Ашамай (Семей,Абай) жауыр түйеге арнап жасалған ер сияқты ағаш [Диалектологиялық сөздік, 97-б].
Шарапқа аямай тойып алған сыптығыр қараның ұзын мойыны едірең мұрттының зіл жұдырығына төтеп бере алмай , көк есектің мойынына таққан қоңыраудай әрлі-берлі бұлғаңдай береді (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 159 б).
Сыптығыр (МХР) арықша, ашаң [Диалектологиялық сөздік, 606-б].
Тағзым еткен күйі жұп-жұмыр бөксесіне сарғыш шытыра көйлектің етегін бүлк-бүлк тепкілетіп, тек әйел ғана ойлап таба алатын бір әдемі әзәзіл жүріспен есікке жылысты(Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 163 б).
Шытыра (Көкш., Қ.ту, Жез.) кимешектің айналасына қадайтын күміс [Диалектологиялық сөздік, 758-б].
Әлгі бір жан-жақтан дікеңдеп қоя берген көп оспадар сауалдар да табан астында жым болып, әлдеқайда жым-жылас жоғалып кеткендей (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 166 б).
Оспадар (Көкш., Щуч.) сотқар адам [Диалектологиялық сөздік, 541-б].
Тұла бойы тұңғышының сол қылығы есіне түскенде бұның асқар таудай көңілі күрт жығылып, бір түрлі шөжіп қалады (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 166 б).
Достарыңызбен бөлісу: |