Ұсынылатын әдебиеттер :
1 нег. [4-8;70-81;94-98;128-129;159-166;];
4 нег. [2-8;17-24;];
5 нег. [3-7; 10-16;].
Бақылау сұрақтары:
Гидравлика, гидрология және гидрометрия пәндері нені зерттейді ?
Темір және автомобиль жолдарына көпір және тоннель салу жұмыстарындағы гидравлика және гидрология пәнінің маңызы не?
Сұйықтық деген не және оның физикалық қасиеттерін атаңыз.
Сұйықтықтың ішінде әсер ететін қандай күштерді білесіз?
Гидравлика, гидрология және гидрометрия пәндері.
2-дәрістің тақырыбы. Гидростатика
Гидростатика гидравликаның бір саласы және ол сұйықтықтың тепе-тендік заңдылығын зерттеп, оны қатты заттармен, газбен қарым-қатынасын қарастырады. Hudor- су, Statas-тыныштық.
Тыныш жатқан сұйықтықтың ішінен 0 нүктесін белгілеп сол нүкте арқылы АВ жазықтығын жүргісек сұйықтықтың көлемін 2-бөлікке бөледі. Сонда осы нүкте айналасындағы F ауданы арқылы көлемдерінің бір-біріне әсер ететін Р күші өтеді.
Нүктедегі гидростатикалық қысымның 2 қасиеті бар.
1.Нүктедегі гидростатикалық қысым күш ауданы перпендикуляр болып бағытталады.
2.Тепе-тендік қалпына жатқан сұйықтықтың ішінде орналасқан нүктедегі гидростатикалық қысым барлық бағытта бірдей болады.
Сұйықтықтың тыныштық қалпындағы қысымның тарау заңын анықтау үшін салыстырмалы тыныштық қалпындағы сұйықтықтың жалпы тепе-тендік мәселелерін қараймыз. Сұйықтықтың тыныштық қалпындағы қабырғалары әртүрлі шексіз кіші фигураны алып қараймыз. Осы фигураның тепе-тендігін оған әсер ететін барлық күштердің осьтеріне түсірілген проекция қосындысы 0-ге тең деп қабылданады Ох-осьіне түсірілген барлық күштер проекциясының қосындысы келесі түрде жазылады.
1-Сурет. Гидростатикалық кысым
Бұл тендеуде сұйықтықтың жалпы тепе-тендік теңдеуі немесе Эйлердің дифференциалдық теңдеуі. Оны 1755 жылы Леонард Эйлер ашқан.
Жалпы қысымның 3-түрлі болады.
1.Атмосфералық .
2.Артық немесе мономерлік қысым.
3.Вакумметірлік қысым.
Сұйықтық ішіндегі нүктедегі толық гидростатикалық қысымның атмосфера қысымнан артық шаманы мономерлік қысым дейміз.
Паскаль заңы.
Жабық резервуарда тыныш қалпында жатқан сұйықтық бетіне әсер берген қысым сол сұйықтықтың барлық нүктесіне және бағытына біркелкі өзгеріссіз әсер береді. Сыртқы қысымның өзгеруіне сұйықтықтың бүкіл көлемін сол қалпында тарату қасиеті көп гидравликалық машинаның жұмыс істеу принципіне пайдаланылады.
Архимед заңы. Денелердің балқуы
Денелердін тепе-тендік жағдайында сұйықтықтықта жүзу шарттарын зерттегенде негізгі 2-шарт қарастырылады.
Дененің жүзгіштігі
Дененің орнықтылығы
Жүк көтерген денелердің белгілі тереңдікке шөгіп, суда жүзуін дененің жүзгіштігі деп атайды. Су бетіндегі қисайған денелердің өзінің бұрынғы тік қалпына қайтадан келу қабілеті дененің орнықтылығы деп атайды. Дененің салмағы мен көтеруші күштің шамаларын салыстырамыз.
Сұйықтыққа толығымен немесе жартылай батырылған денеге өлшеміне тең және сұйықтықтың ауырлық күш бағытына қарама-қарсы,денемен ағыстырылған итеріп шығарушы(итергіш) күш әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |