4-КУРСТЫҢ ӨНДІРІСТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА МАЗМҰНЫ 4.1 Студент қызметінің түрлері: Өндірістік педагогикалық практика өтуші студенттердің қызметі мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:
Мекеменің оқу-тәрбиелік жүйесімен танысу:
оқу-материалдық базамен;
білім беру мекемесі педагогикалық ұжымы қызметінің негізгі бағыттарымен (оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие салалары бойынша);
Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігі қызметтері.
Зерделеу:
білім беру мекемесінің, сыныптың (топтың) оқу-тәрбиеүдерісін жоспарлау жүйесі (ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді);
сын тұрғысынан ойлау жүйесі;
пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстар жүйесі;
e-learning (электронные журналы, күнделігі, жоспарлау, электронды мұғалім, SMS – хабарландыру) электронды оқыту жүйесін;
сыныптан тыс тәрбие жұмысы жүйесі;
педагогтардың озық тәжірибесін;
Өздік жұмысы:
білім алушылар ұжымымен пән бойынша оқу жұмысын (қысқа мерзімді жоспарларды өз бетімен құрастыру) және сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау;