топтастыруға болады:
- ақпарат, ақпараттық процестер (ақпаратты ұсыну және өлшеу);
- қолданбалы программалар (компьютерлік графика, 3D – баспа, мәтіндік құжатпен жұмыс, электронды кестемен жұмыс, деректер базасы);
- программалау (робототехника, алгоритмдеу, Python тілінде программалау);
- компьютерлік жүйелер, желілер және қауіпсіздік (компьютер мен желінің техникалық сипаттамалары, компьютер таңдау);
Бұл топтастыру білімдегі олқылықтардың орнын толықтырудың нақты жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Мысалы, «Информатика» пәні бойынша өткен оқу жылындағы меңгерілмеген оқу мақсаттарын оқу тапсырмаларында біріктіру ұсынылады:
8-сыныпта - 8.1.3.1 желінің өткізу қабілетін анықтау оқу мақсаты мен 8.1.3.1 компьютерлік желілерді жіктеу оқу мақсатын;
9-сыныпта - 9.1.1.1 мақсатына байланысты компьютердің конфигурациясын таңдау оқу мақсатын меңгертуде 8.1.1.1 процессордың функцияларын және оның негізгі сипаттамаларын қарапайым деңгейде түсіндіру оқу мақсатын;
9.2.2.1 «дерекқор, жазба, өріс» терминдерін түсіндіру;
9.2.2.2 электрондық кестеде деректер базасын жасау оқу мақсаттарын меңгертуде электрондық кестенің элементтерін пішімдеуді қайталап оқыту ұсынылады.
«Информатика» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі
олқылықтарды толықтыру жөнінде ұсынымдар:
2021-2022 оқу жылында «Информатика» пәні бойынша шектеу шаралары
кезіндегі оқу жылдарында жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылының оқу бағдарламасын меңгерту бағытында мақсатты шараларды жыл бойы келесі кезеңдер бойынша жүргізу ұсынылады:
Диагностикалық жұмыс:
- пәннің оқу бағдарламасының мазмұны бойынша диагностикалық бақылау жұмысын жүргізу (өткен оқу жылындағы күрделі тақырыптар, оқу мақсаттары);
- білім алушыларға қиындықтар тудырған, білімінде олқылықтары бар тақырыптарды және оқу мақсаттарын анықтау;
Жоспарлау жұмысы:
- бөлімдер/бөлімшелер/тақырыптар бойынша білімдегі олқылықтарды ескере отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды қайта қарау (оқу тоқсаны ішінде сағаттарды қайта бөлу);
- өткен оқу жылында игерілмеген күрделі тақырыптарды, оқу мақсаттарын анықтау, қайталау, жаңа оқу жылында оқыту;
- меңгерілмеген оқу мақсаттары мен тақырыптарын ескере отырып, қысқа мерзімді жоспарлар құру;
- білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша білім алушының жеке жұмыс жоспарларын әзірлеу.
Достарыңызбен бөлісу: |