Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 29 маусымдағы
№ 110 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011 - 2020 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Бағдарлама паспорты
Бағдарламаның атауы
|
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін негіз
|
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына; "Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 3-тармағына; Ел бірлігі доктринасына; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әзірленді
|
Бағдарламаны әзірлеу үшін жауапты мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
|
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін жауапты мемлекеттік органдар
|
Орталық және жергілікті атқарушы органдар
|
Бағдарламаның мақсаты
|
Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.
|
Міндеттері
|
Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау;
мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту;
мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру;
мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру;
мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;
қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;
тіл мәдениетін жетілдіру;
коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс тілінің қызмет етуі;
Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау;
ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену
|
Іске асыру мерзімі
|
2011 - 2020 жылдар
бірінші кезең: 2011 - 2013 жылдар
екінші кезең: 2014 - 2016 жылдар
үшінші кезең: 2017 - 2020 жылдар
|
Нысаналы индикаторлар
|
Мыналарды:
1) мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін (2017 жылға қарай - 80%, 2020 жылға қарай - 90%);
2) мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесін (2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 100%);
3) мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесін (2014 жылға қарай - 53%, 2017 қарай - 62%, 2020 жылға қарай - 72%);
4) тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуына қанағаттанушылық дәрежесін (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 75%, 2020 жылға қарай - 90%);
5) қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесін (2014 жылға қарай - 20%, 2017 жылға қарай - 60%, 2020 жылға қарай - 100%);
6) республикадағы орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесін (2020 жылға қарай - 90%);
7) этномәдени бірлестіктер жанындағы қазақ және ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесін (2014 жылға қарай - 60%, 2017 жылға қарай - 70%, 2020 жылға қарай - 80%);
8) республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 22%, 2020 жылға қарай - 25%);
9) республикадағы үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесін (2014 жылға қарай - 10%, 2017 жылға қарай - 17%, 2020 жылға қарай - 20%) ұлғайту.
|
Қаржыландыру көздері мен көлемі
|
2011 - 2020 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады. Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны 19 134 946 мың теңгені құрайды. 2011 - 2020 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ МЕН ҚОЛДАНУДЫҢ 2011 – 2019 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 401 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Бағдарламаның іске асырылуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де ұйымдар (келісім бойынша):
1) Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;
2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017 – 2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 23 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлiгiне жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
|
Б. Сағынтаев
|
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2018 жылғы 2 шілдедегі
№ 401 қаулысымен
бекітілген
|
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ Бағдарлама паспорты
Бағдарламаның атауы
|
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін негіз
|
Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына; "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 3-тармағына; Ел бірлігі доктринасына сәйкес әзірленді
|
Бағдарламаны әзірлеу үшін жауапты мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі
|
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін жауапты мемлекеттік органдар
|
Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар
|
Бағдарламаның мақсаты
|
Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты
|
Міндеттері
|
Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау;
мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту;
мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру;
мемлекеттік тілді қолданудың мәртебесін арттыру;
мемлекеттік тілге сұранысты арттыру;
қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеу;
қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізу, тіл мәдениетін жетілдіру;
орыс тілінің коммуникативтік-тілдік кеңістікте қызмет етуі;
Қазақстандағы тілдік әралуандықты сақтау;
ағылшын және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену,
оқытудың үштілді моделін дамыту;".
|
Іске асыру мерзімі
|
2011 – 2019 жылдар:
бірінші кезең: 2011 – 2013 жылдар
екінші кезең: 2014 – 2016 жылдар
үшінші кезең: 2017 – 2019 жылдар
|
Нысаналы индикаторлар
|
Мыналарды:
1) мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін (2016 жылы – 80 %, 2017 жылы – 83 %, 2018 жылы – 85 %, 2019 жылы – 90 %);
2) мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесін (2016 жылы – 70 %, 2017 жылы – 80 %, 2018 жылы – 90 %, 2019 жылы – 100 %);
3) мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тіліндегі контенттің үлесін (2017 жылы – 70 %, 2018 жылы – 71 %, 2019 жылы – 72 %);
4) қазақ тілінің реттелген терминологиялық қорының үлесін (2013 жылы – 20 %, 2016 жылы – 60 %, 2017 жылы – 75 %, 2018 жылы – 90 %, 2019 жылы – 100 %);
5) тұрғындардың ономастикалық комиссиялардың жұмысындағы шешім қабылдау процесін талқылау кезінде қоғамдық қолжетімділік пен ашықтық қағидаттарының сақталуы бөлігінде қанағаттанушылық дәрежесін (2013 жылы – 60 %, 2016 жылы – 75 %, 2017 жылы – 80 %, 2018 жылы – 81%, 2019 жылы – 82 %);
6) республикадағы орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесін (2017 жылы – 89 %, 2018 жылы – 89 %, 2019 жылы – 89 %);
7) этномәдени бірлестіктер жанындағы қазақ және ана тілдерін оқытатын курстармен қамтылған этностардың үлесін (2013 жылы – 60 %, 2016 жылы – 70 %, 2017 жылы – 73 %, 2018 жылы – 78 %, 2019 жылы – 80 %);
8) республикадағы ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін (2013 жылы – 10 %, 2016 жылы – 22 %, 2017 жылы – 23 %, 2018 жылы – 25 %, 2019 жылы – 27 %);
9) республикадағы үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген тұрғындардың үлесін (2013 жылы – 10 %, 2016 жылы – 20,5 %, 2017 жылы – 22 %, 2018 жылы – 24 %, 2019 жылы – 25 %) ұлғайту.
|
Қаржыландыру көздері мен көлемі
|
2011 – 2019 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады. Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны 19134,9 млн. теңгені құрады. Бағдарламаның екінші кезеңін іске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны 9 702,1 млн. теңгені құрады.
Бағдарламаның үшінші кезеңін іске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны 7264,5 млн. теңгені құрайды.
Бағдарламаны үшінші кезең бойынша қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерді тиісті қаржы жылдарына қалыптастырған кезде нақтыланатын болады.
|
БӨЛЕК ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖИЫНДАРЫН ӨТКІЗУДІҢ ҮЛГІ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы
18 қазандағы № 1106
қаулысымен бекітілген
Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.
2. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады.
Тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің және ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.
ОБЛЫСТЫҚ ОНОМАСТИКА КОМИССИЯЛАРЫ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАЛАРДЫҢ, АСТАНАНЫҢ ОНОМАСТИКА КОМИССИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ ҮЛГІ ЕРЕЖЕНІ БЕКІТУ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 24-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгі ереже (бұдан әрі – Үлгі ереже) бекітілсін.
2. Үлгі ережеге сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары бір ай мерзімде облыстық ономастика комиссиялары, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы ережелерді бекітсін.
3. Осы қаулы 2013 жылғы 24 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы
24 сәуірдегі № 396
қаулысымен бекітілген
Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы
үлгі ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгі ереже (бұдан әрі – Үлгі ереже) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 24-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары (бұдан әрі – Комиссия) жергілікті атқарушы органдардың жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, сондай-ақ осы Үлгі ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру және сақтау бойынша бірыңғай көзқарасты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзiрлеу;
2) ономастика мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3) бұрын атауы жойылып кеткен тарихи топонимдердi қалпына келтiру жөнiнде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
5. Жүктелген мiндеттердi шешу мақсатында:
1) облыстық ономастика комиссиялары:
ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту бойынша қорытындылар береді;
аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар береді;
2) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясымен келісілгеннен кейін – қаладағы аудандарға, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрамдас бөлiктерiне атау беру және қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар береді.
6. Өз міндеттері мен функцияларына сәйкес Комиссия:
1) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың атқарушы органдарының өкілдерін Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыруға қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
3) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
4) бұрын атауы жойылып кеткен тарихи топонимдердi қалпына келтiру жөнiндегі ұсыныстарды қарауға;
5) ономастика мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясына ұсыныстар енгізуге құқылы.
3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
7. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, Комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
8. Комиссияны облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар лауазымды тұлға басқарады.
Комиссияның дербес құрамын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі бекітеді.
Комиссияның құрамына тиісті мәслихаттардың депутаттары, ғалымдар, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мамандар және өзге де тұлғалар, олардың келісімі бойынша енгізіледі.
9. Комиссия мүшелері өздерінің қызметтеріне алмастыру құқығынсыз қатысады.
10. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызметке және оның шығаратын шешімдеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауапты болады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
11. Комиссия хатшысы болып облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының тіл саясаты мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшесінің бөлім бастығынан төмен емес мәртебесі бар лауазымды тұлға айқындалады.
12. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының тіл саясаты мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшесі Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады.
13. Жұмыс органы:
1) Комиссия жұмысының ұйымдық-техникалық қамтамасыз етілуін;
2) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастыруды;
3) Комиссия отырыстарының материалдарын, Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын дайындауды;
4) Комиссия мүшелеріне Комиссия отырысының өткізілуіне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қажетті материалдарды қоса күн тәртібін жібереді.
14. Комиссия отырыстарын оның төрағасы қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде төрт рет шақырады.
15. Комиссияның отырыстары, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.
16. Комиссия шешімдері оның отырысына қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелері ерекше пікірге ие, оны білдірген жағдайда пікір жазбаша түрде жазылуға және Комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.
17. Комиссия шешімдері қорытынды түрінде ресімделеді және оған төраға, хатшы, отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері қол қояды.
18. Комиссияның жұмыс органы облыстық ономастика комиссияларының қорытындысын Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарға береді (жібереді).
19. Комиссияның жұмыс органы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының қорытындыларын отырыс өткізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясына келісу үшін жібереді.
20. Комиссияның жұмыс органы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының қорытындыларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясынан келісім алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде береді (жібереді).
алматы
облысының
әкімі
ӨКІМ
|
|
аким
алматинской
области
РАСПОРЯЖЕНИЕ
|
АЛМАТЫОБЛЫСЫНЫҢӘКІМДІГІАКИМАТАЛМАТИНСКОЙОБЛАСТИАЛМАТЫОБЛЫСЫНЫҢӘКІМДІГІАКИМАТАЛМАТИНСКОЙОБЛАСТИАЛМАТЫОБЛЫСЫНЫҢӘКІМДІГІАКИМАТАЛМАТИНСКОЙОБЛАСТИАЛМАТЫОБЛЫСЫНЫҢӘКІМДІГІАКИМАТАЛМАТИНСКОЙОБЛАСТИАЛМАТЫОБЛЫСЫНЫҢӘКІМДІГІАКИМАТАЛМАТИНСКОЙОБЛАСТИАЛМАТЫОБЛЫСЫНЫҢӘКІМДІГІАКИМАТАЛМАТИНСКОЙОБЛАСТИАЛМАТЫОБЛЫСЫНЫҢӘКІМДІГІАКИМАТАЛМАТИНСКОЙОБЛАСТИАЛМАТЫОБЛЫСЫНЫҢӘКІМДІГІАКИМАТ
|
040000, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік
көшесі, 38. тел.: (7282) 24-68-37
|
|
040000, город Талдыкорган, ул. Тәуелсіздік, 38, тел.: (7282) 24-68-37
|
2013 жылғы 29 мамыр № 154
Алматы облысының
ономастикалық комиссиясын
құру және оның Ережесін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі «Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы» № 396 Қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысының ономастикалық комиссиясы құрылсын (бұдан әрі – Комиссия).
2. Комиссия туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С. Мұқановқа жүктелсін.
Облыс әкімі А. Мұсаханов
Алматы облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 мамырдағы №154 қаулысына
қосымша
Алматы облысының ономастикалық комиссиясының
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Алматы облысының ономастикалық комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі –Ереже) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 24-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Алматы облысының ономастикалық комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) Алматы облысы аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру және сақтау бойынша бірыңғай көзқарасты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзiрлеу;
2) ономастика мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3) бұрын атауы жойылып кеткен тарихи топонимдердi қалпына келтiру жөнiнде ұсыныстар әзірлейді.
5. Жүктелген мiндеттердi шешу мақсатында:
1) Алматы облысының ономастикалық комиссиясы:
ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, оларды қайта
атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және
өзгерту бойынша қорытындылар береді;
аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің құрамдас бөлiктерiне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту бойынша қорытындылар береді;
6. Өз міндеттері мен функцияларына сәйкес Комиссия:
1) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ауданның, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың атқарушы органдарының өкілдерін Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыруға қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
3) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
4) бұрын атауы жойылып кеткен тарихи топонимдердi қалпына келтiру жөнiндегі ұсыныстарды қарауға;
5) ономастика мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясына ұсыныстар енгізуге құқылы.
3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
7. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, Комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.
8. Комиссияны облыс әкімінің орынбасарынан төмен емес мәртебесі бар лауазымды тұлға басқарады.
Комиссияның дербес құрамын облыстың әкімі бекітеді.
Комиссияның құрамына тиісті мәслихаттардың депутаттары, ғалымдар, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мамандар және өзге де тұлғалар, олардың келісімі бойынша енгізіледі.
9. Комиссия мүшелері өздерінің қызметтеріне алмастыру құқығынсыз қатысады.
10. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызметке және оның шығаратын шешімдеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауапты болады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
11. Комиссия хатшысы болып облыстың жергілікті атқарушы органдарының тіл саясаты мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшесінің бөлім бастығынан төмен емес мәртебесі бар лауазымды тұлға айқындалады.
12. Облыстың, жергілікті атқарушы органдарының тіл саясаты мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшесі Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады.
13. Жұмыс органы:
1) Комиссия жұмысының ұйымдық-техникалық қамтамасыз етілуін;
2) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастыруды;
3) Комиссия отырыстарының материалдарын, Комиссияның ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын дайындауды;
4) Комиссия мүшелеріне Комиссия отырысының өткізілуіне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қажетті материалдарды қоса күн тәртібін жібереді.
14. Комиссия отырыстарын оның төрағасы қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде төрт рет шақырады.
15. Комиссияның отырыстары, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды деп есептеледі.
16. Комиссия шешімдері оның отырысына қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
Комиссия мүшелері шешім қабылдау кезінде тең дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелері ерекше пікірге ие, оны білдірген жағдайда пікір жазбаша түрде жазылуға және Комиссия отырысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.
17. Комиссия шешімдері қорытынды түрінде ресімделеді және оған төраға, хатшы, отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері қол қояды.
18. Комиссияның жұмыс органы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысын Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдарға береді (жібереді).
___________________________________________________________
Алматы облысының ономастикалық комиссиясының дербес құрамы
Ақан Жылқышыбайұлы
Абдуалиев
|
-
|
облыс әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы
|
Айдар Карбозұлы
Башбаев
|
-
|
облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы, комиссия төрағасының орынбасары
|
Ермек Сүндетбайұлы
Ақшабаев
|
-
|
облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы, комиссия хатшысы
|
Комиссия мүшелері
|
Рустам Әлиұлы
Алпысбаев
|
-
|
облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы
|
Дәурен Қабдолданұлы Жүнісов
|
-
|
облыстық білім басқармасының басшысы
|
Әлия Әлімжанқызы Жақыпбекова
|
-
|
облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы
|
Дәркен Нұржанұлы
Нұржанов
|
|
облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы
|
Ғабит Тұрсынбайұлы
Тұрсынбай
|
-
|
Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы облысы бойынша хатшылық меңгерушісі
|
Ғалиасқар Төлендіұлы
Сарыбаев
|
-
|
«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
|
Ермек Әбілмәжінұлы
Келемсейіт
|
-
|
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)
|
Қанипаш Қайсақызы
Мәдібаева
|
-
|
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы (келісім бойынша)
|
Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 қаңтарда № 12938 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 11-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 278 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 378 Бірлескен бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7845 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілерінің жинағында 2012 жылы № 19 болып жарияланған (таралымның шығу күні 2012 жылғы 22 қазан) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамамен бекітілген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің баспа және электрондық түрде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпараттар орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму Ұлттық экономика
министрі министрі
________________ Ә. Исекешев ______________ Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
_______________ Б. Имашев
20___ жылғы « » ______
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
_______________А.Мұхамедиұлы
2015 жылғы 29 желтоқсан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНДАҒЫ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК
ОБЪЕКТІЛЕРІН АДРЕСТЕУ ҚАҒИДАЛАРЫ
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1262 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 783 бірлескен бұйрығымен бекітілген
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 11-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер пайдаланылады:
1) алдын ала берілген мекенжай (жобалық нөмір) – объектіні пайдалануға бергенге дейін жобалау алдындағы құжаттаманы ресімдеу кезеңінде берілетін жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайы;
2) атау – елді мекеннің құрамдас бөлігіне берілетін, оларды белгілеу мен тануға қызмет ететін жалқы есімдер;
3) әкімшілік-аумақтық бірлік – Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы жүйесiнің құрамдас бөлігі (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс);
4) гараж – автомобиль көлік құралын тұрақты немесе уақытша сақтауға арналған құрылыс;
5) ғимарат – адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, мiндеттi түрде жер бетiне салынып, тұйық көлемдi құрайтын, тiреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы. Ғимараттың жерасты бөлiгi болуы мүмкiн;
6) даңғыл – жалпы қалалық маңызы бар жол немесе көше;
7) елдi мекен – республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемiнде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан, есепке алынған және тiркелген, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басқаратын бiр бөлiгi;
8) елді мекендердің құрамдас бөліктері – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Елді мекендердің құрамдас бөліктері типтері атауларының тізбесінде көрсетілген көше, даңғыл, тұйық көше, бульвар, шағын аудан және өзге де құрамдас бөліктер;
9) жапсарлас-жанастыра салынған үй-жайлар – негізгі ғимаратқа жанастыра салынған, сондай-ақ оның бөлігіне жапсарлас салынған үй-жайлар;
10) жапсарлас салынған үй-жайлар – жеке кіру есігі бар, негізгі ғимараттың көлемінде орналастырылатын қоғамдық мақсаттағы үй-жайлар;
11) жол – көлiк құралдарының жүруі үшін жайластырылған немесе ыңғайластырылған және пайдаланылатын жердің барлық бөлінген жолағы не жасанды құрылыстың үстi. Жол бiр немесе бiрнеше жүру бөлiктерiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және олар болған кезде бөлу жолақтарын қамтиды;
12) жылжымайтын мүлік (бұдан әрі – жылжымайтын мүлік объектілері) – жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтірілмей көшірілуі мүмкін болмайтын объектілер;
13) жылжымайтын мүліктің бастапқы объектісі – әртүрлі функционалдық мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, сондай-ақ ерекше реттеу және қала құрылысын регламенттеу объектілері;
14) жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісі – құқықтарды тіркеу мақсатында меншіктің жеке (бөлек) құқық (өзге де заттық құқық) объектілері ретінде оларға кадастрлық нөмірлер берілетін тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар;
15) жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу (бұдан әрі – адрестеу) – жеке реттік нөмір бере отырып Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісіне сәйкес жылжымайтын мүлік объектісін айқындау және елді мекен мен осы елді мекеннің құрамдас бөлігіне жатқызу;
16) кезекші жоспар – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің жүзеге асуына мониторинг жүргізуге арналған мемлекеттік қала құрылысы кадастрының құрамдас бөлігі болып табылатын және жер учаскелері мен жылжымайтын мүлік объектілерін, азаматтық немесе басқа да құқықтағы жеке дербес объектілер ретінде бастапқы объектілердің кеңістіктік бөлігін сәйкестендіретін ақпараттық деректері бар қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі картографиялық негіз;
17) корпус – бір жер учаскесінде орналасқан және функционалдық мақсаты бойынша біріктірілген ғимараттар мен құрылыстар кешенін білдіретін бірыңғай кешенге кіретін ғимарат пен құрылыс;
18) көше (көшенiң көлiк жүретiн бөлiгi) – елдi мекендер шекарасының шегiндегi автомобиль жолы;
19) құрылыс – табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты). Құрылыс көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн;
20) мансардттық қабат – қасбеті толығымен немесе жартылай еңкіс беттен (беттерден) немесе сынық төбеден пайда болған шатырдағы кеңістіктегі қабат;
21) мекенжай – жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жерін сипаттау (өңір, елді мекен, елді мекеннің құрамдас бөлігі, бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі, жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісі (бар болған жағдайда);
22) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «Мекенжай тіркелімі» АЖ) – Қазақстан Республикасының мекенжай өрiсiн біріздендіру және мекенжайлары туралы деректерді қалыптастыруға, жинақтауға және өңдеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
23) мекенжайдың тіркеу коды (бұдан әрі – МТК) – «Мекенжай тіркелімі» АЖ бірігетін жылжымайтын мүлік объектілері мекенжайының бірегей коды;
24) Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МҚК ААЖ) – картографиялық және атрибутивтік кеңістікте үйлестірілген деректерді (геокеңістік деректерін) жинауды, сақтауды, өңдеуді, қол жеткізуді, бейнелеуді және таратуды қамтамасыз ететін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мамандандырылған ақпараттық жүйесі;
25) объектінің реттік нөмірі – бас әріптің қосылуы мүмкін немесе қосымша бүтін цифрлардың (екі таңбадан көп емес) бөлшегі арқылы бірізді цифрлардан тұратын объект мекенжайының деректемесі. Бұл ретте нөмірде есімдіктер (мысалы «Я» әрпі), аліпбидегі қазақ әріптері (Ә, І, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ү, Ұ, Һ), айтылуы қиын әріптер (дыбыссыз) және цифрға ұқсас әріптер (О, Ж, З, И, Х, Ц, Ч, Ш, Щ, Ь, Ы, Ъ) алып тасталады;
26) орам – құрылыстың көшелермен/тұйық көшелермен бөлінбеген құрылымдық элементі;
27) сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – сәулет және қала құрылысы органы) – сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі саласында реттеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
28) тіркеуші орган – мемлекеттік тіркеуді жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша жүзеге асыратын аумақтық әділет органдары.
29) тұрақты адрестеу – осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілеріне тұрақты мекенжай беру;
30) тұрғын үй-жай (пәтер) – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, тұрғынжайдың тұрғын алаңын да, тұрғын емес алаңын да қамтитын жеке үй-жай;
31) үй-жай – тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі әрленбеген беті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып табылады;
32) шағын аудан – құрылыстың қала құрушы құрылымдық-жоспарлық элементі.
3. Қазақстан Республикасы аумағындағы объектілерді адрестеу жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі.
4. Объект мекенжайы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылады.
5. Объект мекенжайы:
облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық округтің, кенттің, ауылдың атауларынан;
елді мекеннің құрамдас бөліктерінің атауынан;
бастапқы объектінің нөмірінен;
кейінгі объектінің нөмірінен тұрады.
Адрестеу кезінде пайдаланатын жылжымайтын мүлік объектілері типтерінің тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.
Жылжымайтын мүлік объектісінің типіне байланысты мекенжайдың құрылымы қосымша элементтермен (корпус, блок, қатар, өтпе жол, желі) толықтырылады.
6. Мекенжайдың деректемелері (жалпыдан жекеге) дедуктивтік тәсілмен жазудың белгілі бір жүйесі бойынша көрсетiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |