Көнтек (Алматы) қойдың терісіне түсетін қотыр [Диалектологиялық сөздік, 364- бет].
Кешке абажадай кең бөлмеге самсай маздаған самала шырақтар жарығында өзінің мынау ұлан – асыр жарық жалғанда жалғыз екенін ойлап елегізеді(Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. –176 б).
Абажа (Гур., Маңғ.) үлкен. [Диалектологиялық сөздік, 19- бет]
Сырласып, құса таратуға кіретін сырдесте бәйбішесі емес, уыздай жап – жас бейтаныс бойжеткен (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 176 б).
Сырдесте (Гур.,Маңғ.;Орал,Қара) сыр мінезді, таныс [Диалектологиялық сөздік, 608- бет].
Бекерден – бекерге жарадар болған баланың қос алақаны шымырлап барады (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 180 б).
Жарадар (Алм., Жам.; Қ.Орда.: Сыр., Жал., Қарм., Шиелі) жаралы [Диалектологиялық сөздік, 267- бет]
Сонда, кіші әйелінің көкірегіне жол тауып, күндіз есінен, түнде түсінен шықпастай боп жайлап алған жымысқы еркек кім болғаны (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 183 б).
Жымысқы (Түркм.: Красн., Ашхл, Таш.) ұсақ ұры [Диалектологиялық сөздік, 306- б.].
Аспандай қараған асқақ мұнараның өне бойы толы махаббат табы емес пе еді (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 184 б).
Достарыңызбен бөлісу: |