Шиыр (Жамб., Шу) егістік арасындағы айдалмай, жыртылмай қалған жер [Диалектологиялық сөздік, 728- б.].
Тоқмейілсіп қалма (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 146 б).
Тоқмейіл (Гур., Бақс.) мықты [Диалектологиялық сөздік, 640-б].
Кенет, әмірші алдындағы ақ шағылдың үстіне шаншылып шыға келген бір жіңішке сырықты көзі шалды (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 148 б).
Сырық(Қ.орда, Арал, Қарм.;Гур.;Маңғ.,Алм.;) бақан [Диалектологиялық сөздік, 640-б].
Көк масаты көйлек киген әлдебір арудың алыстан арып-ашып келе жатқан жарына сағына қол бұлғап, көкке көтерген білегіндей жұп-жұмыр, сымбатты мұнара жақындаған сайын жалт-жұлт ойнап жарқырай түсті(Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 149 б).
Масаты (ҚХР) бастау, тұма [Диалектологиялық сөздік,504 -б].
Атқа жеккен, өгізге жеккен, жаяу сүйреткен көп соқа енді-енді бозқылшықтана бастаған тақтай тегістіктің сауырын таспадай тіліп, жеңіспен оралған сапардың салтанатты шеруіне тұрды (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 149 б).