Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидалары


-параграф. Жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру



бет4/15
Дата01.11.2022
өлшемі95,55 Kb.
#156041
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
spravka o ne trud

3-параграф. Жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру

57. Жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру тәртібі:


1) жүктілік пен босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда - жүктіліктің отызыншы аптасынан бастап ұзақтығы күнтізбелік жүз жиырма алты күнге қалыпты босанған жағдайда (босанғанға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күн) ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер береді.
Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы қалыпты босанған жағдайда жиырма жеті аптадан бастап ұзақтығы күнтізбелік жүз жетпіс күнге беріледі қалыпты босанған жағдайда (босанғанға дейін күнтізбелік тоқсан бір күн және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күн);
2) Қазақстан Республикасының шегінде уақытша тұрақты тұрғылықты мекенжайынан кеткен әйелдерге жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы босанған медициналық ұйымдарда немесе Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес босандыру ұйымдарының үзінді көшірмесіне (алмастыру картасына) сәйкес бақыланған орны бойынша әйелдер консультацияларында беріледі (ұзартылады).
Тұрақты мекенжайынан Қазақстан Республикасынан тыс уақытша кеткен әйелдерге, олар жүктілігі мен босануы бойынша демалысы кезінде жүгінген кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы бекітілген орны бойынша медициналық ұйымда ДКК қорытындысы бойынша, баланың (балалардың) медициналық ұйымда туылған фактісін растайтын құжатты және баланың туу туралы куәлігін көрсеткен кезде беріледі (ұзартылады). Ұсынылатын құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуы және келген елінде немесе Қазақстан Республикасында бекітілуі тиіс;
3) асқынған босану, екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы босандыру денсаулық сақтау ұйымдарының шығару парағына сәйкес бақыланатын жері бойынша медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, дәрігер береді, қосымша күнтізбелік он төрт күнге ұзартады. Мұндай жағдайда босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстардың жалпы ұзақтығы күнтізбелік жүз қырық күнді құрайды (босанғанға дейін күнтізбелік жетпіс күн және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс күн).
Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге, асқынған босану, екі және одан да көп бала туған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы қосымша күнтізбелік он төрт күнге ұзартылады, босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстардың жалпы ұзақтығы күнтізбелік жүз сексен төрт күнді құрайды (босанғанға дейін күнтізбелік тоқсан бір күн және босанғаннан кейін күнтізбелік тоқсан үш күн).
4) жиырма екі аптадан бастап жиырма тоғыз аптаға дейінгі жүктілік мерзімі кезінде босанған және дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туған және ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша күнтізбелік жетпіс күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы беріледі.
Жиырма екі аптадан бастап жиырма тоғыз аптаға дейінгі жүктілік мерзімі кезінде босанған және өлі бала туған немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туған және ол жеті тәулікке дейін қайтыс болған жағдайда әйелге босану фактісі бойынша күнтізбелік елу алты күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы беріледі;
5) ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жиырма екі аптадан бастап жиырма тоғыз аптаға дейінгі жүктілік мерзімі кезінде босанған, дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туған, ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда әйелге тоқсан үш күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы беріледі.
Ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдер үшін жиырма екі аптадан бастап жиырма тоғыз аптаға дейінгі жүктілік мерзімі кезінде босанған және өлі бала туған немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туған, ол жеті тәулікке дейін қайтыс болған жағдайда әйелге босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күнге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы беріледі;
6) әйел жүктілік кезеңінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағына жүгінген кезде жүктілігі мен босануы бойынша демалыс жиынтықта есептеледі және ол босанғанға дейін іс жүзінде пайдаланылған күндердің санына қарамастан толықтай беріледі.
Әйелдер босанғаннан кейінгі кезеңде еңбекке уақытша жарамсыздық парағына жүгінген кезде босанғаннан кейін осы тармақта көзделген ұзақтықта ғана демалыс ұсынылады;
7) әйел төленетін жыл сайынғы еңбек демалысында немесе үш жасқа толғанша балаға күтім жасау бойынша жалақысы сақталмайтын демалыста болған кезеңде жүктілік басталған кезде енбекке уақытша жарамсыздық парағы осы тармақтың 6) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктілігі мен босануы бойынша демалыстың бүкіл күндеріне беріледі;
8) босанған кезде немесе босанғаннан кейінгі кезеңде анасы қайтыс болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы нәрестеге күтім жасауды жүзеге асыратын адамға беріледі;
9) жүктіліктің жасанды үзу операциясы кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын операция жүргізілген стационарда және амбулаториялық-емханалық деңгейде болған кезде дәрігер бөлімше меңгерушісімен бірлесіп береді, ал асқынулар болған жағдайда - еңбекке уақытша жарамсыздығының бүкіл кезеңіне береді.
Түсік өздігінен түскен (түсік тастағанда) жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы еңбекке жарамсыздықтың бүкіл кезеңіне беріледі;
10) эмбрионды ауыстырып қондыру операциясын жүргізген кезде операция жасаған медициналық ұйым эмбрионды ауыстырып қондырған күнінен бастап жүктілікті белгілеу фактісіне дейін еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын береді.
58. Жүкті әйелдерге, бала (балалар) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) еңбекке уақытша жарамсыздық парағы екі данада беріледі:
1) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді жүзеге асыру үшін;
2) жүктілігі және босануы бойынша демалыс, жұмыс орны бойынша жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс беру үшін беріледі.

4-параграф. Науқас балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру


59. Науқас балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын медицина қызметкері тікелей күтім жасауды жүзеге асыратын баланың заңды өкілдерінің немесе жақын туыстарының біреуіне береді.


60. Науқас балаға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы ол күтім жасауды қажет еткен кезенің ішінде, бірақ күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімге беріледі және ұзартылады. Анасымен немесе баланың басқа да заңды өкілдерімен болған бала тұрғылықты мекенжайынан тыс жерде ауырып қалған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы басқа қалалық ретінде (медициналық ұйым басшысының қолы қойылып) беріледі.
61. ДКК қорытындысы бойынша күтімді қажет ететін баланы стационарлық, оның ішінде оңалту орталығында емдеу кезінде күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы ата-ананың біреуіне немесе балаға күтім жасайтын адамға:
1) үш жасқа дейін баланың стационарда болған бүкіл кезеңінде;
2) үш жастан жоғары ауыр науқас балалардың бала осындай күтімді қажет ететін мерзімге;
3) мүгедек-баланың ДКК қорытындысы бойынша стационарда болған бүкіл кещеңіне;
4) медициналық ұйымның жолдамасымен олардың тұрақты мекенжайынан тыс, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге, барып-қайту жолақысын қоса алғанда, стационарда болған бүкіл кезеңіне беріледі.
62. Егер бала стационардан шығарылғаннан кейін күтім жасауды қажет етсе, ал емдеуге жатқызғанға дейін күтім жасау үшін жұмыстан босату жүргізілмесе, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық ұйым күнтізбелік он күнге дейінгі кезеңге береді. Егер стационарға жатқызғанға дейін бұл ауру бойынша еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтамасы берілген болса, ол қалған күндерге де (он күнге дейін) беріледі.
63. Күтім жасау бойынша босатылған кезеңде балада бұрынғы ауруға қатысы жоқ басқа ауру туындаған жағдайда анасына (әкесіне немесе отбасының басқа бір мүшесіне) басқа еңбекке уақытша жарамсыздық парағы және анықтамасы беріледі.
64. Егер бала Қазақстан Республикасынан тыс жерге жіберілсе, ол қайтып келген кезде басқа елдегі консультация (емдеу) туралы құжаттардың негізінде ДКК еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын түпкілікті ресімдеуді жүргізеді.
65. Бір мезгілде екі және одан да көп бала ауырған жағдайда оларға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағының немесе анықтамасының біреуі беріледі.
66. Бала анасының (әкесінің) жұмыстан босауын (жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы, жүктілігі және босануы бойынша демалыс, еңбекақысы сақталмайтын демалыс, демалыс немесе мереке күндері, сондай-ақ балада бұрынғы ауруына байланысты емес басқа ауру туындаған жағдайда) қажет етпейтін кезеңде ауырған кезде күтім жасау бойынша уақытша жұмысқа жарамсыздық парағы баланың сырқаттануы басталған күні есепке алынбай, ата-анасының жұмысқа кірісуі тиіс күнінен бастап беріледі.
67. Анасы (әкесі) балаға күтім жасауды жүзеге асыра алмай ауырып қалған жағдайда, еңбекке уақытша жарамсыздық парағын анасы (әкесі) ауырған кезде балаға күтім жасауды нақты жүзеге асыратын отбасы мүшесінің біреуіне олардың емделген жеріндегі медициналық ұйым береді.
68. Науқас балаға күтім жасау бойынша демалыста жүрген, толық емес жұмыс күні шартында немесе үйде жұмыс істейтін адам еңбекке уақытша жарамсыз болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі.
69. Ремиссия кезеңінде созылмалы науқас балаларға күтім жасау бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы берілмейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет