Табы (Жамб., Шу.) сыз, ызғар [Диалектологиялық сөздік, 613- бет].
Жаңа бір жол тауып ап, адымы енді жазыла бастаған ойы кенет ұшпа құзға қайта кеп тірелгендей, әлгі бір «махаббат» деген сөзге ілініп тұрды да қалды (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 184 б).
Ұшпа (Гур.,Маңғ.) таудың ең биік жері, шың, құз [Диалектологиялық сөздік, 666- бет].
Әмірші ойда жоқта тауып алған мынандай оқыс жаңалығына, манадан бері жанын жегідей жеп отырған әлеке сауалдың ындыны тап бұлай оңай бітелгеніне қуанарын да, қынжыларын да біле алмады (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 184 б).
Әлеке (ҚХР) тазының ең жүйрік, ұшқыр түрі[Диалектологиялық сөздік, 112- бет].
Қарсы алдындағы хауыз да, ондағы шып-шып шығып жатқан су да сол күйінде қатып-қатып қалған көгіс тозаң, ошақ орнындағы үйінді күл сияқты (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 185 б).
Көгіс (Қ.орда,Арал,Ақт.,Ойыл,Гур.Маңғ.) көкшіл, көгілдір [Диалектологиялық сөздік, 356- бет].
Сонау көк домалақ күмбездің төбесінде жыбырлап жүрген кішкене ноқаттардың аузынан шыққан осы сөз мұнараның ұшар басында тұрған мұның құлағына ап-анық естіледі (Кекілбаев Ә. Ханша-Дария хикаясы. Алматы: Атамұра, 2003. – 186 б).
Достарыңызбен бөлісу: |