Ноқат (Шымк.,Сайр.,Жамб.,) бұршақтан үлкенірек сарғылт түсті өсімдік [Диалектологиялық сөздік, 535- бет].
Ту сыртындағы көк сида мұнара қақ төбесінен шаншыла құлап келе жатқандай, басын көтермейді (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 187 б).
Сида (Гур.,Маңғ.) жазы көктеу үшін қолдан жасалған ағаш не темір ине [Диалектологиялық сөздік, 587- бет].
Енді қызметшілер үшеу-төртеулеп қолдасып сыртын алтынның буымен шайған төрт құлақ талыс табақтарды лықа толтырып ет әкелді (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 189 б).
Достарыңызбен бөлісу: |