Әдістемелік нұСҚАУ



бет19/24
Дата30.10.2022
өлшемі89,56 Kb.
#155679
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
МУ практика 4 курс каз

Құндылықтарды дарыту
Әл Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөздері өскелең жас ұрпақты оқып, үйретудің негізгі қағидасы деп түсінген жөн. Сол себепті де оқу процесін ұйымдастыруда басты назарды танымдық мазмұнмен бірге адами, рухани құндылықтарды қалыптастыруға аудару – заманауи білім беру жүйесінің басты ұстанымдарының бірі болып табылады.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясыныңәдістемелік нұсқау хатында былай делінген: «Оқытудағы құндылықтарға бағытталған тәсіл – ол оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған оқу процесі білім алушының бойында тұлғалық құндылықтар жүйесін қалыптастырады.
Құндылықты бағдарлау – тұлғаның өз әрекетінде жекелеген құндылықтарды (құндылықтарға бағдарлану қабілеттілігі) бағдар ретінде таңдап алу қабілеттілігі (қасиеті), сондай-ақ оларды өзінің жеке әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі.
Орта білім берудің құндылықтары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарына негізделген. Орта білім берудің құндылықтары ретінде:
1) қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) еңбек пен шығармашылық;
5) ашықтық;
6) өмір бойы білім алу белгіленді (2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017, 16-17 б.).
Сонымен, бұл «Құндылықтарды дарыту» бөлімінде нақты осы сабақта балалардың бойында қалыптастыруға арналған оқу бағдарламасындағы және ұлттық, жалпыадами құндылықтардың негізінде қалыптасатын құндылықтарды (адами қасиеттер, жоғарғы ұстаным, мәдениет, мінез-құлық пен қарым-қатынастың жағымды көріністері, т.б.) көрсету (іс-әрекет және/немесе тақырып мазмұнын сипаттау арқылы).


Пәнаралық байланыстар
Әдетте мұғалімдер мұнда жай ғана пән атауын көрсетіп қана қояды. Бұл жеткіліксіз, тек пәндерді көрсету аздық етеді.
Бүгінгі білім беру жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі мынада: оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелер тек танымдық-пәндік тұрғыда ғана қалыптастырылмай, тұлғалық және метапәндік (пәнаралық, үйреншікті пән ауқымынан тыс) деңгейлерді қамтиды. Бұл ұстаным оқушылар арасында кең таралған «клиптік санаға» қарсы бағытталған. «Клиптік сана» өмірді бүтін деп қабылдамай, оған деген үзік-үзік көзқарас құрастырады, Әлемді әр пәннің тар ауқымында ғана тануды қалыптастырады.
Ал метапәндік тәсілдеме оқушыларды әр пәнді Әлемді тану жүйесінің құрамдас бөлігі деп тануға жетелейді, өйткені мұнда оқыту пән ауқымынан шығып, өзге пәндермен байланыс құрап, әмбебап білім қалыптастыруға бағыттайды. Метапәндік түсінік оқушыларды өмірдің мәні мен мағынасы, құндылықтары мен қағидалары, адамның онда алатын орны мен міндеттері туралы ойлануға шақырып, олардың түсінігін, ойлауын, үйренуін, қарым-қатынасын, рефлексиясын, іс-әрекеттерін дамытады. Метапәндік тұрғыда оқушылар әр сабақта «Мен қалай үйренемін, дамимын? Білімімді қалай жақсарта аламын? Бұл білім маған не үшін керек? Ол маған қалай және қай жерде қажет болады?» деген сұрақтарға жауап іздейді.
Сабақтардағы метапәндік байланыс тек пәндердің кіріктілуі ғана емес. Бұл өмірге деген бүтін көзқарасты бірнеше пәннің тоғысуында қалыптастыру. Мұнда «Адам», «Өмір мәні мен мақсаты», «Өмір құндылықтары», «Бақыт», «Сана», «Білім», «Сөз», «Уақыт және кеңістік», «Қарым-қатынас», «Денсаулық», «Табиғат», «Экология», «Проблема шешу», «Табыс пен жетістік», т.б. секілді ортақ мақсаттар қарастырылады. Шәкәрім кезінде айтқандай, «Әңгімелесуде басты мәселелер: Отан, адам бойындағы Руханилық пен Адамгершілік туралы ой толғау керек».
Сондықтан да ҚМЖ-ның бұл бөлімінде сабақтағы кіріктірілудің қандай пәндермен жүзеге асырылатынын ғана көрсетпей, ондай байланысты ортақ тақырыптың мазмұны арқылы көрсеткен орынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет