Е. С. Адаева прозалық МӘтінді



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата23.12.2023
өлшемі7,16 Mb.
#198794
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
КОРКЕМ ШЫГАРМА

АЛҒЫ СӨЗ
Прозалық мәтінді талдау мен талқылау – әдебиеттану 
ғылымында қай уақытта да өте маңызды, теориялық мәні мол 
мәселе екені белгілі. Прозалық мәтінді талқылаудың басты 
дәйек темелері мен ұстанымдары, әдіс-тәсілдері сияқты маңызды 
жайттар қазақ әдебиеттануында қай кезеңде де арнайы зерттеуді 
талап етеді. 
Мәтінді талдау үшін алдын ала дайындық жасаудың 
қалыптасқан қағидалары бар. Әдебиетші алдымен мәтінді 
оқу, түсіну, талдау, бағалау сияқты әдебиеттану талаптарына 
сәйкес талдау-тексеру жүргізеді. Мәтінді алдын ала талдаудың 
лингвис тикалық тұрғыда болуын жақтайтындар да көп. Бұндай 
тенденциялар әдебиеттануда «Көркем мәтінді филологиялық 
талдау» атты жаңа пәннің қажеттілігін көрсетеді. 
Прозалық мәтіндерді талқылау тәсілдері жекелеген мон-
графиялар мен оқу құралдарында жиі сөз болып жүр. Бұл 
еңбектерде прозалық шығармаларды талдаудың біраз қырлары 
айқындалып, байыпты тұжырымдар айтылған. Дегенмен, көркем 
прозаны талдаудың ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдері жүйелі 
түрде жан-жақты қарастырылып, сыр-сипаты әлі тұтас күйінде 
толық ашылмағаны белгілі. 
Прозалық жанр – ерекше күрделі жанр. Бұл жанрдың 
мазмұндық, құрылымдық белгілерімен қатар, өзіндік стильдік 
даралығы, поэтикалық ерекшеліктері сияқты алуан түрлі 
мәселелері, көркем әдебиет тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар. 
Біріншіден, көркем шығармаларда қолданылмайтын сөздер мен 
сөз тіркестері, фразеологизмдер некен-саяқ. Екіншіден, қай 
жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-
қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни 
ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылыми және 
ресми стильдердің элементтері әртүрлі деңгейде ұшырасып 


4
отырады. Үшіншіден, прозалық шығармалардың басты міндеті 
– эстетикалық тәрбие беретіндігінде, яғни көркем шығармада 
сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі маңызды мәнге ие. 
Бұл сараланғандар көркем әдебиет стилінің белгілері. 
Эмоционалды-экспрессивті бейнелеу құралдары – прозалық 
мәтін түрлерінің қажетті бөліктері. Олар мәтіннің эстетикалық 
құндылығын арттырумен бірге, көркемдік ықпалын күшейтеді, 
сондай-ақ автор алдына қойған негізгі стилистикалық мақсаттың 
жүзеге асырылуына қызмет етеді. Зерттеуші, сыншы өз 
талдауында көркем мәтіннің барлық ерекшеліктерін, бейнелеу 
элементтерін, көркемдік-идеялық құндылықтарын дәл де айқын 
тани білуі қажет. Сондай-ақ әркез шығарманың рухын, образдық 
жүйесін, стильдік даралығын көрсетуі басты парыз. 
Бүгінгі таңда барлық қазақ ақын-жазушыларының шы ғар-
маларын тану, талқылау, талдау қажет. Осы орайда әдебиет тану-
шының теориялық-танымдық тұғыры мықты болуы шарт. Ол 
үшін жоғарғы оқу орындарының әдебиеттанушы мамандығында 
білім алып жүрген жас ұрпаққа табиғи талантпен қоса прозалық 
мәтіндерді талдаудың теориясы мен тәжірибесіне арналған 
дүниелер аса қажет. Осындай мәселелерді ескере отырып, біз осы 
оқу құралын ұсынып отырмыз. Ғылыми тұжырымға және талдап, 
сараптауға негіз болған әдебиетімізде төл шығармаларымен 
қаламгерлік талант-шеберлігін дәлелдеген, қазақ әдебиетінің 
дамуына үлес қосқан көрнекті жазушы Б.Соқпақбаевтың проза-
лық шығармалары. 
Ұсынылып отырған оқу құралының мақсаты – әдебиеттану-
дағы прозалық мәтіннің жалпы ерекшеліктерін саралау арқылы 
оның біртұтас көркемдік категория ретіндегі өзіндік табиғатын, 
мағынасын ашу, көркемдік сипатын айқындап көрсету. Оқу 
құралында мәтінді әмбебаптық тұрғыда танудың алғышарттары 
зерделенеді. Мәтіндегі тілдік белгілердің көркемдік қызметі 
көрсетіліп, ондағы эстетикалық ақпараттарды бейнелеу құрал-
дарының ерекшеліктері сөз болады. Мәтіннің өмір сүруінің ком-
муникативті-прагматикалық шарттары түсіндіріліп, прозалық 
мәтінді түсініп-қабылдаудың жаңа аспектілері, қабылдаушының 
зерделеу тәсілі де қарастырылады. 
Әрине, бұл оқу құралында прозалық мәтіндерді талдау мен 


талқылауға қатысты барлық мәселелерді қамтып шықтық дей 
алмаймыз. Осыған байланысты әр тақырыпты кеңейтіп жекелеген 
зерттеу етіп жазатындар табылар. Ең бастысы, көркем мәтінді 
алдын ала талдау мен талқылауға қатысты біраз мәселелер 
қозғалды. 
Оқу құралы «Мәтін теориясы», «Әдебиеттануға кіріспе» 
пәндеріне және осы бағыттағы таңдаулы курстар жүргізуде 
пайдаланылады. 


6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет