Әдістемелік көмекші құрал (1 – 4 кластар үшін)



бет80/104
Дата24.11.2023
өлшемі5,81 Mb.
#193323
түріБағдарламасы
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   104
Байланысты:
1-4 сыныптарға математика логика арнаулы курсы

33-сабақ
Сабақ тақырыбы: Есептер шығару
Сабақ мақсаты;білімділік: есеп шығару дың әдіс-тәсілдеріне машықтандыру
дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, сауаттылығын дамыту.
тәрбиелілік: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап ,түсіндіру
Көрнекілігі: керекті заттар, таблица,
Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі;

2.«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалман –жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер», - деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам.
3.Көп білетін оқушы
Тез есептей алады
Теңдеулердің шешімін
Дұрыс тауып береді.
54-х =27
х =54-27 117
х =27


а+39 =156
а =156-39 27
а =117
34-сабақ
Сабақ тақырыбы: Оқушылардың білім деңгейін анықтау
Сабақ мақсаты;білімділік:
дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, сауаттылығын дамыту.
тәрбиелілік: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдісі:тест әдісі, өз бетінше жұмыс
Көрнекілігі:тест сұрақтары
Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі; Тест сұрақтары:

1. у-666=222 теңдеудің мәні нешеге тең.
а) 440 ә) 888 б) 936
2. Ұзындығы 10 м, ені 5м тіктөртбұрыштың ауданын есепте.
а) 50м² ә) 30м² б) 15м²
3. 640 саны қай есептің мәніне тең.
а) 840-360 ә) 380+160+200 б) 20+530+150
4. Ғасыр жылдан көп пе, аз ба?
а) ұзақ ә) қысқа б) аз
5. 1 жыда неше ай бар?
а) 12 ай ә) 14 ай б) 10 ай
6. Тіктөртбұрыштың периметрі 20см, ал ұзындығы 5 см, енін тап.
а) 5 см ә) 6 см б) 3 см
7. Тіктөрбұрыштың ұзындығы 5 см, ені 3 см, периметрі қанша?
а) 18 см ә) 16 см б) 14 см 
8. 272+326 өрнегінің мәні нешеге тең.
а) 598 ә) 600 б) 630
9. Саяхатқа баруға топ құрылды. Әр топқа 10 бала және 10 ересек адам жазылды.
Барлығы 8 топ болды. Саяхатқа қанша адам барады?
а) (10+8)+10 ә) (10+10)х8 б) (10х8)+10 
10. 50х2 өрнегіне теңдік болуға қай өрнек сәйкес келеді?
а) 600:2 ә) 900:3 б)450-350 
11. 8ц 45кг-ді кг-ға айналдыр.
а) 800кг ә) 845кг б) 853кг 
12. Сыныпта 14 қыз бала және 12ер бала бар. Ойын кезінде олар тең 2 топқа бөлінді. Әр топта қанша баладан бар?
а) 12 бала ә) 13 бала б) 10 бала
13. 5 сандарының аралақтарына жақша немесе амал таңбаларын қойғанда
100 шығады. Қай қатарда?
а) 5...5...5 ә) 5...5...5...5 б) 5...5...5...5...5 
14. (360+120):6 өрнегінің мәні нешеге тең?
а) 80 ә) 85 б) 83 
15. 2 тәулік ....42 сағат салыстыр.
а) > ә) < б) = 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет