Әдістемелік көмекші құрал (1 – 4 кластар үшін)


– класс 4-класс І тоқсан-9сағат. 1-сабақ Сабақтың тақырыбы



бет81/104
Дата24.11.2023
өлшемі5,81 Mb.
#193323
түріБағдарламасы
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   104
Байланысты:
1-4 сыныптарға математика логика арнаулы курсы

4 – класс


4-класс І тоқсан-9сағат. 1-сабақ Сабақтың тақырыбы: 3 сыныпта өткен қиын есептерді қайталау. Сабақтың мақсаты: Білімділігі:жыл бойы 3 сыныпта өткен тақырыптарды қайталап, есептердің шығару жолы мен ережесін еске түсіру, пысықтау. Дамытушылығы:баланың ой-өрісін дамыта отырып , шығармашылыққа баулу,логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелігі:оқушыларды топпен, ұжыммен және өз бетімен жұмыс істей білуге үйрету,қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу. Әдісі: сұрақ-жауап, өз бетінше жұмыс жүргізу,ойын анық айтып дәлелдей білуге, өз бетінше қорытынды шығару. Түрі:сайыс сабақ Көрнекілігі:интерактивті тақтада сайыс жүйесі,жауапқа әзірміз белгісі. Пәнаралық байланыс:ана тілі, қазақ тілі Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:Психологиялық дайындық. «Саған есеп үйреткен, Пәнге қара құрметпен. Сандарды тура табатын, Қиын ,әрі қызықты Математика болатын!» Қазір біз 3 сыныпта өткен тақырыптарды еске түсіріп , сонда шығарған қиын есептерді қайталау үшін 3 топқа бөлінеміз. ІІ.Топқа бөлу.1-топ-«Жүйріктер»,2-топ-«Алғырлар»,3-топ-«Тапқырлар». 1-топ ұраны: «Ой арманын кешеміз, Ақылды боп өсеміз. Есепке тұнған әлемнің, Жұмбақ сырын шешеміз». 2-топ ұраны: «Шаршы алаңда мүдірме, Көп ойланып ,кідірме». 3-топ ұраны: «Мақсатымыз-білім алу,Міндетіміз-еңбектену,Жеңіске қолды жеткізу». Құрметті оқушылар! «Шоқ жұлдыздары» деп аталатын ойынымызға қош келдіңіздер!Бұл ойында сіздер 3 –інші сыныптағы білімдеріміздің деңгейі қандай дәрежеде екенін , оны жетік меңгере алғанымызды көрсетуге тиіспіз. Сарапшыларды сайлау. І-кезең. «Кім жылдам?» ойыны. Ойынның шарты: әр топқа 10 сұрақ беріледі.Сұрақтарға жылдам, дұрыс жауапқа 1 ұпайдан және жылдамдық ескеріледі. 1-топ. 1. 0-ді санға көбейткенде неше шығады? (0). 2. 10 *10 көбейтіндісі (100). 3. Ұзындық бірліктерін ата. (мм,см,дм,м,км.). 4. 1кг темір мен 1кг мақтаның қайсысы ауыр? (тең). 5. Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан...................... 6. Автобусқа 14 адам мінді, түскендер одан 2 есе артық.Неше адам түсті? (28). 7. Санды өрнек деп нені атайды? 8. Бөлінгіш-320. Бөлінді-4 .Бөлгіш нешеге тең? (80). 9. 720 санын 2 есе кеміт. 10. Ең үлкен үш таңбалы сан? (999). 2-топ. 1. 1-ді санға көбейткенде неше шығады? (санның өзі шығады ). 2. Әрпімен цифрының саны тең 3 таңбалы санды ата? (100). 3. Үстел үстінде 8 шам жанып тұр.Оның 3-еуін өшірсе, неше шам қалады?. 4. Ауладағы қаздар мен қояндардың саны 24, ал аяқтары 66. Аулада неше қаз,неше қоян? (2қаз+4 қоян=60,15+9=24,30+36=66 )Жауабы:15 қаз,9 қоян. 5. 1000 мен 587-нің қосындысы нешеге тең?. 6. Екі шеті тұйықталған сызық(кесінді). 7. Мыңның жартысы нешеге тең?. 8. Ауданы 25 см шаршының қабырғасы нешеге тең?. 9. 990:3бөліндісі (330). 10. Ең кіші үш таңбалы сан?(100). 3-топ. 1. Екі нүкте арасын қосқанда не пайда болады?(кесінді). 2. Ең кіші натурал санды ата?. 3. 1 мүшелде неше жыл бар?(12) 4. Фигураның периметрі дегеніміз не? (оның қабырғасының ұзындықтарының қосындысы). 5. Көлемді қалай табамыз?. 6. 1т қанша кг бар?. 7. 6 мен8-дің көбейтіндісі нешеге тең? 8. Уақыт бірліктерін ата. 9. Бір үйдің үш ұлы бар. 3 ұлдың әрқайсысының 1 әпке, 1 қарындасы бар. Бұл үйдің баласы нешеу болған?(5 бала-3ұл,2-қыз). 10. Қай санға бөлуге болмайды? ІІ-кезең «Ойға жина».Көбейту және бөлу кестелерін сұрау.(өз қалауың бойынша карточка тарату,жауаптарын бірден айту). ІІІ-кезең. «Тез есепте».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет