Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидалары


-параграф. Карантин кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру



бет5/15
Дата01.11.2022
өлшемі95,55 Kb.
#156041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
spravka o ne trud

5-параграф. Карантин кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру

70. Инфекциялық аурумен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болған немесе бактерия тасушылық салдарынан уақытша жұмыстан шеттетілген адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аумақтық департаментінің эпидемиолог дәрігерінің ұсынысы бойынша медициналық ұйымның медицина қызметкері (учаскелік дәрігер) береді.


Бұл жағдайларда инфекциялық ауруды бастан өткерген және олармен қарым-қатынаста болған адамдарды жұмыстан шеттету ұзақтығы адамдарды оқшаулау мерзімімен анықталады.
Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайға байланысты үй немесе стационарлық карантинде болған кезеңде адам жұмыс берушімен тараптардың өзара келісімі бойынша Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша берілген, медициналық бақылауда болуын куәландыратын құжат ретінде анықтама негізінде қашықтықтан жұмысты жүзеге асыра алады. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы мұндай жағдайда берілмейді.
71. Карантин кезінде мектепке дейінгі білім мекемесіне баратын жеті жасқа дейінгі балаға күтімі жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын аумақтық санитариялық эпидемиологиялық қадағалау органының эпидемиолог дәрігері ұсынымының негізінде карантиннің бүкіл кезеңінде жұмыс істейтін немесе оқитын отбасы мүшесінің біреуіне беріледі.
72. Қоғамдық тамақтану, сумен қамтамасыз ету ұйымдарында, медициналық ұйымдарда, балалар мекемелерінде жұмыс істейтін адамдарға оларда гельминтоз болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы дегельминтизациялаудың бүкіл кезеңіне беріледі.


6-параграф. Ортопедиялық протездеу кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру

73. Ортопедиялық протездеу кезінде еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтамасы адамды тек протездік-ортопедтік орталықтың стационарына емдеуге жатқызу кезінде, науқасты стационардан шығару кезінде стационарда болған бүкіл уақыты мен емделу орнына келу және қайту уақытына, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ғана стационардың медицина қызметкері медициналық басшысымен бірлесе отырып, береді.


Амбулаториялық-емханалық жағдайларда протезделуші адамдарға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет