2 Аспап мінездемесі
Вертикалды ұзындықөлшегіш ИЗВ-2 бұйымның сыртқы өлшеулерін түйістірілген әдіспен өлшеуге арналған. 1-ші кестеде аспаптың негізгі мәндері келтірілген.
1 кесте
1
|
Шкала бойынша өлшеу,мм
|
0 – 100
|
2
|
Шкала бөлінуі,мм
|
1
|
3
|
Спиральді окуляр микрометрінің максимальды бөліну бағасы,мм
|
0,001
|
4
|
Ұзындықөлшеуіштің шектік қателік көрсеткіші
|
±(0,0014+L/140000)
|
Түйістірілген әдіспен аспапта өлшеулер жүргізе аламыз.
Өлшеуіш өзек өз салмағының әсерімен бұйым беттік қабатының соңымен түйістіріледі. Өлшеуіш өзек ішінде жоғары дәлдікті миллиметрлы шыны шкала орнатылған. Шкала жағдайы көлденең компаратор әдісін қамтамасыз етеді яғни өлшенетін ұзындық өзімен бірге миллиметрлі шкаланы жалғастыратын түзусызықты ұсынады, сонымен қатар шкала бөлінуінің жазықтығы өлшенетін өзек қозғалысына бағытталған оспен сәйкес келеді. Миллиметрлі шкала құрылғысының жарық көзі болып табылатындар: жарықсүзгіш, конденсатор және шамшырақ. Шкала сандарды және штрихтарды серіппелі окуляр-микрометр микраскопымен қарауға болады.
Ұзындықөлшеуіштің оптикалық жүйісі 4-ші суретте көрсетілген,
Мұндағы: 1- милиметрлі шыны шкала жамылғы шынымен 2;
3 – жарықтық шамшырағы;
4 – жарықсүзгіш;
5 – конденсатор;
6 – микроскоп объектіві
7 және 8 – жарық шоғырын 45º қа ауытқытатын призмалар;
9 – окуляр;
10 және 11 – спиральді микрометр шкалалары.
Ұзындықөлшеуіш вертикалді штатив пен өлшеуіш бастардан турады. Вертикальді штатив келесідей түрде құрылған. Негізіне 1 өлшеуіш бастарды көтеріп, түсіретін тісті ағашының бағыттауші бағанасына 2 «қарлығаш құйрығы» орнатылған. Үш реттеуші пышықтар 3 аспапты 4 деңгейімен орнатады. Бағыттаушы жоспарлаушаға 5 өлшенетін бұйым қойылатын 7 алмалы-салмалы қабырғалы стол 6 орнатылады. Столдың бетінде алмалы-салмалы столды тірейтін үш бұрандалы тесіктер болады. Стол 6 серіппелі фиксатормен 8 тіреледі. Өлшеуіш бас корпусы 9 кронштейнге 10 мықтылып орнатылған. Бағана бойынша кронштейнның орнын ауыстыруы тісті ағашқа жабысқан сермердің (маховик) тұтқасын 11 айналдырумен жүзеге асады. Кронштейн қажетті жағдайдағы бұрама 12 мықтылап орнатылады. Өзектің ішкі жағында 13 миллиметрлі шыны шкала орнатылған. Өзектің төменгі жағында ауырлық тығырығы 14 үшін арналған бұранда орналасады. Сонымен қатар осы жердегі өзекке өлшеуіш штифт отырғызылады, оған өлшеуіш ұш 15 орнатылады. Өзекті сермер көмегімен 16 жоғарыға айналдыруға болады. Сермерді тек қана оның шетжақтары бойынша айналдыру керек. Өзек өзінің салмағының әсерімен төмен түсіріледі. Оны бұрама көмегімен мықтылап орнатады.
Өлшеуіш бас корпусына есеп микроскопының 18 серіппелі окуляр микрометр орнықтырылған. Корпус басының қарама-қарсы жағында жарық патрондары орнатылған. Сермер (маховик) 19 пен бұрама 20 (6-ші сурет) нөлдік есепті құрастыруға қызмет етеді. Бұраманы 20 айналдыруда серіппелі окуляр микрометрның корпусы 21 салыстырмалы платаға 22 орын ауыстырады. Корпус плиталы бұрамаға орнықтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |