Әдістемелік нұСҚаулық Талдықорған қаласы



бет4/6
Дата31.12.2019
өлшемі1,21 Mb.
#53989
1   2   3   4   5   6

ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БІРЛІКТЕРГЕ, ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІНЕ АТАУ БЕРУ, ОЛАРДЫ ҚАЙТА АТАУ, СОНДАЙ-АҚ ОЛАРДЫҢ АТАУЛАРЫНЫҢ ТРАНСКРИПЦИЯСЫН НАҚТЫЛАУ МЕН ӨЗГЕРТУ КЕЗІНДЕ ТИІСТІ АУМАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ПІКІРІН ЕСКЕРУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы

№ 138 қаулысы
      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы

24 ақпандағы № 138 қаулысымен бекітілген     


Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас
бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың
атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті
аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары

1. Жалпы ережелер
      1. Осы Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, қаладағы аудандарға, қалаларға, аудандарға, шағын аудандарға, алаңдарға, даңғылдарға, бульварларға, көшелерге, тұйық көшелерге, саябақтарға, скверлерге, көпірлерге және елді мекендердің басқа да құрамдас бөліктеріне (бұдан әрі – елді мекендердің құрамдас бөліктері) атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақтағы халықтың пікірін ескерудің тәртібін анықтайды.
      2. Жергілікті атқарушы органдар облыстарға, аудандарға, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға, астанаға, қаладағы аудандарға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеруді ұйымдастырады және мәслихаттардың қарауына енгізеді.

      3. Кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға, аудандық маңызы бар қалаларға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеруді жергілікті атқарушы органдар мен кенттердің, ауылдық округтердің, ауылдардың, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері жергілікті қоғамдастық жиналыстарын өткізу арқылы ұйымдастырады.


2. Облыстарға, аудандарға, республикалық және облыстық маңызы
бар қалаларға, қаладағы аудандарға, елді мекендердің құрамдас
бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың
атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті
аумақ халқының пікірін ескеру тәртібі

      4. Тиісті жергілікті атқарушы органдар облыстарға, аудандарға, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға, қаладағы аудандарға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру үшін қажетті материалдарды тиісті мәслихаттардың қарауына енгізеді.

      5. Тиісті аумақ халқының пікірі мәслихаттың тұрақты комиссияларының өткізілген көпшілік тыңдауларының негізінде ескеріліп, хаттамамен ресімделеді.


      6. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссияларының хаттамалары жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      7. Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссияларының хаттамасымен ресімделген облыстарға, аудандарға, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларға, қаладағы аудандарға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының ескерілген пікірі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті ономастика комиссияларының қарауына ұсынылады.



3. Ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, аудандық маңызы
бар қалаларға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру
және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының
транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ
халқының пікірін ескеру тәртібі

      8. Ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, аудандық маңызы бар қалаларға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру үшін жергілікті атқарушы органдар ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерімен бірлесе отырып:

      1) жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу мерзімін анықтайды және оның өткізілетін күніне дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өздерінің интернет-ресурсында орналастырылады (бар болса) және тиісті аумақта таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жиналыстың күн тәртібі, өткізілетін күні, орны және уақыты көрсетілген хабарландыру орналастырады;


      2) өздерінің интернет-ресурстарында (бар болса) және бұқаралық ақпарат құралдарында қажетті құжаттар мен материалдарды орналастырады.

      9. Ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, аудандық маңызы бар қалаларға, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру ашық дауыс беру арқылы жүзеге асырылып, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Дауыс беру қорытындысы жиналыс өткен жерде жарияланып, хаттамамен ресімделеді.

      10. Хаттамада «қолдап» немесе «қарсы» дауыс бергендердің жалпы саны көрсетіледі. Хаттамаға жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысқандардың тізімі қоса тіркеледі.

      11. Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамалары ол өткізілгеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарында (бар болса) және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      12. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақ халқының пікірін ескерудің қорытындысы бойынша бірлескен шешіммен тиісті ономастика комиссияларының қарауына ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша ұсыныс енгізеді.

      13. Ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қорытындысы бойынша аудандық жергілікті атқарушы органдарға елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша ұсыныс енгізеді.

      14. Аудандық жергілікті атқарушы органдар тиісті ономастикалық комиссиялардың қарауына ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша ұсыныс енгізеді.

ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ҮЛГІ РЕГЛАМЕНТІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы

7 тамыздағы № 295 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 қыркүйекте № 15630 болып тіркелді.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламенті бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлерді талдау және бағалау департаменті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін, сондай-ақ осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Т. Сүлейменов

"КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 7 тамыз




 

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 7 тамыздағы
№ 295 бұйрығымен
бекітілген


ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖИНАЛЫСЫНЫҢ ҮЛГІ РЕГЛАМЕНТІ
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламенті (бұдан әрі – Үлгі регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Үлгі регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;

      3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері;

      4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;

      5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.

      3. Жиналыс регламентін аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты бекітеді.


2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыруды

жүргізу тәртібі

      4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мына мәселелер:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ (бұдан әрі – ауылдық округ) бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      ауылдық округ әкімі аппаратының ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;

      бюджетің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      ауылдық округ әкімін сайлауды өткізуге аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатына одан әрі ұсыну үшін ауылдық округ әкімінің қызметіне аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі ұсынған кандидатураларды келісу;

      ауылдық округтің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.

      5. Жиналысты ауылдық округ әкiмі дербес не ол жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) өкілеттік берген, жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылуы мүмкін.

      Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге ерікті нысанда жазбаша өтінішпен жүгінеді.

      Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.

      6. Жиналысқа шақыру уақыты, шақырылым орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілдермен хабардар етіледі.

      Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.

      7. Жиналысты шақыру алдында әкім аппараты жиналысқа қатысушы мүшелерді тіркеуді өткізеді, оның нәтижесін әкім немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкілеттік берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткізу орны мен уақытын көрсете отырып енгізеді.

      Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жиналысты шақыруды әкім немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.

      Жиналысты шақыруды жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.

      9. Жиналыстың күн тәртібін ауылдық округ әкімінің аппараты жиналыс мүшелері, тиісті аумақтың әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады.

      Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.

      Жиналысты шақырудың күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.

      Жиналысты шақырудың күн тәртібін жиналыс бекітеді.

      Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.

      10. Жиналысты шақыруға олардың мәселелері онда қаралатын аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаттары, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өкілдері шақырылуы мүмкін. Сондай-ақ жиналысты шақыруға бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатыса алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдерді қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

      11. Жиналысты шақыруларда баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламентін төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.

      Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады.

      Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады.

      Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды.
3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдер

қабылдау тәртібі

      12. Жиналыс өзінің құзіреті шеңберінде шақырылымға қатысушы жиналыс мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда, жиналыстың төрағасы шешуші дауыс беру құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жиналыстың төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және екі жұмыс күн ішінде ауылдық округ әкіміне беріледі.

      13. Жиналыста қабылданған шешімдерді ауылдық округ әкімі бес жұмыс күні мерзімінде қарайды.

      Әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешіміне келіспеушілігін білдіруге құқылы, осындай келіспеушілік тудырған мәселелер Үлгі регламентінің 2-тарауында көзделген тәртіпте қайта талқылау жолымен шешіледі.

      Ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.

      14. Ауылдық округ әкімі аппараты ауылдық округ әкімнің жиналыс шешімдерін қарау нәтижелерін бес жұмыс күн ішінде жиналыстың мүшелеріне жеткізеді.

      15. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өкілеттіктері шегінде жиналысты шақыруда қабылданған және ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.

      16. Жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді ауылдық округ әкімінің аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратады.


4-тарау. Жергілікті қоғамдыстық жиналысы шешімдерінің

орындалуын бақылау

      17. Жиналыста жүйелі түрде жиналыстың шешімдерін орындауға жауапты адамдардың ақпараттары тыңдалады.

      18. Шешімдерді орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиісті ақпарат хаттамаға енгізіледі, оны жиналыстың төрағасы аудан (облыстық маңызы бар қала) әкіміне немесе жиналыстың шешімін орындауға жауапты лауазымды адамның жоғары тұрған басшыларына жолдайды.

      Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі немесе тиісті лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ МЕН ҚОЛДАНУДЫҢ 2011 - 2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығы


      "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;

      2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

      Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының




Президенті

Н. Назарбаев



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет