ӨТТШТ ТАРИХЫ ӨТТШТ – объективтік заңдылық дамуын зерттеу жүйесін жетілдіру мәселесін шешу ғылымы. Интеллектуалдық еңбек өнімділіктерін жоғарылату мақсатында, техникалық шығармашылық әдістер пайда болған. Олардың дамуында екі концепция айқын көрінеді. Біріншісі – техникалық даму барысында – тергеу жүйесі болып табылады. Өнерпаздардың, дара тұлғаларда болып жатқан жаңа мықты идеялар «арайландыру» болып табылады. Бұндай процесс ешқандай зерттеулермен, тираждалуға берілмейді. Екінші концепцияда жасанды жүйелер өзгерісі адамның субъективті еркіне байланысты болмайды, объективті заңға бағынады, деңгейді жоғарылату бағытында болады.
Г.С. Альтшуллер әшкерелеген заңдылықтар жаңа шығармашылық ғылымның пайда болуына, ӨТТШТ және техникалық жүйе заңдарының дамуына себеп болды. ӨТТШТ авторы Г.С. Альтшуллер.
Ол адам техникалық проблемаларды шешу әдісін жасап шығарған. ӨТТШТ-ны ұзақ қолданса, өнертапқыштардың ойлау қабілетін жетілдіреді, психологтар оны шығармашылық деп бағалайды: яғни,алғырлық, иілгіштік, диапазон, жүйелілік, біртума және т.б. ӨТТШТ негізінде бұл мүмкіншіліктер ойды дамытатын педагогикалық технологияны қамтиды.
Г.С. Альтшуллердің өмірбаяны: 1926 жылы 15 қазанда Ташкент қаласында дүниеге келіп, Баку қаласында өмір сүрген. Әзербайжан индустриялық институтын тәмамдаған. Бірінші жариялымы (Р. Шапиромен бірігіп), өнертапқыштық теориясына арналады – Г.С. Альтшуллер, Р.Б. Шапиро «Өнертапқыштық шығармашылық психологиясы». Психология сұрақтары, 1956 ж., № 6. Өнертапқыш, Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының ӨТТШТ авторы, «Шығармашыл тұлғаның өмірлік стратегиясы» іскерлік ойынын құрастырушы, шығармашылық қиялды дамытатын жүйе тәсілдері. Жазушы. 1957 жылы (Генрих Альтов псевдонимімен) ғылыми-фантастикалық шығармалар топтамасын жариялады. Вячеслав Фелицинмен бірлескен дебюттік «Зиночка» әңгімесі жарияланды. 1960 жылдың бірінші жартысында отандық жетекші фантаст-жазушысы, «Фантастикалық ой көрсеткіші» шығармасының авторы атанды. Аталмыш жазушы 1998 жылдың 24 қыркүйегінде Петрозаводск қаласында дүниеден өтті.
1987 жылы ӨТТШТ балабақшаға кездейсоқ жағдайда келді. Инженерлік- техникалық жұмысшыларға арналған кезекті семинарға қатысушылар мектепте балалармен оқу іс-әрекетін көрсетуді сұрады. Бірақ қателесіп, оларды балабақшаның мектепалды даярлық тобына әкелді. Бұл түсінбестік ӨТТШТ-ларға мектепке дейінгі әлемді ашуға көмектесті және ең маңызды проблеманы шешуге септігін тигізді. Тапқырлық тапсырмаларды шешуге қашан және неше жастан қатыстыруға болатындығы жайындағы өзекті мәселені шешу барысында бірден-бір себеп болды. Балалардың зеректік қабілеттілігі, шығармашылық қиялын, диалектикалық ойлау дағдысын дамыту мақсатында, казіргі уақытта техникалық ӨТТШТ-і әдіс-тәсілдері балабақшаларда кеңінен қолданылуда.