Әдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы



бет7/16
Дата26.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#193561
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
АМАН ЖҮРШІ, ҚАРТТАРЫМ! 2022, Қиық конус және оның элементтері (11сынып)
5.2 Қауіпсіздік шаралары
5.1 Тәжірибе жасауға МИС – 11 оптикалық микроскоптың жұмыс істеу принципі мен құрылысымен танысқан студенттер ғана жіберіледі.
5.2 Микроскоптағы өлшеулер тек оқу шеберінің рұқсаты мен жүргізіледі.
5.3 Желіге қосу алдында микроскоп төмендетілген трансформаторға қосылғанын қадағалау қажет.
5.4 Өлшеуден кейін жарықтандыру лампасы мен микроскопты желіден ажырату керек.


6 Бақылау сұрақтары

1 Беттің кедір−бұдырлығы қандай параметрлермен анықталады?


2 Ra, Rz, Sm, tp дегеніміз не?
3 Базалық ұзындық нені білдіреді және қандай жолмен алынады?
4 Сызбаларда беттің кедір бұдырлығын қалай белгілейміз?
5 Беттің кедір−бұдырлығын қандай аспаптармен анықтаймыз?



6.а сурет − Бірінші есеп бойынша



6.б сурет − Екінші есеп бойынша

2 зертханалық жұмыс - Сатылы біліктің дәлдік көрсеткішін өлшеу




Жұмыс мақсаты: Сатылы біліктің дәлдік көрсеткішін өлшеу тәсілімен танысу; ИЗВ-2 оптикалық ұзындықөлшегіш және әмбебеп өлшеуіш құралдар көмегімен жұмыс барысын бақылау.


Теориялық бөлімі
Білік дәлдігінің көрсеткіштік мінездемесі және өлшеу тәсілдері.
Өңдеу дәлдігі немесе техникалық дәлдік ыдырау аумағына сәйкес жіберілетін бұйым мөлшерінің шын ауытқу дәрежесімен бағаланады. Өлшеулер түсінігіне сызықтық және бұрыштық биіктіктер, пішіннің ауытқуы және бетте орналасуы жатады.
Кез келген бұйымның геометриялық ауытқу параметрлері, сонымен қоса сатылы білікті де келесідей түрлерге бөлуге болады.

  • өз өлшемінен ауытқуы

  • беттік қабатта орналасу бойынша ауытқуы

  • беттік пішіннің ауытқуы

  • толқынды беттер және кедір – бұдыр беттер.

Өлшемді ауытқуда біліктің жеке мойындарының диаметрі және беттердің арасындағы қашықтық т.б. ауытқулар бақыланады. Осыған қатысты терминдер мен анықтамалар МЕСТ 25347 (СТ СЭВ 144-75) пен орнатылған.
Біліктің беткі қабаттық орналасуы бойынша ауытқуында көбінесе біліктің цилиндрлы бетінің бірөстілік ауытқуынан жеке остеренің жалпы остерге қатысы бақыланады. Көрсетілген ауытқу 1 тетіктің екі соңғы қиылысында екі өлшеуіш бастар көмегімен 2 өлшенеді. (1 сурет). Бақыланатын бетті өлшегенде бірдей уақыт аралығында екі пышақ тәрізді призмалық тіректер 3 плитаға орнатылады. Біліктің әр бір мойнындағы біростілік ауытқуының биіктігі өлшеуіш бастың жартылай есеп шкаласы бойынша білік өз осін толық бір рет айналуымен анықталады.
Бірөстілік ауытқуда біліктің мойнына орталық остер қатынасы берілген кезде, деталь орталыққа орнатылады (1-ші суретте олар штрихты сызықтармен берілген). Ауытқуларды өлшеу және биіктіктерді анықтау әдісінде бұл ауытқулар алдында берілген мысалдарға ұқсас мысалдармен көрсетілген. Негізгі беттік қабатта орналасу бойынша ауытқу түрлеріне қатысты терминдер мен анықтамалар МЕСТ 24642 (СТ СЭВ 301-76) мен орнатылған.
Біліктің пішіні бойынша ауытқуында, заң бойынша оның цилиндрлы бетте көлденең қимасының және ені бойынша қиылысуында пішін ауытқуы бақыланады. Дөңгелек ауытқу шын профиль нүктесіне жақын дөңгелекке дейінгі ең көп арақашықтықпен анықталады (2.а сурет). Жіберу дөңгелегі Т дөңгелек ауытқуында рұқсат берілген мәндермен анықталады. Ауытқудың жеке түрлеріне сопақтық және огранка жатады. (2.б, 2.в суреттер).



1 сурет – Бірөстілік ауытқуын өлшеу схемасы





3 сурет - Радиальды және шетжақтық соғудың схемасы








2 сурет - Біліктің пішіндік ауытқуы көлденең қимасы және ені бойынша пішіндік ауытқуы


Цилиндрлы ауытқу шын беттік нүктеден цилиндрдың қалыпты аумағына L дейінгі ең көп арақашықтықта анықталады. Цилиндрлы рұқсат аймағы бірості цилиндрлармен шектелген жазықтық деп қабылданып, бірі екіншісінен арақашықтықта орналасқан цилиндрлы жіберушіге Т тең. Цилиндрлы бетте ауытқудың көлденең қимасының жазықтығында жатқан оның осі арқылы өтетін шын беткі қабатты құрайтын нүктелер, қалыпты аймаққа сәйкес келетін профильге жақын орналасқан жағы қолданылады. (2.г сурет). Осындай ауытқудың рұқсат беру аймағы Т мен белгіленеді. Профильді ауытқудың жеке түрлеріне конус тәрізді, бөшке тәрізді, ертоқым тәрізді, иілген ауытқулар жатады (2. 2.д, 2.е, 2.ж).
Бедерлеудің тақ санды қыры және біліктің иілген осі болмаған жағдайда цилиндрлы және дөңгелек ауытқуларды, білік диаметрінің ең минималды және ең максималды мәндерінің арасындағы жартылай өлшеулері алынады. Көрсеткіш есебі ең кемінде 6 нүктеден құралуы керек: біліктің үш қиылысының осі бойында (шеттері мен орталығында) және біліктің үш осі ені бойынша қиылысында (қиылыстары 120º арасында орналасуы керек). Негізгі пішін жіберушілер мен ауытқуларға қатысты көптеген терминдер мен арнайы анықтамалар МЕСТ 24642 (СТ СЭВ 301) мен орнатылған.
Біліктің дәлдігін анықтағанда көбінесе пішіннің ауытқуы мен оның беттік қабатта орналасуының қосындысы өте жиі бақыланады. Бұл дәлдік көрсеткіштің түріне біліктің цилиндрлы беттік қабатындағы радиальды және торцовое соғулар жатады, өлшеу схемасы 3-ші суретте көрсетілген. Бұл білік көрсеткішін өлшеу алдында, патрон немесе призма екі жағына орнатылады. Соғу биіктігін өлшеуіш құрылғысының көрсеткіші максимальды және минимальды мәндерді, 360º пен деталь толық айналғанда анықтауға болады.
Кедір – бұдырлы және толқынды дәлдік көрсеткіштері түзу емес біліктің беттік қабатында анықталады. Ал қазіргі жұмыста сатылы біліктің дәлдігін анықтауда олар қолданылмайды.
Жоғарыда аталған біліктің дәлдік көрсеткішін өлшеу үшін әр түрлі өлшеу құралдар мен бақылаулар қолданылады. Бұл құралдардың таңдауы өнеркәсіп масштабы мен бақыланатын тетіктің конструктивті негізіне тетіктің дайындау дәлдігінен тәуелді. Бұл жұмыста, өлшеулерді орындау барысында әмбебап өлшеуіш құрылғылар (штангенциркуль, микрометр) және оптико-механикалық аспап (вертикалды ұзындықөлшегіш ИЗВ-2) қолданылады.



4сурет -Ұзындықөлшегіштің оптикалық жүйесі

5 сурет - Вертикальды ұзындықөлшегіш ИЗВ-2




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет