Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану Бұл жерде оқушылардың сабақта қандай АКТ дағдыларын дамыта алатындығын көрсету керек. Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының әдістемелік нұсқау хатында былай деп жазылған: «Орта мектепте АКТ-ні, БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалануға қойылатын талаптар:
- дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу, табу;
- сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;
- сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа да қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу;
- электронды байланыс арқылы басқа білім алушылармен және оқытушылармен ынтымақтаса онлайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысып, қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;
- интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану;
- аяқталған жұмыс бойынша мектептің шеңберінде немесе одан тыс жерде мультимедиялық таныстырылым жасау» (2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017, 19 б.). Әдістемелік нұсқау хатта АКТ құзіреттіліктерін арттыру мақсатында мынандай ұсыныстар жасалады: «География, физика, химия және биология сабақтарындағы компьютерлік технологиялар:
оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды пайдалануды;
білім алушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануды;
пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;
оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында білім алушылардың өздігінен іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеуді;
интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу және өңдеуді;