Саяхат
|
2.9
Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.
|
1.2.9.1
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.
|
(МК; Ө; Қ)
«ң» дыбысы мен әрпін ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалау.
|
97–98-сабақтар. Орманға саяхат. ң дыбысы мен әрпі
«ң» дыбысы және әрпімен таныстырыңыз. «ң» дауыссыз екенін, оның сөздің ортасында, соңында келу үлгілерін көрсетіңіз.
«Аң» сөзінен «ң» дыбысын бөліп алып, балаларға хормен, жеке айтқызыңыз. «ң»-ның артикуляциясын көрсетіңіз. Әріптік таңбасын үйретіңіз.
Жаңғақ сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.
|
Оқулық
https://www. Google.kz
картинки
|
2.6
Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау.
|
1.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату.
|
(МК; Ұ) Мазмұндау. Өз көзқарасын білдіру. Мәтіннің жанрын анықтай алу.
Сөздерге буындық-дыбыстық талдау жасау.
|
1. Оқулықта берілген сөздер мен мәтінді буындап, тұтастай оқу, мәтіннің жанрын анықтай алу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.
«Орманда» мәтіні бойынша южетті суреттің көмегімен мәтінді мазмұндату жұмысын жүзеге асырыңыз.
«ң» дыбысы кездесетін сөздерге буындық-дыбыстық талдау жасатыңыз.
|
Оқулық
|
1.9 Сөздерді, дыбыстар-ды орфо-эпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.
|
1.1.9.2 Дыбыстардың мағына ажыратушы-лық қызметін түсіну.
|
(МК; Ө; Қ) Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну, буынға бөлу білігін бағалау.
|
2. Кестемен жұмысты ұйымдастырыңыз. Кестеден тек «ң» дыбысы бар сөздерді (саңырауқұлақ, жаңғақ, шаңғы, қоңырау, шаңсорғыш) тапқызып, дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін анықтатып, буын санын анықтауына ықпал етіңіз. «Н» мен «ң»-ды дұрыс дыбыстап, айыра білуге үйретіңіз. Дыбыстық талдау жасатыңыз.
|
Оқулық
|
3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.
|
1.3.8.1
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талаптар-ға сай жазу.
|
(МК; Ө; Қ)
Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.
|
Оқушылардың ң әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.
|
Дәптермен жұмыс
|
2.1
Оқу түрлерін қолдану.
|
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
|
(МК; Ө; Қ)
Оқу түрлерін қолдану білігін бағалау.
|
99-сабақ. Орманға саяхат.
ң дыбысы мен әрпі
1. Оқу түрлерін қолдану білігін бағалауды жүзеге асырыңыз.
Оқулықта берілген «Қоңырау» өлеңін буындап, тұтастай оқытуды жүзеге асырыңыз.
|
Оқулық
|
2.6
Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау.
|
1.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату.
|
(МК; Ө; Т; Қ) Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау, ертегініурет бойынша айту білігін бағалау.
|
2 – 3. Оқулықта берілген құмырсқа туралы ертегіні оқып беріңіз. «Бұл қай жанрға жатады?», «Оның ертегі екенін қайдан білдіңдер?» сұрақтарын қою арқылы оқушылардың ертегіні басқа жанрлардан ажырата алу машықтарын тексеріңіз. Оқушыларға ертегіні сурет бойынша жалғастырып, «Құмырсқаның достары шын достар ма?», «Адал дос қандай болады?» деген сұрақтарға жауап іздетіңізі.
Тыңдалған мәтін мазмұнын сурет бойынша айта алу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.
|
Оқулық
http://www. Balalaralemi.kz
Ертегілер
|
3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.
|
1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.
|
(МК; Ө; Қ) Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қою білігін бағалау.
|
Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою. Оқушылардың әріптер мен олар кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз.
|
Дәптермен жұмыс
|
2.9
Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.
|
1.2.9.1
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.
|
(МК; Ө; Қ)
«Ө» дыбысы мен әрпін ажырата алу, әріпті дыбыспен сәйкестендіру білігін бағалау.
|
100–101-сабақтар. Табиғатқа саяхат. Өө дыбысы мен әрпі «Ө» дыбысы және әрпімен таныстырыңыз. «Ө» дауысты дыбыс екенін, оның сөздің басында, ортасында, соңында келу үлгілерін көрсетіңіз.
Әріптік таңбасын үйретіңіз.
«Өрмекш»» сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.
|
Оқулық
https://www. Google.kz
картинки
|
2.5
Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу.
|
1.2.5.1
Мәтін иллюстрация-сы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).
|
(МК; Ө; Қ) Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу білігін бағалау.
|
1 Мерей мен Әлидің сұ. Оқулықтағы хбатын оқып беріңіз. «Табиғат дегеніміз не?» деген сұраққа балалардың не білетіндерін анықтап алыңыз. «Бізді қоршаған әлем» туралы балаларда бар білімді анықтау үшін «Өрмекші торы» немесе «Шырмауық» әдісін қолдансаңыз болады. Балалар шеңбер болып тұрады. Мұғалім қолына бір бума (дөңгелекше) тоқыма жібін алып, жіптің ұшын қолына ұстап, сұраққа жауап берген оқушының қолына жіпті бір рет орайды. Келесі жауап берген оқушы да жіптен ұстайды. Осылайша әр жауап берген оқушы қолына жіпті бір рет орайды. Шеңбер болып тұрған оқушылардың қолындағы жіп те өрмекші торы секілді шиеленісе береді. Белгіленген уақыттан кейін
(5 минут) әр оқушының қолындағы жіп орауын санау арқылы табиғат туралы қаншалықты мәлімет білетіндігін анықтайды.
|
Оқулық
|
3.10 Граммати-калық нормаларды сақтау.
|
1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және оларды қолдана білу.
|
(МК; Ө; Қ) Заттың атын білдіретін сөздерді ажырату, сұрақ қою білігін бағалау.
|
Оқулықтағы суреттермен жұмыс жүргізіңіз.
Сөздерді оқытып, буындық, дыбыстық талдаулар жасатыңыз.
Ө әрпі кездесетін сөздердің (көл, шөл) сызбасын салуға тапсырма беріңіз. Орындаған жұмысын өзара тексеріп, бағалауды ұйымдастырады.
Сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыртыңыз. Оларға сұрақтар қойғызыңыз.
Заттың атын білдіретін сөздерді ажырату, сұрақ қою білігін бағалауды жүзеге асырыңыз.
|
Оқулық
|
2.1
Оқу түрлерін қолдану.
|
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
|
(МК; Т; Қ)
Оқу түрлерін қолдана алу, кері байланыс жасау білігін бағалау.
|
2. Оқулықтағы «Оқы» белгісі тұрған сөздер мен сөйлемдерді өз бетінше буындап оқуға, жиі кездесетін сөзді тұтас оқуға, түсініп оқуға жаттықтырыңыз. Оқиға бойынша бір-бірін бағалап үйренуге басшылық жасаңыз. Топтағы қатар отырған төрт оқушы (немесе алдыңғы партадағы екі оқушы мен артқы партадағы екі бала) бір-біріне сөздерді оқып береді және оқығандарын өзара бағалайды.
Өз еркімен оқығысы келетін оқушы сыныпқа бір-бір сөзден дауыстап оқып береді. Сыныптастарының қалай оқығанын оқушылардың өздеріне «Қол белгісі» әдісі арқылы бағалатып, кері байланыс жасатыңыз.
|
Оқулық
|
3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.
|
1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.
|
(МК; Ө; Ж; Қ)
Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.
|
Оқушылардың Өө әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз.
Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.
84-беттегі қоңырау өлеңін көшіртіп жазғызыңыз.
ң дыбысы кездесетін сөздерді буынға бөлдіріп жазғызыңыз.
Қатені табу және түзету жұмыстарын жұппен жұмыс жүргізу әдісі арқылы ұйымдастырыңыз.
|
Дәптермен жұмыс
|
2.6
Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау.
|
1.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі) ажырату.
|
(МК; Ө; Ж; Қ) Мәтіннің түрлері мен жанрын, стилін анықтау, дәлелдеулер жасай алу білігін бағалау.
|
102–103-сабақтар. Табиғатқа саяхат. Өө дыбысы мен әрпі
1. Мәтін түрлері мен жанрларын, стилін ажырату тақырыбынан бұған дейін игерген білімдерін естеріне түсіріңіз. Оқулықтағы мәтінді оқу түрлерін қолдану арқылы өздеріне оқытыңыз. «Оқыған мәтін өлең бе, әлде әңгіме ме?» сұрағына жауап алып, дәлелдеулер жасатыңыз.
|
Оқулық
|
2.5
Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу.
|
1.2.5.1
Мәтін иллюс-трациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).
|
(МК; Ө; Қ) Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу білігін бағалау.
|
Мәтін желісі бойынша оқулықта берілген сұрақтарға оқушылардан жауап алуды ұйымдастырыңыз. Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу білігін бағалаңыз.
|
Оқулық
|
2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну.
|
1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.
|
(МК; Ө; Т; Қ) Мағынасы қарама-қарсы, мәндес, көп мағыналы сөздерді ажырата алу, қолдану білігін бағалау.
|
2. Жаңылтпашты жатқа айту білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Жағылтпаштағы қарамен берілген «көрші» сөзінің екі түрлі мағына білдірентігін дәлелдету жұмыстарын ұйымдастырыңыз. Дыбысталуы бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздерді суреттер арқылы немесе түсіндірме сөздіктер арқылы түсіндіріңіз. «Көрші» сөзінің мағынасын түсіндіруді алдымен балалардың өзіне жұптық жұмыс түрінде жүзеге асырыңыз. Балалар бірінің білмегенін екіншісі толықтыруы мүмкін. Сөздің мағынасын түсінбеген жағдайда суреттер немесе мысалдар келтіру арқылы түсіндіріңіз.
|
Оқулық
https://www. Google.kz
детские сюжетные картинки
|
1.4
Оқиғаны болжау.
|
1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрация-сы бойынша болжау.
|
(МК; Ө; Қ) Сурет бойынша болжап, дәлелдеулер жасау білігін бағалау.
|
3. Тапсырма мұғалімнің көмегімен орындатылады. Бірінші қатардағы суреттерге сәйкес келетін суретті екінші қатардан табу керек. Мысалы:
Жаңбыр жауса, қолшатыр керек; қар жауса, қолғап керек екенін оқушы өзі ізденіп табуы керек. Суреттердің жылдың қай мезгілiне байланысты берілгенін оқушыларға анықтатып, дәлелдеулер жасатыңыз.
|
Оқулық
|
3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.
|
1.3.8.1
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талаптар-ға сай жазу.
|
(Ө; Қ)
Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.
|
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.
|
Дәптермен жұмыс
|
2.9
Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.
|
1.2.9.1
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.
|
(МК; Ж; Ө; Қ) Дыбыстарды ажырату, сөздерді буындап, дыбыстық талдау жасап, сюжетті сурет бойынша сөйлем құрай алу білігін бағалау.
|
104–105-сабақтар. Табиғатқа саяхат. Зз дыбысы мен әрпі
Суреттердің көмегімен табиғатқа нелер жататынын анықтауға және сол суреттердің ішінде оқылатын жаңа әріп кездесетін сөзді тауып, сызбасын салу тапсырмасын орындатыңыз.
Дыбыстың айтылу ерекшелігіне қарай дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алуына мүмкіндік жасаңыз. Дыбыс артикуляциясын дұрыс қоюға үйрету үшін «Айна» ойынын ұйымдастырыңыз. Оқушылардың бірі – айна болады. Ал екіншісі сол айнаға қарап, әріпті айтады. Мысалы, айнаға (оқушыға) қарап отырып, «з» деп айтқанда тіліміз қайтеді? Дыбыс кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр. Ендеше «з қандай дыбыс?» деп дыбыстың артикуляциясын бақылай отырып, айтылу ерекшелігіне қарай дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алуына мүмкіндік жасаңыз. Әріптің тағбалануын көрсетіңіз.
Зымыран сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.
Тақырыпқа байланысты өлеңдер оқып, жұмбақтар жасырыңыз.
|
Оқулық
http://www. Balalaralemi.kz
Өлеңдер
Жұмбақтар
https://www. Google.kz
детские сюжетные картинки
|
2.1
Оқу түрлерін қолдану.
|
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
|
(МК; Ө; Қ)
Оқу түрлерін қолдана алу, кері байланыс жасау білігін бағалау.
|
1. Оқулықтағы «Оқу» белгісі тұрған сөздер мен сөйлемдерді өз бетінше буындап оқуға, жиі кездесетін сөзді тұтас оқуға, түсініп оқуға жаттықтырыңыз. Оқиға бойынша бір-бірін бағалап үйренуге басшылық жасаңыз.
Сыныптастарының қалай оқығанын оқушылардың өздеріне көңіл күйді білдіретін «Смайликтер» әдісі арқылы бағалатып, кері байланыс жасатыңыз.
|
Оқулық
Смайликтер
|
2.5
Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу.
|
1.2.5.1
Мәтін иллюс-трациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен).
|
(МК; Ө; Ж; Қ) Мәтінді суреттерді қосып оқу және сұрақтарға жауап беру, рөлге бөліп оқу білігін бағалау.
|
2. Мәтінді суреттерді қосып оқу және сұрақтарға жауап беру, рөлге бөліп оқу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Мәтінді оқуда суреттермен дұрыс байланыстырып, мәтінді өз сөзімен аяқтауына ықпал етіңіз. Қозы мен ботаның сөзін рөлмен оқытыңыз.
|
Оқулық
|
3.5
Мәтінді түрлі формада қарастыру.
|
1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызба, сурет, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/
мәтін құрастыру және жазу.
|
(МК; Ө; Т; Қ) Тақырыпқа байланысты керекті сөздер мен суреттерді қолданып ерьегі құрастыру білігін бағалау.
|
3. Оқушылардың «Ақылды ұзақ» ертегісін құрастыруына ықпал етіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіңіз. Тірек сөздерді қолдануына басшылық жасап, түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырыңыз. Сөздер: ұзақ, шөлдеді, құмыра, тұмсығы, су, тас, салды, көтерілді.
Ертегі мазмұны бойынша алдын ала дайындалған сұрақтарды қойып, жауап алыңыз. Топта отырып талқылаулар жасап, ертегі құрастыруына ықпал етіңіз. «Автор орындығы» стратегиясын қолданып, оқушыларға ертегінің мазмұнын айтқызыңыз.
|
Оқулық
|
3.11 Пунктуа-циялық нормаларды сақтау.
|
1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.
|
(МК; Ө; Қ)
Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстыру және оларды гигиеналық талаптарға сай жазу білігін бағалау.
|
Оқушылардың Зз әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалаңыз. Оқушылардың әріптерді жазу дағдыларын қалыптастыруда бастырып жазу әдісі мен генетикалық әдісті тиімді қолданыңыз.
|
Дәптермен жұмыс
Тақтамен жұмыс
|
2.1
Оқу түрлерін қолдану.
|
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
|
(МК; Ж; Қ) Өлеңді мәнерлеп, оқу түрлерін қолданып оқи алу білігін бағалау.
|
106-сабақ. Табиғатқа саяхат. Зз дыбысы мен әрпі
1. Оқулықта берілген жағылтпаштағы сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Жаңылтпашты жаттатыңыз.
|
Оқулық
|
2.1
Оқу түрлерін қолдану.
|
1.2.1.1 Сөз/сөйлем сызбасын оқу.
|
(Ж; Қ) Ой ұшқырлығын, сөз/сөйлем сызбасы
бойынша болжай алу білігін бағалау.
|
2. Сөзжұмбақ шештіріліп, шыққан сөздер дәптеріне жаздырылады: өзен, қызыл, сызғыш.
Сөздерді қатыстырып сөйлем құратыңыз. Мұғалімнің сыйы ретінде жұмбақ шештіруге, өлең оқып беруге болады.
3. Мақалды оқытыңыз. Мағынасын бір-біріне түсіндіруіне ықпал етіңіз.
|
Оқулық
http://www. balalaralemi.kz
Өлеңдер
Жұмбақтар
|
2.4 Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну.
|
1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.
|
(МК; Ж; Қ) Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді, көп мағыналы сөздердің мағынасын ажырата алу білігін бағалау.
|
4. «Ойлан, тап» ойыны бойынша мағынасы қарама-қарсы сөздерді табуға берілген тапсырманы орындатыңыз. Мысалы, түзу – қисық, таза – кір, т.б.
Сөздерді тауып буындық, дыбыстық талдау жасатыңыз. Сөйлемдер құратыңыз.
|
Оқулық
Сыныптағы кітап бұрышы
Ұялы телефон
|
3.8 Каллигра-фиялық, графикалық нормаларды сақтау.
|
1.3.8.1
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфия-лық талаптар-ға сай жазу.
|
(Ө; Қ)
Әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалау.
|
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғары және төменгі сызығын сақтау және әріп элементтерін дұрыс, көркем жазу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз.
|
Дәптермен жұмыс
|
2.9
Дыбыс пен әріпті тану және ажырату.
|
1.2.9.1
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестенді-ру.
|
(МК; Ө; Қ) Дыбыстарды ажырату, сөздерді буындап, дыбыстық талдау жасап, сюжетті сурет бойынша сөйлем құрай алу білігін бағалау.
|
107–108-сабақтар. Табиғатқа саяхат. Әә дыбысы мен әрпі
«Ә» дыбысы және әрпімен таныстырыңыз. «Ә»-нің дауысты екенін, оның сөз басында, ортасында келу үлгілерін көрсетіңіз. Әріп таңбасын үйретіңіз.
Сюжетті суретте берілген «ән», «сән», «дәрі», «тәтті» сөздерін тұтастай оқытып, бұл сөздермен сөздік және буындық-дыбыстық талдау жұмыстарын жүргізіңіз.
Әтеш сөзіне дыбыстық талдау жасатыңыз.
|
Оқулық
https://www. Google.kz
картинки
|
2.1
Оқу түрлерін қолдану.
|
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесе-тін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
|
(МК; Ж; Қ)
Оқу түрлерін қолдана алу білігін бағалау.
|
1. Оқулықта берілген сөздерді буындап, тұтастай оқу білігін бағалауды ұйымдастырыңыз. Сөздерді хормен, тізбектеп, жеке оқытыңыз.
|
Оқулық
|