Әдістемелік нұсқаулық хат 2022-2023 оқу жылында «Информатика»



бет3/5
Дата27.10.2022
өлшемі70 Kb.
#155315
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Информатика олқылық 2022г

Жүзеге асыру және талдау:
- өтілген оқу материалдары бойынша оқу мақсаттары кіріктірілген қысқа мерзімді жоспардың негізінде сабақты ұйымдастыру;
- меңгерілмеген және қиындық тудыратын оқу мақсаттары, пән тақырыптары бойынша білім алушылар үшін қосымша оқу материалдарын дайындау;
- меңгерілмеген және қиындық тудыратын оқу мақсаттары мен тақырыптары бойынша білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру үшін жеке кеңестер, қосымша сабақтар өткізу;
- оқушылардың білім сапасына жүйелі мониторинг жүргізу және мектеп әдістемелік бірлестігінде нәтижелерді талқылау;
- мониторинг қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындау.

Шектеу шаралары кезінде білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтауды ауызша сұрақ қою, қарапайым практикалық тапсырмалар, өзара бақылау, жазбаша жұмыстар, тестілеу арқылы жүргізу ұсынылады.


Мысалы, «Информатика» пәні бойынша өткен оқу жылындағы меңгерілмеген оқу мақсаттарын оқу тапсырмаларында біріктіру ұсынылады:


10-сыныпта:
10.3.1.1 "реляциондық деректер қоры" ұғымын түсіндіру;
10.3.1.2 жол, жазба, индекс терминдерінің анықтамасын құрастыру оқу мақсаттары мен 9.2.2.1 "дерекқор, жазба, өріс" терминдерін түсіндіру;
9.2.2.2 электрондық кестеде деректер базасын жасау оқу мақсаттарын;


11-сыныпта:
11.3.4.3 дайын алгоритмдермен математикалық модельдеудің
электрондық кестелеріндегі/ бағдарламаларындағы нейрондық желілерді
жобалау оқу мақсатын жүзеге асыруда электрондық кестелерді қолдану арқылы есептерді шешу үшін кірістірілген функцияларды пайдалануды қайталау.

Сонымен бірге, 10-сыныптағы алгоритмдер мен программалар тақырыптарында негізгі алгоритмдік құрылымдардың орындалу реті мен программалау тілінде жазылу ережелерін үнемі қайталап еске түсіріп отыру керек




Жіберілген олқылықтар:
- 5 сыныпта айнымалыларды қолдану оқу мақсаты бойынша барлық оқушы айнымалы мен спрайтты ажыратуда қателіктер жіберді. Кейбір оқушылар салыстыру операторларын пайдалануда қателесті.
- 8 сыныпта «Бағдарламалау» және «Электронды кестемен жұмыс» бөлімдерінде қателіктер болды.
- 9 сыныпта «Программалаудың кіріктірілген ортасында есептер шығару» бөлімі бойынша кейбір оқушыларда қателіктер боды. Операторларды ажыра алмай қателеседі.
- 10 сыныптарда «Программалау және программалау тілдерінде ойындар құру» және «Компьютерді таңдау» бөлімінде қателіктер жіберді
- 11 сыныптарда «Веб-жобалау», «Дизайн теориясы» бөлімдерінде қателіктер болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет