Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова сауат ашу әдістемесі 1-бөлiм



бет10/20
Дата22.08.2017
өлшемі4,48 Mb.
#24192
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

(МК; Ө; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.




Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Жазуға сауатты жазу талабы ғана емес, көркем жазу талабы да қойылады. Көркем жазу арнайы сабақ болып өткізілмейді, сауат ашу сабақтарында жазу жұмысымен бірге жүргізіледі. Сондықтан оқушылардың көркем жазуына да көмек беріп отырыңыз.

Оқушылардың Тт әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуы қадағаланады. Бастырып жазу, генетикалық, ритмикалық әдістерді қолданылады.




Дәптермен жұмыс

2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

(МК; Ө; Қ) Сөздердің мағынасын ажырату, хормен, тізбектей, жекелей оқу білігін бағалау.



45–46-сабақтар. Менің мектепке баратын жолым. Тт дыбысы мен әрпі

1. Оқулықтағы «Оқы» белгісі тұрған сөздер мен сөйлемдерді өз бетінше буындап оқуға, жиі кездесетін сөзді тұтас оқуға, түсініп оқуға жаттықтырыңыз.

Сөздің бір дыбысы өзгерсе, мағынасы да өзеретінін оқушыларға аңғарту қажет.

Оқушыларға сөздерді хормен, тізбектей, жекелей оқытыңыз. Сөздерді буынға бөлгізіп, дыбыстық талдаулар жасатыңыз.


Оқулық

1.2 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау.



1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау.

(МК; Ұ; Ө; Қ) Мәтінді түсініп, тиісті сөздерді орнына қою ретін білу білігін бағалау.


2. «Менің мектепке баратын жолым» тақырыбына берілген сөйлем сызбаларымен жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушыларға Мерей мен Әлидің сұхбатын оқып беріп, бос торкөздерге тиісті сөздерді өздеріне тапқызып қойғызыңыз.

3. Сұхбатты оқып болған соң, оқушылардың әрқайсысына «Сенің мектепке баратын жолыңда не бар?» сұрағын қойып, жауап алыңыз.


Оқулық


1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(МК; Ө; Қ) Тыңдалған материал бойынша өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасай алу білігін бағалау.

4. Тыңдалған материал бойынша өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасай алуын ұйымдастырыңыз. Мектептен қайтар жолда үйлерде, көлік аялдамаларында кездесетін шартты белгілерге оқушылардың назарын аудартыңыз. Дәріхана, автобус аялдамасы, троллейбус аялдамасы, тоқта белгілерін есте сақтаудың үйге қайтар жолды есте сақтауға көмектесетінін айтып, басқа да белгілерді оқушылардың есіне түсіріңіз.


Оқулық

https://www. google.kz

Жол белгілері





2.9

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.




1.2.9.1

Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.




(МК; Ө; Қ) Берілген сөздерді буындап, дыбыстық талдау жасап, сурет бойынша сөйлем құрай алу білігін бағалау.


5. Оқушыларға «Тышқан ініне жету үшін нелерді кездестіреді?» ойынын ойнату арқылы тиісті сөздерді тапқызып, буынға бөлгізіп, дыбыстық талдау жасатыңыз.


Оқулық

3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.



1.3.8.1

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талаптар-ға сай жазу.




(Ө; Қ)
Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.


Дәптермен жұмыс

2.9

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.




1.2.9.1

Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.




(МК; Ө; Қ)

«Т» дыбысы мен әрпін ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалау.



47–48-сабақтар. Сыныптан тыс уақытта. Уу дыбысы мен әрпі

«У» дыбысы мен әрпін ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. «У» бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс екенін, оның әріппен таңбаланатындығын (баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп) практикалық іс-әрекет тұрғысынан танытыңыз. Оқулықтағы сюжетті суретке назар аудартып, жұмыс жүргізіңіз.



Уық сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.


Оқулық

2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

(МК; Ө; Қ) Сөздердің мағынасын ажырату, хормен, тізбектей, жекелей оқу білігін бағалау.

1. Мәтінді аудио үнтаспадан тыңдатыңыз немесе мәнерлеп оқыған кезде желдің уілдеп шығарған дыбысын, ауға түскен сөздерді логикалық екпінмен оқуға мән беріңіз. Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқу арқылы бүгінгі өтетін жаңа дыбысты, соған сәйкес жаңа сөздерді байқауына мүмкіндік жасайды. Желдің уілін оқушыларға айтқызып, қандай дыбыс естіп тұрғандарын сұраңыз. Сюжетте суретте берілген ауға ілінген сөздерді оқытыңыз.


Аудио үнтаспа Оқулық



2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.


(МК; Ө; Қ) Сөздердің мағынасын ажырату, хормен, тізбектей, жекелей оқу білігін бағалау.


2. Оқулықта берілген сөздерді буындап, тұтастай оқытыңыз.

Сөз мағынасымен жұмыс ұйымдастырады.




Оқулық

2.1

Оқу түрлерін қолдану.




1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.


(МК; Ө; Қ) Сөйлем сызбасымен шығармашылық жұмыс жасай алу білігін бағалау.


3. Тыңдалған мәтін бойынша берілген ақпаратты сурет, сызба арқылы оқушылардың өздігінен оқуына басшылық жасаңыз.

Бұл тапсырманың сабақ басында тыңдалған мәтін бойынша құрастырылғанын естеріне түсіріңіз. Мәтіндегі сөздерді сұрақ қою арқылы оқушылардың есіне түсіреді: Орал мен Арал не істеді? (Ау салды.) Не у-у-у... деп уілдей бастады? (Жел.) Олар ауды қайда салды? (Өзенге.) Олар не істеді? (Салды.) «Ау», «ауа» сөздері қайда ілініп қалды? (Ауға).

Сызба, суретпен берілген сөздерді оқушылардың ізденіп табуына және оларды өздіктерінен оқуына мүмкіндік жасаңыз.


Оқулық
http://www. balalaralemi.kz

Өлеңдер


Жұмбақтар

https://www. google.kz

детские сюжетные картинки




2.9

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.




1.2.9.1

Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.




(МК; Ө; Қ)

У-дың дауысты және дауыссыз болуын ажырата алу білігін бағалау.




4. У-дың дауысты және дауыссыз болып келуін танытыңыз.

Оқулықтағы «ойлан» тапсырмасымен берілген сөйлемдер оқытылып, «ту», ау», «науа» сөздеріндегі «у» дауысты, дауыссызға талданады.




Оқулық


3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгі-лерін қою.

(МК; Ө; Қ) Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою білігін бағалау.


Оқушылардың Уу әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.


Дәптермен жұмыс

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау.


1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

(МК; Ө; Т; Қ) Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау, ертегіні өз ойымен аяқтап, рефлексия жасай алу білігін бағалау.

49-сабақ. Сыныптан тыс уақытта. Уу дыбысы мен әрпі

Әли мен Мерейдің диалогі мен «Үш жалқау» ертегісін аудио үнтаспадан тыңдатыңыз. Ертегі жанрымен таныстырыңыз.

Оқушылардың назарын ертегідегі «ертеде» сөзіне аудартыңыз. Мектеп оқулықтарында осындай шығарма түрлері берілетінін байқатыңыз. Ертегіні топ болып ары қалай жалғастыру тапсырмасын беріңіз. Топта өз ойларымен бөлісіп, ертегіні әрі қарай жалғастыра алуларына ықпал етіңіз.

Жұмыстарын топта жариялатып, «қол белгісі» әдісі арқылы рефылексия жасатып, бағалатыңыз.




Аудио үнтаспа. Оқулық

http://www. balalaralemi.kz

Өлеңдер


Мақал-мәтелдер


1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөй-леммен білдіру

(ұнайды/


ұнамайды).


(МК; Т; Қ) Тыңдалған материал бойынша өз ойын білдіріп, дәлелдеулер, рефлексия жасау білігін бағалау.

Оқушыларға «Жалқаулардың іс-әрекеті сендерге ұнай ма? Ұнамаса, неліктен ұнамайды? Біздің арамызда жалқау оқушы бар ма?» сияқты сұрақтарға жауап алып, көзқарастарын білдіртіңіз. Өз іс-әрекеттеріне «менің сөзім» әдісі арқылы рефлексия жасауына ықпал етіңіз.

Оқулық

1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(Ұ; Қ)

Ой ұшқырлығын, иллюстрация бойынша болжай алу білігін бағалау.




3. Ребуспен жұмыс ұйымдастыры-ңыз. Оқушыларға берілген сөз сызбасының екі ребусқа да тиесілі екенін түсіндіріңіз. 4 әріптен тұратын бұл сөздің бірінші, үшініші дыбыстары дауысты, екінші, төртініші дыбыстары дауыссыз болып келеді. Бірінші ребустан «алау», екінші ребустан «анау» сөздері шығады. Суреттердің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып айтқызыңыз.


Оқулық


3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.



1.3.8.1

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талаптар-ға сай жазу.




(Ө; Қ)

Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.



Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.

Жазу дәптері бойынша жұмыс ұйымдастырыңыз.

48-беттегі 3тапсырамада шыққан сөз: алау, анау.

Осы сөздерден сөйлем құрастыртып, дәптерлеріне жазғызыңыз.

Оқушылар «Анау – алау», «Алау, лаула, алаула» сөйлемдерін құрастырып жазады.


Дәптермен жұмыс

2.9

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.




1.2.9.1

Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.




(МК; Ө; Қ) Дыбысты ажырату, тыңдаған мәтіні бойынша сурет, сөз сызбалары арқылы ақпаратты оқу білігін бағалау.


50-сабақ. Сыныптан тыс уақытта. Шш дыбысы мен әрпі

1. Мәтінді аудио үнтаспадан тыңдатыңыз немесе мәнерлеп оқу арқылы шардан шыққан дыбысқа назар аудартып, топпен іздену жұмысын ұйымдастырыңыз. Мәтіндегі «Шара», «Шора», «шар» сөздері мен «ыш» дыбысына назар аудартыңыз. «Бұл қай дыбыс?», «Ол қандай дыбыс?» сияқты сұрауларды беру арқылы жаңа дыбыс «ш»-ны байқатыңыз. Оның дауысты, дауыссыз екенін ажыратқызыңыз.

Жоғарыда тыңдаған мәтін бойынша сурет, сөз сызбаларын оқытыңыз.



Шар сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.


Аудио үнтаспа

Оқулық



2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.


(МК; Ө; Қ) Сөздердің мағынасын ажырату, хормен, тізбектей, жекелей оқу білігін бағалау.


2 – 4. Оқулықтағы «Оқы» белгісі тұрған сөздер мен сөйлемдерді өз бетінше буындап оқуға, жиі кездесетін сөзді тұтас оқуға, түсініп оқуға жаттықтырыңыз.

Мәтінді сызбаның және сөздердің көмегімен оқытыңыз.





Оқулық

1.5

Түрлі жағдаяттар-да тілдік нормаларды дұрыс қолдану.





1.1.5.1

Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу.




(МК; Ұ; Қ) Түрлі тілдік жағдаяттарда этикет сөздерді қолданып, кері байланыс жасау білігін бағалау.

5. «Шора шарларға қандай құттықтау сөздерін жазды?», «Сен Шораның орнында болсаң, қандай сөздер жазар едің?» сұрақтарына жауап алуды ұйымдастырады.

Жаңа сабақтан игерген білімдеріне өңіл күйді білдіретін «смайликтер» әдісі арқылы кері байланыс жасатыңыз. Ол үшін алдын ала дайындалған дөңгелектерді оқушыларға таратып беріңізолар сабақтан алған әсерлерін, көңіл күйлерін дөңгелекке бейнелеуі керек.




Оқулық

Смайликтер




3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

(МК; Ө; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.



Оқушылардың Шш әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

Генетикалық әдіс – жеңілден ауырға қарай біртіндеп күрделендіріп үйрету.




Дәптермен жұмыс

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөй-леммен білдіру

(ұнайды/


ұнамайды).


(МК; Ұ; Т; Қ) Тыңдалған материал бойынша өз ойын білдіріп, дәлелдеулер жасай алу білігін бағалау.

51-сабақ. Сыныптан тыс уақытта. Шш дыбысы мен әрпі

1. «Сызғыш неге жылады?» мысалын оқып беріңіз. Соңғы азат жолда сызғыштың жылау себебі сызбалармен (сөзсіз) толықтырылып берілген. Әр оқушы: «Мен қалай жыламайын, Самат мені қаламмен шимайлады, – деп сызғыш қайтадан жылай бастады» деген сөйлемдерді сызбаның көмегімен «оқиды». Оқушылардың сөздерді тауып, құраған сөйлемдері әртүрлі болып шығуы мүмкін. Бұл жердегі негізі нәрсе – әр оқушының өзіндік пікірімен санасып, Саматтың қылығына баға беруге үйрету.

Оқушыларға саматтың қылығына баға бергізіңіз.




Аудио үнтаспа Оқулық

http://www. balalaralemi.kz

Өлеңдер


Мақал-мәтелдер

https://www. google.kz

детские сюжетные картинки




1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(Ұ; Ө; Қ)

Ой ұшқырлығын, болжай алу білігін бағалау.




2. «Артығын тап» ойынын ойнатыңыз. Ойынның шартын түсіндіріңіз. Суреттерге назар аудартып, бұл заттарды бір сөзбен не деуге болатынын айтқызыңыз. Одан кейін олардың ішінен артық затты (дәптер, өйткені сөз құрамында «ш» жоқ) табуына ықпал етіңіз. Себебін анықтатып, дәлелдеулер жасатыңыз.



Оқулық

2.1

Оқу түрлерін қолдану.




1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.


(МК; Ө; Қ) Сөйлем сызбасымен шығармашылық жұмыс жасай алу білігін бағалау.


3. Оқушыларға суреттегілерді сөз сызбасына қойғызып, «Анау – шортан», «Анау – шыбын», «Анау – қайшы», «Анау – шағала», «Ол – ұшқыш», «Ол – қойшы» сөйлемдерін оқытыңыз.

Бұл сөздерге ауызша буындық-дыбыстық талдау жасатыңыз.




Оқулық

3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.



1.3.8.1

Жазу жолын, жола-ралық кеңіс-тікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызы-ғын сақтап, әріп элемент-терін калли-графиялық талаптарға сай жазу.




(Ө; Қ)

Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.



Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.

Ш дыбысы мен әрпі кездесетін сөздерді сызбаға жазғызыңыз.

Дәптермен жұмыс

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау.


1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

(МК; Ө; Қ) Мәтінді түсіну білігін бағалау.

52-сабақ. Сыныптан тыс уақытта. Сс дыбысы мен әрпі

1. Мәтінді аудио үнтаспадан тыңдатыңыз немесе мәнерлеп оқу элементтерін дұрыс қолдану арқылы оқып беріңіз. Оқушылардың назарын жыланнан шыққан дыбысқа, жаңа сөздерге («Санат», «сол», «ыс») аудартыңыз. «Жылан қандай дыбыс шығарды?», «Ол қандай дыбыс?» сұрақтарын қою арқылы оқушылардың өздігінен ізденуіне мүміндік жасаңыз.


Аудио үнтаспа Оқулық


2.9

Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.




1.2.9.1

Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.




(МК; Ө; Қ)

«С» дыбысы мен әрпін ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалау.



«С» дыбысы мен әрпін ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. «С» дауыссыз дыбыс екенін, оның әріппен таңбаланатындығын (баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп) практикалық іс-әрекет тұрғысынан танытыңыз. Оқулықтағы сюжетті суретке назар аудартып, жұмыс жүргізіңіз.

Сағат сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.


Оқулық

2.1

Оқу түрлерін қолдану.



1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

(МК; Ө; Қ) Сөздердің мағынасын ажырату, хормен, тізбектей, жекелей оқу білігін бағалау.


2 – 3. Оқулықта берілген сөздерді буындап, тұтастай оқытыңыз. Сөйлемді сызба-үлгілерге сүйеніп, толықтыртып оқытыңыз. Сөздің бір дыбысы өзгерсе де, сөз мағынасы өзгеретінін оқушыларға байқату жұмысын жүргізіңіз.

су сау сан су

асу асау сана суат

Тыңдаған мәтіні бойынша сурет, сөз сызбаларының көмегімен мәтінді «оқиды»: Санат көлге келе жатты. Сол жақтан жылан шыға келді. Ол тоқтай қалды. Жылан «ыс!» деді.




Оқулық


1.4

Оқиғаны болжау.




1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.


(Ұ; Қ)

Ой ұшқырлығын, иллюстрация бойынша болжай алу білігін бағалау.




4. Оқушыларға сөзжұмбақтың шешілу жолын түсіндіріңіз. Суреттегі заттардың атын ататып, буынға бөлдіріп, дыбыстық талдау жасатыңыз. Сс әрпінен басталатын сөздерді дөңгелектерге сәйкес, әріп санын ескеріп, орнына дәл тауып қойғызыңыз.

Оқулық

http://www. balalaralemi.kz

Өлеңдер


Жұмбақтар

3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.



1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

(МК; Ө; Қ)

Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.




Оқушылардың Сс әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.

Дәптермен жұмыс

1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау.


1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.

(МК; Ұ; Т; Қ) Мәтіннің мазмұнын оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау білігін, өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасай алуын бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет