C) ошақты пневмонияға
D) милиарлы туберкулезге
E) инфильтративті туберкулезге
232. 36 жастағы науқасты 4 күн бойы аздаған мөлшердегі қақырық, жөтел, дене қызуының 38 оС көтерілуі, әлсіздік мазалайды. Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде біртекті емес ошақты көлеңке. Сіздің болжам диагнозыңыз:
A) өкпе рагі
B) жедел бронхит
C) ошақты пневмония
D) крупозды пневмония
E) Өкпенің ошақты туберкулезі.
233. Профилактикалық тексеруде науқас 4-5 жыл бойы таңертеңгі уақытта мазалаған шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Өкпеде қатаң тыныс, бірен-саран құрғақ сырылдар. Болжам диагноз:
A) жедел бронхит
B) бронхоэктазды ауру
C) созылмалы іріңді бронхит
D) созылмалы катаральды бронхит
E) созылмалы обструктивті бронхит
234. 37 жастағы З. атты науқас 2 жылдан бері бронхиальді демікпемен ауырады. Демікпе ұстамасы гормонға тәуелді, беротекпен басылады. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 66%. Қарап тексергенде тыныштықта ентікпе, аускультацияда өкпенің барлық аймағында естілетін ысқырықты құрғақ сырылдар. Төменде келтірілген тәсілдерінің қайсысы тиімді?
A) теофиллин per os
B) эуфиллин 2,4% 10 мл к/т
C) вентолин небулайзер арқылы
D) преднизолон 30-60 мг к/т
E) беротекпен ингаляцияны жалғастыру
235. 28 жасар спортпен белсенді шұғылданатын ер адам жаттығудың соңында пайда болып, тыныштық жағдайында жоғалатын ұстама түріндегі жөтел мен ентігу шағымдарымен қаралды. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі тиімді?
A) бронхоскопия
B) пневмотахометрия
C) сальбутамол
D) физикалық күштемемен сынама
E) провокациялық ингаляциялық сынама
236. 63 жастағы ӨСОА-мен ауыратын науқаста аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, бөлінетін зәр көлемінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастрий аймағындағы пульсация, өкпе артериясында ІІ үннің акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. Науқастың ЭКГ-да анықталатын белгісі:
A) қарыншаішілік бөгемелер
B) солжақ қарынша гипертрофиясы
C) солжақ жүрекше гипертрофиясы
Достарыңызбен бөлісу: |