Лықыту (Қ.орда, Арал) бірден [Диалектологиялық сөздік, 495 - бет].
Қолдарына сырлы ағаш тегене ұстаған бір топ жігіт шықты (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 190 б).
Тегене (Рес., Омбы) табақтың бір түрі [Диалектологиялық сөздік, 632- бет].
Төбелдіріктің төбесіне үкі қондырылған (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 192 б).
Төбелдірік (Қост.,Жанг.) мәтке, белағаш, арқалық [Диалектологиялық сөздік, 645- бет].
Дарбазадан аттамай жатып (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 195 б).
Дарбаза (Шымк.,Түркіс.) қақпа [Диалектологиялық сөздік, 213- бет].
Кесек дарбазалардың ішіндегі сықсима оттардың бәрі өшкен (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 196 б).
Сықсима (Көкш.,Щуч.,Еңб.,Қ.орда:Сыр.,Жал) лампасыз май шам [Диалектологиялық сөздік, 605- бет].
Жас келін мен күйеуді оңаша қалдырып шығып кеткен сақа келіншіктер есік, терезеден тың тыңдайды (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 198 б).
Достарыңызбен бөлісу: |