2-тақырып. Әдебиетті оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы.
1917 жылға дейін қазақ жерінде үш түрлі мектептің өмір сүргендігі. Олар: Қадым мектебі, Жәдит мектебі, Медреселік білім беру жүйесі.
Ы.Алтынсариннің халық ағарту саласындағы тарихи тәжірибесі. Ы.Алтынсариннің қазақ мектептерін ашудағы еңбегі. Ы.Алтынсариннің ағартушылық көзқарастары және оқыту әдістемесіне қосқан жаңалықтары.
Қазақтың ағартушы-демократтарының халық санасын оятуға қосқан тарихи үлесі: Шоқан, Абай, Шәкәрім, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, т.б.
Әр кезеңде мектепке арналған әдебиет пәні бағдарламалары мен оқулықтарын жааудағы С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қирабаев, Ш.Кәрібаев, Т.Ақшолақов, т.б. еңбектері. Әдебиетті оқыту әдістемесінің негізін қалаудағы Ә.Қоңыратбаев пен А.Көшімбаевтың алатын орны. Олардың ғылыми-әдістемелік мұрасы.
Қазіргі кездегі қазақ әдебиетін оқытуды жетілдіруге байланысты соны әдістемелік ізденістер.
Ұсынылатын әдебиеттер: [14, 85-115 б], [18, 38-86 б], [19, 47-72 б].
3-тақырып. Жалпы білім беретін мектептегі әдебиет курсының мазмұны мен құрылысы.
Әдебиет оқу пәні ретінде халықтың көркем тарихын оқып-үйрену арқылы оқушылардың рухани дүниесінің қалыптасып, дамуын көздейтіндігі.
Әдебиет пәні бағдарламасының мемлекеттік құжат ретіндегі қызметі. Бастауыш (1-4), базалық білі (5-9) сыныптарында берілетін әдеби білім көлемі, өтілу принциптері мен мақсаты, 10-11 сыныптардағы тарихи-әдебиеттік курстың ғылыми негіздері, мақсаты, әдістемелік құрылымы.Базалық білі беру және тарихи-әдеби курстар негізіндегі әдеби білім берудің дамыта оқыту (сатылай, сұрыптай оқыту), көрнекілік, саналылық пен белсенділік, жүйелілік пен бірізділік, т.б. принциптері.
Әдебиет пәні бағдарламаларын мемлекеттік білім стандарты талаптарына сай жетілдіру, білім мазмұнын жаңарту бағытындағы соңғы кездегі әдіскер ғалымдарының ізденістері.
5-9 сыныптар курсы. Бұл сыныптағы оқушылардың психологиялық ерекшеліктері. Орталау сынып оқушыларының жас ерекшелігіне қатысты мәселелерінің бағдарламада қамтылу қажеттігі. 10 сыныпта оқылатын шығармалардың оқушылардың ұлттық рухани санасын, тарихи танымын, адамгершілік-эстетикалық көңіл-күйлерін қалыптастыруға ықпалы.
Оқушының ауызша және жазбаша тілін дамытуға шығармашылық белсенділігі мен өзіндік ізденістеріне байланысты жұмыс түрлерінің маңызы.
10-11 сыныптар курсы. Жоғары сыныптағы тарихи-әдебиеттік курстың базалық білім курсымен тығыз сабақтастығы. әдебиеттің тарихи курсының аталған сыныптарда кезең-кезеңімен белгілі бір хронологиялық жүйеде оқылатыны. Жоғары сыныптарда әдебиетті оқытуда әдебиеттану ғылымының жетістіктерін пайдаланудың тиімді жақтары.
Шетел және туыс халықтар әдебиетін оқыту ерекшеліктері.
Ұсынылатын әдебиеттер: [9, 86-94 б], [19, 115-132 б], [20, 58-69 б].
Достарыңызбен бөлісу: |