Әділханова жанна сайынқызы



Pdf көрінісі
бет15/17
Дата31.01.2023
өлшемі0,79 Mb.
#166958
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
annotation15841
Òà?ûðûï ¹ ?ëåóìåòòàíóëû? òåîðèÿëàðäû? äàìó êåçå?äåð³í òàëäàó. Òà, Презентация (1)
Как гений чистой красоты. 


103 
Тоғұзақовта: 
Әлі есімде көрген елес тамаша
Қарсы алдымда тұр екенсің қарасам. 
Сұлулықтың әулиесі тәрізді, 
Сағымдай боп өте шықтың жанаса. 
 
Ормановта: 
Есімде шіркін сол бір шақ: 
Алдыма жайнап келіп ең, 
Жарқ етіп шұғылаң нұрға ұқсап, 
Жүзіңнен сәуле көріп ем. 
 
Шаңғытбаевта: 
Шіркін-ай өткен со бір сәт, 
Ғайыптан маған жолықтың: 
Көрініп кеткен түске ұқсап, 
Тәңіріндей әзіз көріктің. 
Бірінші шумақтың бірінші тармағы алғашқы нұсқада – «
тамаша елес»,
кейінгі екеуінде – 
«шіркін сол бір шақ»
пен 
«шіркін-ай... со бір сәт»
алдыңғысы түпнұсқадан алшақтау тұрса, кейінгілерінде 
«чудное
мгновенье»
тіркесіндегі
«чудное»
сөзінің мән-мағынасы, күш-қуаты
жетпей тұр. Шаңғытбаев осы тармақтағы
«Я помню
» деп басталатын
өзекті ойды тастап кеткен. Осындағы 
«өткен»
сөзі – қажетсіз, бос тұр. 
Оған
«Есімде
» қосылса бір сәрі» [92,151-б.]Көркем әдебиеттегі тіл
кестесін, сөз қолданысын ғалым осылай бүге-шегесіне дейін түгендеп,
көркемдік дәрежесін анықтайды. «Весь звуковой материал человеческой
речи в художественном произведении организован, упорядочен. Эта
организация вообще бывает вторичной, то есть механически получается в
результате осуществления речи в нужных автору синтаксических
формах, в нужной ему лексике»,–деген Б.В. Томашевскийдің пікірі осыны
мегзейді [108, 86-б.]. Көркем әдебиетте сөзді қолданудан бұрын реттеп
алу қажет. Әсіресе, аудармада.Сөз кестесі, ой орамы, образдарды беру
шеберлігі әр ақында өзінше бөлек. «Ақын өзін қоршаған дүниенің
сұлулығын көркем тіл арқылы береді. Табиғат суреті туған жерді,
Отанды сүюге тәрбиелейді, Адам психологиясын ашуға, оқиға өткен
ортаны елестетуге үлкен қызмет атқарады»,– деген көрнекті ғалым Қ. 
Сыдиықұлының пікірі де осыған саяды. [109,323-б.] Мұндайда қазақтың
Абай, Махамбет бастаған ірі ақындарының, халықтық эпос пен
лирикалық дастандардың, ауыз әдебиетінің басқа да үлгілерінің көп
көмегі тиетіні шүбәсіз шындық. А.С.Пушкиннің қай өлеңін болса да
қазақшаға аудару жеңіл іс емес екені белгілі. Ол үшін шабытты 
шақтарға қоса, шығармашылық азап шегуің керек. Рухани мұраны
халық игілігіне айналдыра отырып, әдеби тілімізді дамытатынымыз,
сөздік қорымызды еселей түсетініміз хақ. С. Сейітов осы зерттеуде


104 
Пушкин мұрасын аударған қазақ ақындарының шығармаларын қатар
қойып, түпнұсқамен сөзбе сөз салыстырып, саралап шыққан. Жоғарыда
тоқталған «Пайғамбар» өлеңінен басқа осы өлеңнің жалғасы іспетті 
«Ақынға» («Поэт») деп аталатын өлеңді қазақшалаған Қ.Аманжолов,
І.Жансүгіров, Ғ.Орманов, Қ.Бекхожин аудармаларын бір-бірімен
салғастыра талдап, әр ақынның аудармасынан көркемдік кестені,
эстетикалық талғамды таразылайды.
Лирика дегеніміз – адамның ішкі әлемін, ой-сезімін анағұрлым
толық, мейлінше мол суреттеуге мүмкіншілік беретін ерекше жанр,
поэзияның шұрайлы бір саласы, түрі. Лирика халық өмірінің барша
жақтарын қамти алады, ол ұлттық характерді айқындау мен сипаттаудың
да күшті құралдарының бірі. Лириканың терминдік мағынасын саралаған
З. Ахметов : «Лириканың басты ерекшелігі – адамның көңіл-күйін, сезім
дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді. Лирикада ой мен сезім бірлесіп,
терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын терең оймен
суарылған, нәрленген жалынды сезім»,– деген анықтама берген [110,77-
б.]. Егер мұны Пушкин поэзиясымен қабыстыра айтар болсақ, 
дүниежүзілік әдебиетте өзінің ішкі дүниесін күйініш-сүйініштерін, өз
тұлғасының ірілігі мен байлығын лирикада дәл Пушкинше терең аша
білген ақын сирек шығар. Ақын лирикасы жанр жағынан әр алуан:
саяси лирика, поэзия, ақын туралы толғаныстар, көңіл-күй, табиғат
лирикасы, сәлем хат түріндегі өлең мен баллада, элегия мен романс,
ода мен романстар – поэзия жанрында қайталанбас қолтаңбасын жасап,
әр қайсысына жаңа рең, жаңа мазмұн, ажар-көрік беріп, сыңғырлаған
сұлу сөз, сиқырлы үн бітіреді. С. Сейітов ақынның осы ерекшеліктерін
көре білген. Пушкин лирикасын қазақ тіліне аудару дәстүріне айрықша
көңіл бөлу – өткен ХХ ғасырдағы кезеңдегі әдеби процестің өзінен,
оның даму барысына, көркем аударма саласына зер салу
мұқтаждығынан туған заңды құбылыс. Зерттеуші орыс классикалық
әдебиетінің шығармаларын ана тілімізде аударудың жайына байланысты
зәру мәселеге бұрылды да солардың қатарында ең алдымен Пушкин
поэзиясын бірінші кезекке қойды. Осыдан келіп, ақынның әр кездегі
айтулы лирикалық туындыларынан қазақшаланғаны мұқият
қарастырылып, аударманың ахуалы туралы зерттеу жүргізілді.Ұлы 
Абайдан бастау алған, ұлттық әдебиетіміздің жаңаша нәрленуіне жақсы
әсерін игізген, зор мәдени құбылысқа айналған көркем аударма 
мәселесін С. Сейітов терең талдап көрсетеді. Пушкин шығармаларын
аударған қазақ ақындары Б. Өтетілеуов, І. Жансүгіров, Қ. Шаңғытбаев, Қ. 
Аманжолов, Ғ. Орманов, т.б. ақындардың аудармаларындағы жеткен
жетістіктерін ғалым қазақ әдебиетінің зор табысы ретінде әділ
бағалайды. С. Сейітовтің бұл зерттеуін осы тақырыпта қалам тербеген 
қазақ ғалымдарының еңбектерімен байланыстыра отырып талдап, 
ғылыми тұрғыда саралауға ұмтылдық. Атап айтқанда, М. Әуезов, С. 
Мұқанов, Т. Жароков, К.Чуковский, М.Рыльский, И.Кашкин, С.Қирабаев, Қ. 
Жұмалиев. З.Ахметов, Т.Әлімқұлов, С.Нұрышев, Қ.Нұрмаханов, М. 


105 
С.Сильченко, М.Фетисов, т.б. көптеген ғалымдарымыздың зерттеу 
еңбектерімен салыстырылып, тиісті қорытындылар жасағанын
пайымдадық. Аударма саласында алғаш ғылыми тұжырым жасаған, оның
өрістеуіне үлес қосқан С. Сейітов зәру мәселелерге қатысты өте зерделі
зерттеу жүргізген. Пушкин шығармаларын қазақ ақындары қандай
көркемдік деңгейде жеткізе алды? Зерттеуші осы мәселені терең
талдайды. Әр ақынның аудармасын талдап қана қоймай, оның көкірек
көзбен ғана сезетін нәзік тұстарын ақындық дарынымен дәл көрсетіп
берген. Бұл да С. Сейітовтің ғалымдық қырымен қоса, ақындық
талантын жарқырата танытатын тағы бір қасиеті деп түсінген абзал.
Автор өзі өлең өлкесінің қыр-сырын жіті таныған соң, қарапайым
әдебиетшіден гөрі поэзияның терең иірімдерін бойлай түбіне дейін сүңги
тексеріп, салиқалы зерттеу жасайды. Қоршаған ортаның біз түсіне
бермейтін қыр-сырын түйсікпен ұға алатын ерекше қасиет ақындарға 
берілген Алланың сыйы. Ендеше,біз сөз етіп отырған С. Сейітов те
ақиқат шеңберінен алыстамаған деп түйдік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет