Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы



бет4/8
Дата02.10.2023
өлшемі178 Kb.
#183254
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Силлабус
6-тақырып. Көркем шығарманы оқыту.
Мектепте әдеби білім беру заңдылықтарын сақтаудың міндеттілігі (әдеби білім тұжырымдамасы, бағдарлама, оқулық). Пәннің функционалды қызметінің толықтығын сақтау, білімді ізгілендіру, оқу-тәрбие ісін демократияландыру, әдеби білімнің жүйелілігі мен үзіліссіздігі, ғылымилығы, оқушы жас ерекшелігіне лайықтылығы, түсініктілігі, тарихилық ұстанымы, пәнаралық байланыс т.б.
Көркем мәтінді меңгертуде мәнерлеп оқи білуге үйретудің маңызы. Мазмұндау, оның түрлері. Мәтінді меңгертудің талдау-жинақтау арқылы жүргізілетіндігі. Көркем шығарманың сыныптар жүйесі бойынша белгіленген әдеби білім көлеміне сай талдау арқылы жүзеге асатыны. Мектептік талдаудың оқушының әдеби қабілетін дамытуға қызмет ететіні. Көркем туындыны талдаудың педагогикалық принциптері. Талдаудың әдебиетті оқытуда кеңінен қолданылып жүрген түрлері. Образ бойынша талдау, оның өзіндік ерекшелігі. Тақырыптық талдаудың тиімді жақтары. Проблемалық талдау. Проблемалық талдаудың оқушыны көркем туындының ішкі әлеміне бойлатудағы ерекше қызметі. Тұтас талдаудың шығармадағы авторлық позицияны көре білуге қолайлылығы. Талдау түрлерінің өзара сабақтастығы.
Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 28-35 б], [2, 61-73], [12, 95-123 б], [17, 118-128 б], [18, 122-130 б], [19, 23-35 б], [20, 73-89 б].
7-тақырып. Эпикалық шығармаларды оқыту.
Эпикалық шығармаларды оқытуды ұйымдастыру. Шағын, орта, кең көлемді эпикалық түрге жататын эпикалық шығармаларды оқыту әдістемесіндегі өзгешеліктер. Проблемалық оқыту, оның эпикалық шығармаларды меңгертудегі тиімділігі. Проблемалық сұрақтардың қызметі. Проблемалық ситуация әдіс-тәсілдері. Оқытудың проблемалы түрінде іздену принципінің басым болуы, өздік жұмыстардың орындалады, оқушылардың ойлау қабілеті дамиды, шығармашылық қиял, әртүрлі болжамдар туындайды т.б. Көркем шығарманың көркемдік құндылығы мен тәрбиелік құнарының жан-жақты ашылатыны.
Шығарманың сюжеттік-композициялық желісіне талдау жасау жолдары. Көркем мәтінмен жүргізілетін ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері. Тіл дамыту жұмыстарының оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастырудағы қызметі. Эпикалық шығармаларды оқытудағы белгілі әдіскер мұғалімдердің кең тараған әдістемелік тәжірибелері.
Ұсынылатын әдебиеттер: [5, 85-101 б], [11, 53-62 б], [14, 59-62 б], [18, 14-19 б], [19, 112-128 б], [20, 3-9 б].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет