4-тақырып. Әдебиетті оқытуда базалық білім курсы мен тарихи-әдеби жоспарлау әдістері.
Сабақта өтілетін көркем шығарманы алдын-ала жоспарлаудың оқушының жүйелі әдеби-эстетикалық түсінігін қалыптастырудағы рөлі. Күнтізбелік, тақырыптық, сабақ жоспарларын жасау әдістемесі. Тақырыптық және сабақ жоспарларының құрылымы. Сабақ түрлері. Жаңа сабақ, қайталау, тексеру, бекіту сабақтары. Дәстүрлі емес сабақтар: экскурсия, баспасөз, сайыс, дуэт, кітапханалық, мұражайда өтетін сабақтар, т.б. мұғалімнің сабаққа әзірлігіне қойылатын талаптар.
Әдебиет оқулықтары мен оқу құралдары. Олардың педагогикалық-психологиялық, оқыту әдістемесі ғылымдарының соңғы жетістіктеріне сай жетілдіріліп, толықтырылып отыратыны.
Ұсынылатын әдебиеттер: [10, 12-18 б], [11, 3-11 б], [14, 86-114 б], [20, 113-119 б].
5-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістері.
Әдебиетті оқытудың әдебиеттің ғылымилығы және сөз өнері ретіндегі жетекші методологиялық принциптеріне сүйенетіндігі. Сол принциптерден туындайтын әдістемелік принциптер.
Әдебиетті оқыту процесі. Оқытудағы әдістердің алатын орны, қызметі. Әдебиетті оқыту әдістерінің мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегін тиімді ете түсентіндігі.
Оқытудың ауызекі әдістері: әңгіме, баяндау, дәріс, пікірлесу, т.б.
Оқытудың көрнекілік әдістері: кесте, ауызша журнал, схема, буклеттер, техникалық құралдар, оқу фильмдері, телесабақтар, иллюстрация, демонстрация.
Оқытудың практикалық әдістері: ауызша, жазбаша жаттығулар. Олардың әдеби білімді бекітудегі рөлі.
Шығармашылық оқу әдісі. Осы әдісті қолдануда шәкірттердің әдеби қабілетін шыңдауына, ықылас-зейінін көркем шығарманың ішкі микроқұрылымына бағыттауына мүмкіндік алатындығы.
Эвристикалық әдіс. Бұл әдістің шығармашылық әдіспен сабақтастығы, бірін-бірі толықтыратындығы. Көркем мәтінді талдауда шәкірттің интеллектуалдық ойлау қисынын қалыптастыратыны. әдеби шығарманың бойындағы адамгершілік, отаншылдық, философиялық, т.б. құндылықтар жөнінде шәкірт түсінігін қалыптастырудағы эвристикалық әдістің орны. Эвристикалық пікірлесу, оның әдеби материалды меңгертудегі пайдалы жақтары. Эвристикалық әдісті жүзеге асыратын тәсілдер.
Зерттеу әдісі. Зерттеу әдісінің оқушылардың алдына жоғары дәрежедегі теориялық және практикалық зерттеу міндеттерін қоятыны. Оқушылардың әдеби материал жөнінде дерек жинау (тәжірибе, эксперимент, бақылау, кітаппен жұмыс, т.б.) және оны жүйелеу, жинақтау, теориялық талдау жасау қабілетінің зерттеу әдісін қолдану процесінде қалыптасып дамитыны. Бұл әдістің эвристикалық әдіспен сабақтастығы, айырмашылықтары. Зерттеу әдісінің сыныптағы әдебиет сабақтарында қолдана бермейтіндігі. Арнайы теориялық проблема төңірегіндегі жеке зерттеу жүргізуге лайықтылығы. Репродуктивтік әдіс.
Бұл әдістің мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатыны. Оны қолдану процесінде оқушының білімді мұғалімнің дәрісінен, оқулықтан, қосымша әдебиеттерден дайын күйінде алатыны. Білімді берілген қалпында қабылдау арқылы екінші жақтың ойын ұғып, қабылдауға, еске сақтауға үйренетіні.
Ұсынылатын әдебиеттер: [5, 95-98 б], [7, 46-58 б], [10, 63-76 б], [11, 113-123 б], [15, 12-17 б], [18, 3-9 б], [19, 33-42 б], [20, 125-132 б].
Достарыңызбен бөлісу: |