.2 Тәуелдік және жіктік жалғаулары-ның қарапайым формаларын қолдана алу (терминсіз).


(МК; Т; Қ) Тәуелдік және жіктік жалғауларының қарапайым формаларын қолдана алу білігін бағалау.


3. Кестелердегі сөздерді оқытуды жүзеге асырыңыз. «Терек», «шелек», «ілгек» сөздеріне «і» жалғанғанда болатын өзгеріс байқатылады: терегі, шелегі, ілгегі.


Оқулық

3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

(МК; Ө; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.




Оқушылардың Гг әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

Сөздерді оқытып, дыбыстық талдау жасатып, берілген сызбаларды тиісті түстермен боятыңыз.




Дәптермен жұмыс

1.8

Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.




1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.


(МК; Ұ) Сюжетті суреттердің көмегімен ертегінің не туралы екенін болжап, сұрақтарға жауап беріп, ертегіні аяқтау.


96-сабақ. Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

1. Суреттер арқылы «Бұл қай ертегі?» сұрағын қойып, қай ертегі екенін таптырыңыз. Тапқаннан кейін «Мақта қыз бен мысық» екенін қалай білдіңдер? «Суретте не көмектесті?» деген сияқты сұрақтармен тірек сөздер таптырылады. «Мақта қыз шақырғанда мысық тез келе қойса, ол осыншама қиындық көрер ме еді?» сұрағы арқылы ертегідегі негізгі ой анықтатылады. Қалған ертегілердің аты мен негізгі ойын осылай анықтатыңыз.
2. «Мен де салқындайын, су ішейін» сөйлемі қай ертегіге тиесілі екені таптырып, дәптерге жазғызыңыз.


Оқулық

https://www. Google.kz

детские сюжетные картинки




2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну.


1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.


(МК; Ө; Қ) Мағынасы қарама-қарсы сөздерді ажырата алу, қолдану білігін бағалау.


3. Суреттің көмегімен мағынасы қарама-қарсы сөздерді тапқызып, берілген сөйлемді жаздырыңыз. «Суреттен мағынасы қарама-қарсы сөздерді тап?» тапсырмасы бойынша іздену жұмысын беріңіз.

Суретте берілген «қант» және «бұрыш»-тың көмегімен «тәтті», «ащы» сөздерін таптырыңыз.

Дәптерге «Қант тәтті, ал бұрыш ащы» сөйлемін жазғызыңыз.


Оқулық

https://www. Google.kz

детские сюжетные картинки




3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.


(МК; Ө; Қ) Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қою білігін бағалау.

Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қою. Оқушылардың әріптер мен сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз.

Сөздерді оқытып, дыбыстық талдау жасатып, берілген сызбаларды тиісті түстермен боятыңыз.





Дәптермен жұмыс



«Сауат ашу» пәні. 1-сынып

5-бөлім. Саяхат

Осыған дейін меңгерілген білім

5-бөлім алдыңғы бөлімдерден алынған білім мен дағдыларға негізделеді. Оқушылардың дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктері бар; сызба-үлгілерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасай алады; дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алады; сөздерді буынға бөлу дағдылары қалыптасқан; өтілген дыбыстар мен әріптерді оқу және жазу машықтары бар.

Контекст (мәнмәтiн)

Бесінші бөлім оқушының табиғат, саяхат туралы әңгімелеуіне мүмкіндік береді. Саяхат туралы фильм көру, шығармалармен танысу арқылы әр түрлі тақырыптағы әңгімені жоспарлайды және жазады. Мұғалім белсенді тілдік ортаның құрылуын мүмкін ететін тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым тапсырма үлгілерін қолдана алады.

Қысқаша шолу

Бұл бөлімде оқушылардың оқу әрекетіне деген қызығушылығын дамыту; фонематикалық есту-тыңдауын дамыту; тіл бірліктері (дыбыс, буын, сөз, сөйлем) туралы ұғымдары мен түсініктерін кеңейту; дыбыстық талдау-жинақтау дағдыларын жетілдіру; ң, ө, з, ж, п, б, х, һ әріптерін меңгерту, әріптердің баспа және жазба түрлерін, бас әріп пен кіші әріпті ажыратуға үйрету; әріптерді, буындарды, сөздерді, сөйлемдерді жазуда каллиграфиялық дағдыларын қалыптастыру; ауызша және жазбаша тілін дамыту арқылы сөйлеу әрекеттерін жетілдіру қарастырылады. Оқушылар ұжымда, топта, жұппен жұмыс жасауда жаңа сабаққа қатысты қойылған проблемалық сұрақтарға жауап іздейді, өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасауды үйренеді,іздену жұмыстарын жүргізеді. Саяхат туралы әңгімелердің мазмұнын айтады, жоспарлайды және олар туралы әңгіме жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет