Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Орфографияны үйрету әдістемесін іріктеп және оқу үдерісіне пайдаланыңыз



бет48/89
Дата05.06.2020
өлшемі341,08 Kb.
#72382
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   89
Байланысты:
каз т емтихан жауабыы

2 3 1 Орфографияны үйрету әдістемесін іріктеп және оқу үдерісіне пайдаланыңыз.

. Орфография (грек, orfos — дұрыс, cjrapho — жазамын) - жазба тілде пайдаланылатын жазудың тарихи қалыптаскан жүйесі,біркелкі жазуды камтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зертгейтін тіл білімінің саласы. Қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы курсы барысында студентгерді қазақ орфографиясының негізгі мәселелерімен таныстыру, орфографиялық білім, білік, дағдыларын қалыптастыру мыңызды мәселе болып саналады. Орфографиялық принцип (лат. principium - негіз, бастау) - бір сөз екі түрлі не одан көп түрде жазылатын жагдайда соның біреуін таңдап алуды айқындайды. Қазақ тілінің орфографиясы үш принципке негізделеді: 1. Морфологиялық принцип 2. Фонетикалық принцип 3. Дәстүрлі (тарихи) принцип. Морфологиялық принцип сөздің морфологиялық қүрамын ескеріп, морфемалар (сөз жэне қосымша) қүрамында болатын дыбыс алмасуларын елемей, бастапқы қалпын сақтап жазу. Мысалы: жан, жамбады, жаңғанда түрде айтылатын сезформаларға ортақ түбір - жан, сондықтан: жан, жанбады, жанганда деп жазылады. Ал: жаз, жазса, жазшы, айтуда: жаз, жасса, жашшы, алайда түбір (жаз) сакхалып жазылады. Фонетикалық принцип бойынша сөз айтылуындағыдай жазылады, яғни эрбір эріп фонеманы емес, дыбысты білдіреді. Сонда: жаз, жасса, жашшы, жан, жамбады, жаңғанда түрде жазылады да, фонетикалық транскрипцияға жуыктайды. Дәстүрлі принцип сездің бір кезде жазылып қалыптасқан дэстүрге айналган түрін сактап жазу. Бұган казақ тіліндегі: хат, хабар, халық, қаһар, жаһан сияқты сәздерде х, н әріптерін пайдалануды жатқызуға болады. Дәстүрлі принцип тілдің қазіргі қалпына қайшы келуі де, келмеуі де мүмкін. Қазақ орфографиясының негізгі принципі - морфологиялық принцип. Орыс орфографиясында да солай. Орфографиялық қателермен жұмыс жүргізу орфографияны үйретудің қажетті элементі болып табылады. Оның мэні ереженІ игеру мен жаттығу орындаудан кем түспейді. Өйткені қатемен жұмыс жүргізу оқушылардың қандай материалды нашар меңгергендігін нақты көрсетеді. Оқушылардың жіберген қателерімен жүмыс жеткІлікті дәрежеде жүргізілмесе, олардың үлгерімі төмендейді. Қате жазудың басты себебінің бірі — сол материалды өтуді дұрыс жолга қоймағандықтан да болуы мүмкін. Қатені болдырмау үшін грамматикалық ережеге қайта орапу жеткіліксіз, сонымен бірге оқушылардың өздігінен орындайтын жаттығу жұмыстарына мол орын берілуі керек. Жаттыгу тек көшіріп жазу түрінде ғана болмай, оқушылар саналы әрекет ететіндей дәрежеде ұйымдастырылуы тиімді. Сөйткенде ғана қатенің себебін түсініп, болашақта ондай қате жібермейтін болады. Қазақ тілі орфографиясында оқушыларға барлық сөздердің емле ережелерінің жазылуы бірдей қиындық туғызып жүрген жоқ. Солардың ішінде жазу жұмысында қиындық келтіріп жүргендері мыналар: 1. Кейбір дауысты (ә,ө,ұ,ү,ы,і,и), дауыссыз (ф,в,ц,ч,ш,х,ь) эріптердің қолданылуы. Мысалы: данышпан (данішпан емес), әрдайым (ардайым емес), бәйтерек (байтерек емес), бөлшек (бөлшөк емес), мақүл (мақыл емес), оқу (оқыу емес), ызақор (зақор емес), қияды (қиады емес), сұйиды (сұиды емес), цифр (сипр емес), хабар (қабар емес) т.б. 2. Кейбір түбір сөздің жэне қосымшалардың жазылуы. Мысалы: қарындаш (карандаш емес), институтқа (институтке емес), жұмысшы (жүмышшы емес) т.б. 3. Сөздердің бірге, бөлек жэне дефис арқылы жазылуы. Мысалы: ат қора (атқора емес), ортан жілік (ортанжілік емес), ала қарға (алақарға емес), ала бота (алабота емес), аз-аздан (азаздан емес) т.б. 4. Шылау сөздердің жазылуы. Мысалы: бұл сөзіңіз, сірэ да естен кетпес (сірэда емес), қарағым-ау (қарағмау емес), ал, сен ше? (сенше емес), киноға билетІң бар ма (барма емес). 5. Сөздердің тасымалдануы. Мысалы: ала-қан (а-лақан емес), театр-лар (теат-рлар емес), қарт-тар (қар-ттар емес) т.б. Емле ережелерін үйретуде мүғалімнІң мынадай методикалық эдістер мен тэсілдерді жэне педагогикалық талаптарды пайдаланғаны жөн. 1. Салыстыру әдісін қолдану. а) сөздің жуан-жіңішке к&сиеттерін мағына ерекшеліктеріне қарай карама-қарсы қойып салыстыру: сан-сән, ал-эл, құн-күн, ұн-үн, нар-нәр, қүз-күз, ұш-үш, тұс-түс, ұю-үю т.б. ә) сөзге эр түрлі қосымшалар қосып, оның жуан-жіңішкелік касиеттерін түрлендіре салыстыру: күннің-құнның, үннің-үнның, түстІң-тұстың, күздік-қүздық, саншыл-сәншіл, сандық-сэндік, құны-күнІ, нардың-нэрдің. . . „ . б) эр түрлі түлғадағы сөздер мен сөз тІркестерінің айтылу жэне жазылу ерекшеліктерін оқушылардың есту, көру қабілеттеріне сэйкес, сөздерді қатар қойып салыстыру. айтылүы жазылуы 1. Құлүн, бұлдұр, өмүр, төсөк 4 түбір сөзде құлын, бүлдыр, өмір, төсек 2. Бұрұнғұ, күнгү, қашаңғы, түңгү, жұмышшы, Жампейісчтүбір сөз бен -қосымшалар арасында бұрынғы, күнгі, кашангы, жұмысшы, Жанпейіс 3. Қарагүйе, орымбасар, өгүзшағала, жарғабақ шегара, көзбе-гөз біріккен сөздер мен кос сЗздерде қаракүйе (күрт) орынбасар, өгізшағала (қүс), Іиекара, көзбе-көз 4. Торат, ағ ешкі, сарала, балалар доб лактырыб ойнаб жүр. ^өз тіокестері мен сейлем аралықтарында торы ат, ақ ешкі, сары ала, балалар доп лІкгырып ойнап жүр. в) Сөздің мағыналық жэне тұлғалық ерекшеліктерін, буын жігін сапыстырмалы эдіспен айқындау: Оның екі беті бүлк-бүлк етеді. Бүз бүлік (бү-лік) салушыларды жек көреміз. Оқушылардың эр түрлі жазу жұмысында көп қате жІберетіндерінің бІрі — шылау сөздер. Мұғалім шылау сөздердің емлесін әңгіме еткенде, ыңғайластық жалғаулыққа жататын - мен, бен, пен, да, де, та, те, - лердің емлесіне көбірек көңіл аударғаны жөн. Оқушылардың жазу жұмыстарындағы көп жіберетін қателер әсіресе осы шылаулардан кездеседі. Сондықтан та түлғалық жағынан үқсастығы бар мүндай бір тектес грамматикалық категорияларды ажырату үшін ең алдымен олардың магыналық жақтарын салыстырған жөн. Мысалы: Жатыс жалғаулы сөз: Ж алғаулық шылаулы сөз: 1. Асанда қызық кітап бар. Асан да жақсы оқиды. 2. Балықта өт жоқ. Мұнда балық та көп. 3. Үсен Қарағандыда оқиды. Қарағанды да көмірлі қала. Комектес жалғаулы сөз: Ж алгаулық шылаулы сөздер: 1. Омар Әсиямен келді. Омар мен Әсия келді. 2. Мен сенімен барамын. Мені мен сені шақырды. 2. Окушылардың сауаттылығын арттыруда бақылау-тексеру әдісінің де маңызы зор. Окушылар мұғалімнің айтқанын жэне оқулықган оқығандарын практика жүзінде өздері байқап, ездері тексеріп, өздері анализ жасап отырса, олардың алған білімдерІ әрі терең, әрі берік болатындыгы даусыз. Сондыктан да мүғалім бақылау эдісін өз тәжірибесінде кең қолданып, оқушылардың логикалық ойларын үнемі дамытуда жэне олардың оқу еңбегіне ынта-жігерін арттыруда үнемі пайдаланып отыруы керек. Бақылау жүмыстары тек сабақ үстінде ғана емес, сонымен қатар эрбір оқушының әлшамасы үйде де келетіндей етіп, үнемі творчестволық немесе орфографиялық тапсырмалар беру арқылы да еңбек эрекетіне тәрбиелеп отырган жөн. Оқушылардың өздігінен істейтін тапсырмапардың кейбіреулері мынадай болуы мүмкін: а) Ауызша әр түрлі айтылып, әр түрлі жызылып жүрген сөздердің дұрыс деген вариантын анықтап көшіру: сүйінші-шүйінші, түгелдеу-түгендеу, түпкір-түкпір, байбішебәйбіше, қадырлы-қәдірлі, үйытқы-ұйтқы т.б.э) б) Берілген сәздердің синонимдес болатындығын тауып, ол сөздерді мағынасына қарай топтап, тізімдеп жазу: мүсін, бет,шырай, рай, сұрық, бүлік, үлес, көрік, өң, жарна, күңкіл, мүлде, дана, нұсқа, сыбыс, тілек, күбір, талап, қыр, жүз. Үлгі: мүсін, бет, нүсқатағы басқалар ... в) Берілген сөздерге тапдау жасау арқылы ондағы й жэне и әріптерінің жазылу себебін түсіндіру: байитын, ұйиды, телиді, оқитын, кейитін, жібитін, қойитын, сүйитын. г) Берілген түрақты сөз тіркестерін көшіріп алып, мағыналарын үлгі бойынша қатар жазу: көз жазды, көңілі жарым адам, төбесі көкке жетті, көш жүре түзеледі, ашық жүзді, ара түсті, кілт тоқтады, кілт бүрылды. Үлгі: Түраңты тіркестер олардыц мавынсиіары 1. көз жазды адасып калды 2. көңілі жарым адам қайғылы адам Осы айтылғандардың бэрі де оқыту процесІн жандандырып, оқушылардың белсенділігін артгырады, олардьщ ғылым негіздерінен тиянақты білім және саналы тәрбие алуына игі эсео ете алады. ^ 3. Көрнекілік - емлелік сабақты дұрыс өткізудің негізгі тэсілдері мен әдістерінІң бірі Оқушыларға орфографияны үйретуде көрнекі құралды пайдалану саба^ы бейнелі, нақгылы ету Деген сөз. Окушыларды сауаттылыққа үйретіп, дұрыс жазуға дағдыландыру үшін колданылатъін көрнекі күралдың негізгілері - емлелік кесте (таблица) мен схема болып саналады. Мүғалім дауысты дыбыстардың қиын деген емле ережесіне байланысты кейбір фонетикалық ерекшеліктерді оқушылардың көз қабілетіне сәйкестендІріп, мынадай таблица аркылы түсіндіруге болады: Ә әрпінің жазылүы Айтылуы Жазылуы Емлеге бағынбайтыны Кітәп Кітап Сірэ Күләш Күлаш Куә Әлтэй Әлтай Кінэ Дүдэмэл Дүдамал Іңкәр ¥,Ү эріптерінің жазылуы ¥түс ¥тыс Мазмүн Құлүн Құлын Бұлбұл Үтүр Үтір Дэстүр Түлкү Түлкі Мэжбүр Сондай-ақ, мүғалім окушылардың өздігінен жұмыс жүргізуі үшін кейбір емле ережелеріне байланысты орфографиялық топшамаларды жасап, сол бойынша эр түрлі жаттығуларды да үйымдастыруға болады. Мүндай топшамаларда істелетін тапсырмалардың түрлері мынадай болуы мүмкін: Топшама 1. Ауызша әр түрлі айтылып жүрген мына сөздердің жазылуын анықта: қартаң-кәртең, қадірлі-кэдірлі, жайсыз-жәйсіз, қане-кәне, данышпан-дэнішпан. 2. Мына э әрпі арқылы жазылған сөздердің мағыналарын түсіндір: кәде, нәр, нәсіп, нэн. Үлгі: кәде - ырым, салт мағынасындағы сөз. Қателермен жұмыс істеу процееінде мынадай мэселелер ескерілуі тиіс: а) ¥мытып қалған ережені еске түсіру; э) Қате түсінген ережені қайталап оқу; б) Қатенің түріне сәйкес арнаулы жеке тапсырма беру. Сонда, қателермен жұмыс істеу оқушыларға орфографияны меңгертудің басты жолы болып табылады. Орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялық шартты белгілерді қолдану керек. Мүндай белгілер оқушыға таныс болуы тиіс. Ш артты белгілер: емле қатесі үшін // бірге жазылуға тиіс сөздер / бөлек жазылуға тиіс сөздер ? түсінІксіз сөздер Сабақ соңында студенттердің алған бІлімдерін бағалау үшін мини-тест өткізуге болады. Сонымен, студенттерге орфографияны оқытудың ғылыми-практикалық маңызы, міндеттері мен үстанымдары, жүмыс мазмұны, орфографиялық іскерлік пен дагдыларды қалыптастырудың психологиялық негіздерІ, сөздіктерді қолдану әдістері, ережелерді меңгертуді осындай эдістеме арқылы жүргізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет