1.3 Профиль ұзындығына қатысты кедір - бұдырлық параметрлер қасиеті Ауытқудың орташа қадамы Sm − базалық ұзындықта алынған тегіс емес беттің орташа қадамы.
(5)
мұндағы n − базалық ұзындықта алынған қадам саны
Smi − ең шеткң нүктемен шектелген және көрші екі нүктенің қиылысқан орташа ұзындық кесіндісіне тең профиль қадамы
S − негізгі профильдің орташа қадамы
(6)
мұндағы n − төбедегі тегіс емес беттің базалық ұзындықта алынған қадамы
Si − орташа кесіндіге тең, екі ең үлкен көрші нүктелердің проекцияларының арасында орналасқан тегіс емес профиль қадамы.
1.4 Тегіс емес беттің формасына байланысты кедір - бұдырлық параметрлері Профильдің тірек ұзындығы , bi кесіндінің ұзындығының қосындысы, Р деңгейінен бөлініп алынған материалдың эквидистантты орташа ұзындығы.
(7)
Профильдің салыстырмалы тірек ұзындығы tp − ол профильдің салыстырмалы тірек ұзындығының базалық ұзындыққа қатынасына тең
(8)
Профильдің тірек ұзындығын профильдің қимасының деңгейінде, берілген шығыңқы ұзындық пен қиылысқан эквидистантты ұзындық арақашықтығымен анықтайды. Шығыңқы профильдің ұзындығы деп − ең жоғарғы нүктеден өткен эквидистантты орташа ұзындықты айтамыз.
1.5 Беттің кедір – бұдырлығының белгіленуі МЕСТ 2309 (СТ СЭВ 1632) бойынша беттің кедір - бұдырлығын сызбамен жасалған бөлшектерде, жасалу әдісімен құрылысына байланысты емес белгіленеді. Кедір – бұдырлығы конструкцияда негізделмеген беттерде кедір – бұдырлық белгіленбейді. 2.а суретте кедір – бұдырлық мағынасының құрылымы берілген.
Беттің кедір – бұдырлығын белгілегенде, өндеу түрі конструкцияда қойылмаса, 2.б суретінде берілген белгіні қолданады. Бұл таңба ең оңтайлы . Егер материал бетін қабатты алу арқылы жасалса, беттің кедір – бұдырлығын 2.в белгіленеді. Мысалы, қайрау, фрезерлеу, тегістеу. Беткі қабатты алмай жасалған бөлшек 2.г белгісімен белгіленеді. Мысалы: құю, илемдеу, соғу. Өнделмеген беттің кедір – бұдырлығын да сол белгі мен белгілейді. Беттің кедір – бұдырлық параметрі Ra символсыз көрсетеді. Мысалы: 0,5 басқа параметрлер үшін Rmax6,3; Sm0,63; Rz62; 70. Мұнда ең үлкен босатылған параметр өлшемінің мағынасы көрсетіледі, ал кіші өлшемі шектелмейді. Беттің кедір – бұдырлық өлшемінің диапазонын көрсеткенде екі жолға сыйдырады. Жоғарғы жолда үлкен ауытқуға тең параметр жазылады.
1,00 0,080 0,80