Әдістемелік ұсыныстарға және нұсқауларға, әдістемелік ұсыныстарға, әдістемелік нұсқауларға арналған титул парағы


Бөлшек бетінің кедір – бұдырлығын бағалау



бет4/16
Дата26.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#193561
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
1.6 Бөлшек бетінің кедір – бұдырлығын бағалау
Бөлшек бетінің кедір – бұдырлығын сапалы анықтау, үлгілердің немесе үлгілі бөлшектердің көзбен немесе қолмен салыстыру арқылы жүргізіледі. МЕСТ 9378 механикалық өңдеумен алынған, үлгінің кедір – бұдырлығын тағайындауда гальванопластика бойынша оң іздерді алу және пластмасса іздерін бетке жағу қолданылады. Әрбір үлгіде өңдеу түрімен параметр өлшемі мкм мен көрсетіледі. Беттің кедір – бұдырлығын көзбен анықтауда, дәлдігі жоғары болу үшін салыстырмалы түрде микроскоп, лупа қолданады.

Беттерді өңдеу тәсілдері



2 сурет − Беттің кедір – бұдырлық құрылымының белгіленуі

Отандық өндірісте шығарылатын бір типтік құралдардың сипаттамасы 1- кестеде көрсетілген.


Кесте 1 − Беттің кедір – бұдырлығын анықтауда бір типті құралдардың негізгі метрологиялық сипаттамасы



Құрал типі

Атауы

Анықталатын параметрлері

Өлшеу шегі

Өлшеу қателігі %

Өлшеу ерекшелігі

МС ­ 51

Салыстыру микроскопы







Үлгімен салыстыру, байланыссыз

МИС–11



Ауыспалы обьективі бар қос микроскоп

Rz; Rmax
S, Sm

0,8-80

6-32

Жарықтық қима, байланыссыз

ОРИМ-1

Растрлық
микроскоп

Rz, Rmax

0,4-40

16

Муаровты кесінділер

253
252

Профилометр,
Профилограф­
сандық есептеуіші бар




2,5-0,04
250-0,02
60-0,05

10
10

Индуктивті түрлендіргішпен,
байланыссыз

Осы жұмыста тетіктің беттің кедір-бұдырлығының анықтау үшін ауыспалы объективтермен МИС−11 микроскобы қоданылады. Объективтердің сипаттамаларды 2 кестеде келтірілген.


2 кесте

Кедір­бұдыр-лықты бойынша
өлшеу аумағы, мкм

Объектив
шифрі



Фокустық
арақашықтық
F, мм

Микроскоптың бөлік құны, Е

Объектив
үлкеюі

Өлшеу қателігі, %

80−10

ОС−39

25,9

0,13

5,9

6−22

20−6,3

ОС−40

13,9

0,30

10,6

10−25

10−3,2

ОС−41

8,2

0,37

18

12−30

3,2−1,6

ОС−42

4,3

0,50

34,5

25−32



2 МИС – 11 микроскоптың бейнелеуі

МИС – 11 микроскобының жұмыс істеу принципі зерттелетін беттің профилін алуда, көлбеу түскен жарық шоғының түсуіне негізделген. 4 суретте оптикалық микроскоптың принципті сызбасы көрсетілген. Жарық шоғы саңылау арқылы диафрагма (1), содан кейін обьективке (2) түсіп, бетті жарықтандырады. Зерттелген бетке түскен (3) жарық шоғы 45° түседі. Беттің тегіс еместігі, жарық сәулелері жарық бетке түскенде ығысады. Жолақтын формасы зерттелетін профиль формасына тең. Қисайған жарық жолағы микроскоптағы обьективте (4) көрініп, окулярдің фокальді жазықтықтығына (5) түсіріледі. Микроскоп төрт ауыспалы, үлкею шегі 5,9-34,5 дейін жететін обьективі бар. Микроскоп көмегімен зерттелетін бетті суретке түсіруге мүмкіндік береді. Суретке түсіру үшін фотоотырғызу қолданылады. МИС – 11 оптикалық микроскобының көру аймағы кіші диаметрлі стандартқа сәйкес емес ұзындыққа тең.


МИС – 11 оптикалық микроскопының жалпы көрінісі 5 суретте көрсетілген. Микроскоп ауқымды негізге (1), вертикальді бағыттаушы білік бекітіліп (2), бұрандамасымен (4) кронштейнге (3) орнатылады.
Кронштейнге өткізуші (5) жалғанып, бақылау микроскобымен (6) жарықтандыру микроскобы (7) бір − бірімен 45° бұрышта орналасуына мүмкіндік береді. Бақылау микроскобында екі микрометрлік бұрама (9) отырғызу орналасқан. Бұрама микроскоптың орын ауысуына көмектеседі. Микроскоп негізінде денені қоятын үстелді (11), микрометрлі бұрама (12,13) көмегі мен екі бағытта қозғауға болады. Ауыспалы жарық сүзгісі бар лампа микроскоп комплект жиынына кіреді де, зерттелетін бөлшекті жарықтандыруына қызмет етеді. Микроскоптың жарық лампасы трансформатор мен 220 В желіден қоректенеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет