Әдістемелік нұСҚаулық


№18 тақырып. Грунттан секіріп шыққан допты табанның ішкі



Pdf көрінісі
бет17/51
Дата07.02.2022
өлшемі143,42 Kb.
#91562
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Байланысты:
RF8M35, 65214
№18 тақырып. Грунттан секіріп шыққан допты табанның ішкі
бөлігімен қабылдау.
Бұл тәсіл доп аса үлкен емес траекториямен қарсы
ұшып келе жатқан кезде қолданылады, қабылдаушы ойыншының алдына
түседі. Доп секіріп кетпес үшін табанның ішкі бөлігімен жерге соғылғаннан
кейін ғана тоқтату қажет.
Тіреулі аяқты кішкене тізеге бүгу, аяқ ұшын жақындап келе жатқан доп
бағытына бұру. Осы күйде бір немесе бір жарым табанға грунттан ұшып
шыққан допты күтетін жерден алға аттау керек. Басқа аяқты табанның ішкі
бөлігімен соғудағы сияқты, табанның бойлық осі түсіп келе жатқан доп


бағытына перпендикуляр болатындай етіп, ортан жіліктің ұршық басымен
бұру керек. Аяқты артқа жіберілген күйде, сәл тізеге бүгулі қалпында сирақ
жермен 45
0
бұрыш жасағанша ұстап тұру керек. Тізе мен сирақ буындары
еркін болу қажет.
Жаттығулар:
1. Ең алдымен жаңа ойыншы допты қабылдауға арналған қалыпқа үйрену
керек және қажетті аяқ қозғалысын дұрыс орындауы қажет. Осы мақсатпен ол
тепе-теңдікті сақтап тіреулі аяқтың тізесіне жеңіл серіппелі қозғалыс
жасайды.
2. Үйренуші допты қабылдауға дайындық кезінде аяқты артқа жібереді. Осы
уақытта қарсы тұрған серіктесі допты грунтқа жетіп, үйренушінің артқа
жіберген аяқ табанының ішкі бетіне соғылғанша, төмен траекториямен
жібереді. Егер доптыңжерден секіру орны белгілі болса, жақсы болады.
Себебі допты қабылдаушының денесі қысыңқы болады да, оған уақыт өте
келе еркін ұстауына мүмкіндік керек болады, ең бастысы аяқ бұлшық еттерін
еркін ұстауы керек.
3. Үйренуші допты жұмыс істеп тұрған аяқтың жағындағы иық жаққа
түсетіндей етіп, өзінің басына дейінгі биіктікке жеткенше лақтырады. Допты
алдымен екінші рет секіргеннен кейін, сосын бірінші секіргеннен кейін
тоқтату керек. Спортшы денесін тіреулі аяқ бойымен ось қызметін орындап
айналдыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет