Әдістемелік нұсқау Физика 10


XII. әртҮрлі ортаДағы ЭлеКтр тогы



Pdf көрінісі
бет21/26
Дата13.03.2020
өлшемі1,89 Mb.
#60078
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
19a38f73885070998eadef0f10417db4


XII. әртҮрлі ортаДағы ЭлеКтр тогы
пән: Физика
ұзақ мерзімді жоспардың 10.3 бөлімі
Күні: 
Мұғалім:
сынып: 10
Қатысушылар саны: 
Қатыспағандар:
1-сабақ
сабақтың тақырыбы: Металдардағы электр тогы.
сабақ түрі:
Жаңа материалды зерттеушілік сипаттағы презентациялау 
элементтерін пайдаланып зерделеу.
осы сабақ 
арналған 
оқытудың 
мақсаттары
10.3.3.1 — әртүрлі ортадағы электр тогының пайда болуын 
салыстыру.
сабақтың 
мақсаты
— Металдардағы электр тогы жайлы мағлұмат беру;
— Металдардағы электр тогының формулаларын есептер 
шығаруда қолдана білуге үйрету;
— Топта бағалай білуге баулу.
бағалау 
критерийлері
— Металдардағы электр тогы жайлы мағлұмат береді;
— Металдардағы электр тогының формулаларын есептер 
шығаруда қолдана білуге
 үйретеді;
— Топта бағалай білуге баулу.
тілдік 
мақсаттар
— Металдардағы электр тогы жайлы мағлұмат алу;
— Металдардағы электр тогының формулаларын есептер 
шығаруда қолдана білу;
— Өзін-өзі бағалай білуге баулу.

Жалғасы
207
Құндылықтарды 
дарыту
Топпен жұмыс жасау барысында оқушыларда: ынтымақ-
тастық,  өз  білімі  үшін  жауапкершілік  сияқты  құнды-
лықтар дамиды.
пәнаралық 
байланыс
Ìàòåìàòèêà: графиктер, квадрат теңдеулер, теңдеулер 
жүйесі.
аКт қолдану 
дағдылары
Электрондық оқулық, Интерактивті тақта, видеороликтер, 
слайдтар.
осыған дейін 
меңгерілген 
білім
Физика,  10-сынып:  Термодинамиканың  бірінші  заңын 
термодинамикалық  процестерге  қолдану,  сұйық  және 
қатты денелер, электростатика, тұрақты ток.
Жабдықтар
Видео-сабақ: “Металдардағы электр тогы”.
сабақ барысы
уақыт бойынша 
бөліп жоспарлау
сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
ресурстар 
сабақтың басы
5 мин
Сабақтың басталуы.
Ұйымдастыру кезеңі. 
1. Сабаққа оң көңіл күймен ыңғайлану. 
2. “Қар кесегі” әдісі арқылы сабақтың 
тақырыбына жетелеу.
Сұрақтар: 
1. Электр тогы дегенiмiз не?
2. Тiзбекте электр тогы өтуi үшiн қандай 
шарттар орындалуы тиiс?
3. Ток күшi зарядпен қалай байланысқан?
4.  Ток  көзi  деп  ненi  атайды  ?  Электр 
тiзбегiндегi ток күшiнiң рөлi қандай?
3. Сабақтың тақырыбы, мақсаты айты-
лады.
4. 
Бағалау  критерийлерін  анықтау 
(оқушылармен бірге):
—  Металдардағы  электр  тогы  жайлы 
мағлұмат алады;
—  Металдардағы  электр  тогының 
формулаларын  есептер  шығаруда 
қолдана білуге
 үйренеді;
— Топта бағалай алатын болады.
5.  Бағалау.  Мұғалім  ынталандыратын 
сөздермен, бонустармен бағалайды. 
Бірігіп жасаған критерийлер бойынша 
оқушылар  арасында  өзара  бағалау 
өткізіледі.
“Металдардағы 
электр тогы” 
тақырыбына 
презентация.
сабақтың 
ортасы 
30 мин
1) 
Жаңа материалды зерделеу.
“броундық қозғалыс” әдісі.
“Физика” 
оқулығы,
10-сынып.

Жалғасы
208
Мұғалім сұрақтар береді:
1. Неліктен барлық металдар — жақсы 
өткізгіштер? 
2. Металдарда еркін электрондар қалай 
пайда болады? 
3.  Неліктен  металдардағы  өткізгіш 
электрондық болып табылады? 
4. Өткізгіште сыртқы электр жоқ кездегі 
және бар кездегі еркін электрондардың 
әсерін сипаттап айтып беріңдер.
Сынып  ішіне  тақырыпқа  қатысты 
мәліметтер  мен  ақпараттар  орналас-
тырылады.  Оқушылар  бүкіл  сынып 
ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып 
бойынша ақпарат жинайды.
Содан соң мұғалім:
— ХХ ғасырдың басында неміс физигі  
П. Друде мен нидерланды физигі Х. Лоренц 
металдардың  электр  өткізгіштігінің 
к л а с с и к а л ы қ   т е о р и я с ы н   қ ұ р д ы . 
Осы  теорияның  негізгі  қағидалары:  
1. Металдардың жақсы электр өткізгіштігі 
олардағы  еркін  электрондардың  саны-
ның орасан зор болуымен түсіндіріледі. 
Мысалы,  мыстағы  еркін  электрондар 
концентрациясы  8,4  ·  10
23
  м
–3
.  Еркін 
электрондар газ секілді тордың иондары 
арасындағы  кеңістікті  үздіксіз  және 
бейберекет қозғала отырып толтырады. 
Е р к і н   э л е к т р о н д а р   ж и ы н т ы ғ ы н 
молекулалық-кинетикалық  теория 
заңдары қолданылатын электрондық газ 
ретінде қарастыруға болады. Осылайша 
метал дардағы  электрондардың  рет сіз 
қозғалысының жылдамдығы анықталып, 
ол  шамамен  60  —100  км/с  тең  болды. 
Сыртқы  электр  өрісі  жоқ  кезде 
өткізгіштің кез келген көлденең қимасы 
арқылы  электрондар  тасымалдайтын 
толық заряд нөлге тең, себебі электрондар 
хаосты  қозғалады.  Сондықтан  электр 
тогы  болмайды.  2.  Сыртқы  электр 
өрісінің әсерінен электрондардың ретсіз 
қозғалысы реттеліп, электр тогы пайда 
болады. 
Физикадан 
“Металдардағы 
электр тогы” 
тақырыбындағы 
видео-сабақ.
Бағалау 
критерийлері.
ИТ (сұрақтар 
көрсетіледі).

Жалғасы
209
Егер  ұзындығы 
l  өткіз гішке  U  потен-
циалдар  айырымын  берсек,  онда 
өткізгіш  ішінде  кернеулігі 
E = U/d 
электр өрісі туады. Ньютонның екінші 
заңына  сәйкес  осы  өрістің  әсерінен 
электрондар 
a = eE/m үдеуге ие болады. 
Сондықтан 
t  уақыт  өткеннен  кейінгі 
электрондар  жылдамдығы 
v = eEtm 
тең.  Электрондардың  тор  иондарымен 
әрбір  соқтығысынан  кейін,  негізінен, 
электрон  жылдамдығының  бағыты 
өзгереді, ал электрондық газдың орташа 
жылдамдығының  модулі  тұрақты 
және 
v
орт
 =
e
Et
m
2
тең.  Осылайша  тор 
иондàрымен  соқтығысу  нәтижесінде 
металдардағы  электрондар  теңүдемелі 
емес,  тұрақты  орташа  жылдамдықпен 
қозғалады. Бұл жылдамдық түсірілген 
күшке пропорционал: 
F = qE
Дескриптор.
1. Металдарда еркін электрондар қалай 
пайда болатындығын түсiндiредi.
2. Ток күшi зарядпен қалай байланыс-
қанын дәлелдейдi.
3. Ток көзi деп ненi айтамыз түсініктерін 
жазады.
Күтілетін нәтижелер.
Оқушылар:
а) Металдарда еркін электрондар қалай 
пайда  болатындығы  жайлы  мағлұмат 
алады;
ә) Ток күшi зарядпен қалай байланыс-
қанын үйренеді;
б) Топта бағалай алатын болады.
Қб:  “Бас  бармақ”  әдісі  арқылы  орын-
далады.
оқушылар:
—  металдардың  өткізгіштігінің  элек-
трон дық  теориясының  негізгі  қағида-
ларын түсінеді; 
—  жұпта,  топта  мәселелік  сұрақтар 
құрастырады, оларға жауап береді:
“Пікір  алмасу”  (Showdown).  Әрбір 
топ тақырыпқа қатысты 4 сұрақ

Жалғасы
210
дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің 
бірінші  жағына,  ал  жауабын  екінші 
жағына жазып, келесі топпен стикер-
лерін  ауыстырады.  Топ  басшысы 
с т и к е р д е г і   с ұ р а қ т а р д ы   о қ и д ы , 
топ  мүшелері  жауаптарын  жазып 
дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, 
барлығы өз жауабын ашады және жауап-
тарды  талқылап,  дұрыс  жауаппен 
салыстырады.
1.  Металдағы  электрондар  қозғалысы 
орташа  жылдамдығының  шамасын, 
олардың  электр  өрісі  тарапынан 
болатын  реттелген  қозғалысының 
орташа  жылдамдығының  шамасымен 
салыстырыңдар.
2.  Температураның  жоғарылауымен 
метал дар  кедергісінің  артуын  түсін-
діріңдер. 
3.  Асқын  өткізгіштік  деп  қандай 
құбы лысты  атайды?  Оны  кім  ашты? 
4. Асқын өткізгіштік құбылысын қалай 
түсіндіруге болады? 
Дескриптор.
а)  Температураның  жоғарылауымен 
металдар  кедергісінің  артуын  сипат-
тайды.
ә)  Асқын  өткізгіштік  деп  қандай 
құбылысты атайтынын тұжырымдайды;
б) Асқын өткізгіштік құбылысын қалай 
түсіндіруге болатынын анықтайды.
2) 
Зерделенген материалды бекіту.
Оқулықтағы графиктер мен суреттерге 
сүйеніп өтілген тақырыпты қайталау. 
“Ойлан-жұптас-бөліс”.  Берілген  тап-
сыр ма  (сұрақ)  бойынша  әрбір  оқушы 
жеке  жұмыс  жасау  арқылы  өз  ойын 
қорытып,  жұп  болып  пікірлерімен 
бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға 
ұласады.
Жеке  жұмыс.  Оқушылар,  өз  бақылау-
ларына  сүйене  отырып,  орындалған 
жұмыс туралы қорытынды жазады. 
Жұппентоппен жұмыс. Әрбір топтан 
бір оқушы жұмыс нәтижелері туралы

Жалғасы
211
айтады,  ал  қалған  оқушылар  оны 
толықтырады. 
Қалыптастырушы бағалау. 
Оқушылар  арасында  өзара  бағалау 
өткізіледі.
М ұ ғ а л і м   оқ у ш ы л а р ды   ү ш  т оп қ а 
біріктіріп, әр топқа тапсырма береді. 
Әр топтың оқушылары тапсырма тақы-
рыбын  талқылайды.  Постер  презен-
тациясын  дайындайды  және  сынып 
алдында сөйлейді.
Бағалау критерийлері.
1. Постер тақырыбын ашу. 
2. Эстетикалық безендіру. 
3. Ғылыми сауаттылық. 
4. Ресурстар тізімі. 
5. Бірігіп орындайтын жұмыс. 
Топтар  арасында  жоғарыда  аталған 
талаптар  бойынша  өзара  бағалау 
өткізіледі.
Мұғалім сабақтың мақсатына жеткендігі 
туралы қорытынды жасайды.
сабақтың соңы
5 мин
Мұғалім  үйге  тапсырма  береді.  Үй 
тапсырмасы. § 31 бақылау сұрақтарына 
жауап беру.
Кері байланыс. 
Нені білген едім?
Нені білдім?
Нені түсіну оңай болды?
Нелер түсініксіз болып қалды?
Нені қосымша зерделеу қажет? 
пән: Физика
ұзақ мерзімді жоспардың 10.3 бөлімі
Күні: 
Мұғалім: 
сынып: 10 
Қатысушылар саны: 
Қатыспағандар:
2-сабақ
сабақтың  тақырыбы:  Жартылай  өткізгіштердегі  электр 
тогы.
сабақ түрі: 
Жаңа материалды зерттеушілік сипаттағы презентациялау 
элементтерін пайдаланып зерделеу.
осы сабақ 
арнал ған
10.3.3.3 — жартылай өткізгішті құралдардың қолданылуына 
мысалдар келтіру.

Жалғасы
212
оқытудың 
мақсаттары
сабақтың 
мақсаты
— Атомдар арасындағы коваленттік байланыс жартылай 
өткізгіштердің кристалдық құрылымын қалай қалыптас-
тыратыны жайлы мағлұмат беру;
— Жартылай өткізгіштердегі электр тогының формулаларын 
есептер шығаруда қолдана білуге үйрету;
— Топта бағалай білуге баулу.
бағалау 
критерийлері
— Атомдар арасындағы коваленттік байланыс жартылай 
өткізгіштердің  кристалдық  құрылымын  қалай  қалып-
тастыратыны жайлы мағлұмат береді;
— Жартылай өткізгіштердегі электр тогының формулаларын 
есептер шығаруда қолдана білуге үйретеді;
— Топта бағалай білуге баулу.
тілдік 
мақсаттар
— Атомдар арасындағы коваленттік байланыс жартылай 
өткіз гіш тердің  кристалдық  құрылымын  қалай  қалып-
тастыратыны жайлы мағлұмат алу;
— Жартылай өткізгіштердегі электр тогының формулаларын 
есептер шығаруда қолдана білу;
— Өзін-өзі бағалай білуге баулу.
Құндылықтарды 
дарыту 
Топпен жұмыс жасау барысында оқушыларда: ынтымақ-
тастық,  өз  білімі  үшін  жауапкершілік  сияқты 
құндылықтар дамиды.
пәнаралық 
байланыс
Ìàòåìàòèêà: графиктер, квадрат теңдеулер, теңдеулер 
жүйесі.
аКт қолдану 
дағдылары
Электрондық оқулық, Интерактивті тақта, видеороликтер, 
слайдтар.
осыған дейін 
меңгерілген 
білім
Физика,  10-сынып:  Термодинамиканың  бірінші  заңын 
термодинамикалық  процестерге  қолдану,  сұйық  және 
қатты денелер, электростатика, тұрақты ток.
Жабдықтар
Видео-сабақ: “Жартылай өткізгіштердегі электр тогы”.
 
сабақ барысы
уақыт бойынша 
бөліп жоспарлау
сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
ресурстар
сабақтың басы
5 мин.
Сабақтың басталуы.
Ұйымдастыру кезеңі. 
1. Сабаққа оң көңіл күймен ыңғайлану.
2. “Қар кесегі” әдісі арқылы сабақтың 
тақырыбына жетелеу.
Сұрақтар: 
1. Неліктен барлық металдар — жақсы 
өткізгіштер? 
“Жартылай 
өткізгіштердегі 
электр тогы” 
тақырыбына 
презентация

Жалғасы
213
2.  Температураның  жоғарылауымен 
метал дар  кедергісінің  артуын  түсін-
дірің дер. 
3.  Асқын  өткізгіштік  деп  қандай 
құбылысты атайды? Оны кім ашты? 
4. Асқын өткізгіштік құбылысын қалай 
түсіндіруге болады? 
3. Сабақтың тақырыбы, мақсаты айты-
лады.
4. 
Бағалау  критерийлерін  анықтау 
(оқушылармен бірге):
—  Атомдар  арасындағы  коваленттік 
байланыс  жартылай  өткізгіштердің 
крис тал дық құрылымын қалай қалып-
тастыратыны жайлы мағлұмат 
алады;
—  Жартылай  өткізгіштердегі  электр 
т о г ы н ы ң   ф о р м у л а л а р ы н   е с е п т е р 
шығаруда қолдана білуге
 үйренеді;
— Топта бағалай алатын болады.
5.  Бағалау.  Мұғалім  ынталандыратын 
сөздермен, бонустармен бағалайды. 
Бірігіп жасаған критерийлер бойынша 
оқушылар  арасында  өзара  бағалау 
өткізіледі.
сабақтың 
ортасы
30 мин
1) 
Жаңа материалды зерделеу.
“броундық қозғалыс” әдісі.
Мұғалім сұрақтар береді: 
1.  Жартылай  өткізгіштерге  қандай 
заттар жатады? 
2.  Жартылай  өткізгіштердің  кедергісі 
темпера тураға қалай тәуелді? 
3.  Транзистор  деп  қандай  құралды 
атайды? Оларды қайда пайдаланады?
4. Қандай байланысты коваленттік деп 
атайды? 
5. Жартылай өткізгіштер қызғанда не 
болады?
Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәлі-
мет тер мен ақпараттар орналастырылады. 
Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала 
жүріп,  берілген  тақырып  бойынша 
ақпарат жинайды.
Содан соң мұғалім:
— Өткізгіштер, диэлектриктер, жарты-
лай өткізгіштер. Барлық заттар электр
“Физика” 
оқулығы, 
10-сынып.
Физикадан 
“Жартылай 
өткізгіштердегі 
электр тогы” 
тақырыбындағы 
видео-сабақ

Жалғасы
214
өткіз гіштігіне қарай үш топқа бөлінетіні 
өздеріңе  мәлім:  электр  тогын  жақсы 
ө т к і з е т і н   з а т т а р   —   ө т к і з г і ш  т е р  
[
ρ  =  (10
–5
  –  10
–8
)  Ом·м],  электр  тогын 
нашар  өткізетін  заттар  —  диэлек-
триктер  [
ρ  =  (10
8
–10
17
)  Ом  ·  м]  және 
электр  тогын  өткізгіштігі  өткізгіш 
пен  диэлектриктің  арасында  жататын 
заттар  —  жартылай  өткізгіштер  
[
ρ = (10
4
 – 10
–5
) Ом · м]. Өткізгіштерде 
еркін заряд тасымалдаушылардың көп 
болуы,  олардың  жақсы  өткізгіштік 
қасиетін түсіндіреді. Бірақ өткізгіштің 
құрамындағы  қоспа  оның  кедергісін 
арттырады. Себебі еркін заряд тасымал-
даушылардың  концентрациясы  өзгер-
месе  де,  олардың  қозғалысына  қоспа 
кедергі жасайды.
Диэлектриктерде еркін заряд болмаған-
дықтан,  олар  электр  тогын  өте  нашар 
өткізеді. Кез келген жартылай өткізгіштік 
құралда бір немесе бірнеше электронды-
кемтіктік  ауысу  (немесе 
ð-п  ауысу) 
болады. Электрон ды — кемтіктік ауысу 
дегеніміз — өткізгіштегі әртүрлі типті 
екі  жартылай  өткізгіштердің  жанасу 
аймағы. 
n-типті жартылай өткізгіштерде 
негізгі  еркін  заряд  тасымалдаушылар 
элек трондар  болғандықтан,  олар дың 
концентрациясы  кемтіктер  концен-
трациясынан артық (
n-n>>n-p). p-типті 
жартылай  өткізгіштерде  негізгі  заряд 
т а с ы м а л д а у ш ы л а р   —   к е м т і к т е р  
(
n-p >>n-n).  n—  және  p-типті  екі 
ж а р т ы л а й   ө т к і з г і ш   ж а н а с қ а н д а 
диффузия процесі жүреді. 
ð аймағынан 
кемтіктер 
n  аймаққа  өтеді,  ал  элек-
трондар,  керісінше 
n  аймағынан  ð 
аймағына өтеді.
Дескриптор.
1.  Жартылай  өткізгіштерге  қандай 
заттар жататынын түсiндiредi;
2.  Жартылай  өткізгіштердің  кедергісі 
температураға қалай тәуелді; болатынын 
дәлелдейдi;
Бағалау 
критерийлері.
ИТ (сұрақтар 
көрсетіледі).

Жалғасы
215
3. Жартылай өткізгіштер қызғанда не 
болады, түсініктерін жазады.
Күтілетін нәтижелер.
Оқушылар:
а)  Жартылай  өткізгіштердегі  электр 
тогы жайлы мағлұмат алады;
ә)  Жартылай  өткізгіштердегі  электр 
тогының формулаларын есептер шыға-
руда қолдана білуге үйренеді;
б) Топта бағалай алатын болады.
Қб:  “Бас  бармақ”  әдісі  арқылы  орын-
далады.
оқушылар:
—  жартылай  өткізгішті  құралдардың 
қолданылуына мысалдар келтіреді; 
—  жұпта,  топта  мәселелік  сұрақтар 
құрастырады, оларға жауап береді.
“Пікір  алмасу”  (Showdown).  Әрбір 
топ  тақырыпқа  қатысты  4  сұрақ 
дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің 
бірінші  жағына,  ал  жауабын  екінші 
ж а ғ ы н а   ж а з ы п ,   к е л е с і   т о п п е н 
с т и к е р л е р і н   а у ы с т ы р а д ы .   Т о п 
басшысы  стикердегі  сұрақтарды 
оқиды,  топ  мүшелері  жауаптарын 
жазып  дайындайды.  Көшбасшы  белгі 
бергенде,  барлығы  өз  жауабын  ашады 
және  жауаптарды  талқылап,  дұрыс 
жауаппен салыстырады.
1.  Жартылай  өткізгіштерге  қандай 
заттар жатады? 
2.  Жартылай  өткізгіштердің  кедергісі 
температураға қалай тәуелді? 
3.  Транзистор  деп  қандай  құралды 
атайды? Оларды қайда пайдаланады? 
Дескриптор.
а)  Жартылай  өткізгіштерге  қандай 
заттар жататынын сипаттайды;
ә)  Жартылай  өткізгіштердің  кедергісі 
температураға қалай тәуелді болатынын 
тұжырымдайды;
б)  Транзистор  деп  қандай  құралды 
атайды?  Оларды  қайда  пайдалануға 
болатынын анықтайды.
2) 
Зерделенген материалды бекіту. 

Жалғасы
216
Оқулықтағы графиктер мен суреттерге 
сүйеніп өтілген тақырыпты қайталау. 
“Ойлан-жұптас-бөліс”.  Берілген 
тапсырма  (сұрақ)  бойынша  әрбір 
оқушы  жеке  жұмыс  жасау  арқылы  өз 
ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен 
бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға 
ұласады.
Жеке  жұмыс.  Оқушылар,  өз  бақылау-
ларына  сүйене  отырып,  орындалған 
жұмыс туралы қорытынды жазады. 
Жұппентоппен жұмыс. Әрбір топтан 
бір  оқушы  жұмыс  нәтижелері  туралы 
айтады,  ал  қалған  оқушылар  оны 
толықтырады. 
Қалыптастырушы бағалау. 
Оқушылар  арасында  өзара  бағалау 
өткізіледі.
М ұ ғ а л і м   о қ у ш ы л а р д ы   ү ш   т о п қ а 
біріктіріп, әр топқа тапсырма береді. 
Әр  топтың  оқушылары  тапсырма 
тақырыбын  талқылайды.  Постер 
презентациясын  дайындайды  және 
сынып алдында сөйлейді.
Бағалау критерийлері.
1. Постер тақырыбын ашу. 
2. Эстетикалық безендіру. 
3. Ғылыми сауаттылық. 
4. Ресурстар тізімі. 
5. Бірігіп орындайтын жұмыс. 
Топтар  арасында  жоғарыда  аталған 
талаптар  бойынша  өзара  бағалау 
өткізіледі.
Мұғалім сабақтың мақсатына жеткендігі 
туралы қорытынды жасайды.
сабақтың соңы
5 мин
Мұғалім үйге тапсырма береді.
Үй  тапсырмасы.  §  33,34  бақылау 
сұрақтарына жауап беру. 
Кері байланыс. 
Нені білген едім?
Нені білдім?
Нені түсіну оңай болды?
Нелер түсініксіз болып қалды?
Нені қосымша зерделеу қажет?

217
пән: Физика
ұзақ мерзімді жоспардың 10.3 бөлімі
Күні: 
Мұғалім: 
сынып: 10 
Қатысушылар саны: 
Қатыспағандар: 
3-сабақ
сабақтың тақырыбы: Асқын өткізгіштік.
сабақ түрі: 
Жаңа материалды зерттеушілік сипаттағы презентациялау 
элементтерін пайдаланып зерделеу.
осы сабақ 
арналған 
оқытудың 
мақсаттары
10.3.3.4 — Асқын өткiзгiштiк құбылысы мен практикалық 
қолданылуын сипаттау.
сабақтың 
мақсаты
— Асқын өткізгіштік және жоғары температуралық асқын 
өткізгіштік құбылыстары жайлы мағлұмат беру;
—  Асқын  өткiзгiштiк  құбылысы  мен  практикалық 
қолданылуын үйрету;
— Топта бағалай білуге баулу.
бағалау 
критерийлері
— Асқын өткізгіштік және жоғары температуралық асқын 
өткізгіштік құбылыстары жайлы мағлұмат береді;
—  Асқын  өткiзгiштiк  құбылысы  мен  практикалық 
қолданылуын үйретеді;
— Топта бағалай білуге баулу.
тілдік 
мақсаттар
— Асқын өткізгіштік және жоғары температуралық асқын 
өткізгіштік құбылыстары жайлы мағлұмат алу;
—  Асқын  өткiзгiштiк  құбылысы  мен  практикалық 
қолданылуын түсіндіру;
— Өзін-өзі бағалай білуге баулу.
Құндылықтарды 
дарыту 
Топпен жұмыс жасау барысында оқушыларда: ынтымақ-
тастық,  өз  білімі  үшін  жауапкершілік  сияқты 
құндылықтар дамиды.
пәнаралық 
байланыс
Ìàòåìàòèêà: графиктер, квадрат теңдеулер, теңдеулер 
жүйесі.
аКт қолдану 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет