Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романындағы диалект сөздердің қолданысы: Бес күн бойы қарсы алдынан тандырдың деміндей бет шарпыған қызыл жел ұрған да тұрған (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 142 б).
Тандыр (Орал, Орда) қарынға салып, жерге көміп, үстіне от жағып пісрген ет [Диалектологиялық сөздік, 621- б.].
Әлдеқандай долы дүлей қара жерді тас – талқанын шығарып, күл қып уатып, сосын бір айлапат табаққа салып ап, елеп, кебегін желпіп ұшырып жатқандай, жер мен көк түгел шаңға айналып кеткенді (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 142 б).