№22 тақырып. Допты сирақпен қабылдау. Қабылдаудың мақсаты
– допты өз алдына тоқтату, грунт пен сирақ арасында жасалатын бұрышта
қабылдау. Жерден секірген доп сираққа соғылып, ойыншыдан қашыққа ұшып
кетеді.
А ойыншы Б ойыншыға допты қысқаша береді. Ол допқа қарсы
жүгіреді және соғушы аяқтың сирағымен жерден секіріп шыққан допты
ұстайды. Сосын доппен біраз алға жүреді А ойыншыны алдандырады.
Жаттығуды оң және сол аяқпен жасайды.
№23 тақырып. Допты жамбаспен қабылдау. Доп жоғарыға секіріп
немесе секіргеннен кейін жерге құлайтындай етіп жамбаспен қабылдауға
болады.
Жаттығуды орындау кезінде дене еркін болу керек және сәл ғана алға
еңкеюлі, тіреулі аяқ серіппелі және жай ғана тізеге бүгулі, соғушы аяқ сәл
көтеріңкі, тізеге бүгулі және еркін болады, доппен жанасқанда серіппеленеді.
Жаттығулар:
1. Ойыншы допты жоғары-алға лақтырады, соңынан бірге ұмтылады да,
жамбаспен тоқтатады және кішкене жүргізеді.
2. Ойыншы допты серіктесіне лақтырады, ал ол оны жамбаспен, сосын жерде
табанмен тоқтатады.
3. Ойыншы серіктесіне допты лақтырады, ол жамбаспен тоқтатып, алға
қарай, екі жаққа, артқа бұрылыспен жүргізеді.