Әдістемелік тақырып



Дата07.02.2017
өлшемі244,34 Kb.
#8837
Жалтыр жалпы орта білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық әдістемелік бірлестігінің қорытындысы бойынша 2015-2016 оқу жылының есебі.
Әдістемелік тақырып.

Нәтижеге бағдарланған білім беруде мұғалімдердің кәсіптік шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастыру.



Әдістемелік жұмыстың мақсаты: мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін, шығармашылығын жетілдіріп, дамытудың тиісті әдістемелік көмек беру.

Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері:

  1. Әдістемелік апталықтар мен күндерді сапалы әзірлеп, өткізу және олардың мектеп басшыларымен мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдірудің рөлін көрсету;

  2. Сабақтың барлық түрлерінің жоғары әдістемелік деңгейде өтуін қамтамасыз ету;

  3. Жас мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру;

  4. Білім беру технологияларын енгізу арқылы сабақтардың сапасын көтеру.

  5. Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың тәжірибесін жинақтау және тарату;

  6. Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен олардың есебін жүргізу.Құжаттарын реттелікте ұстау.

  7. Оқулық, әдістемелік және дидактикалық материалдар әзірлеу.

  8. Оқушыларды тәрбиелеудің, олардың бойында жоғарғы көп мәдениеттілік қасиеттерді қалыптастырудың кешенді бағдарламасын жүзеге асыру.



2015-2016 оқу жылында мектетің жалпы білім беру жүйесі ҚР «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына Жолдауы, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүргізілді.

Әдістемелік бірлестігінің құрамының білімділік және сапалық деңгейі.

«Мұғалім-мәңгілік нұрдың қызметшісі» дегендей әдістемелік бірлестікте 6 мұғалім қызмет атқарды. Жоғары санатты мұғалім – 2, Забиева А.А(хим-биолог), Исина Д.Б.(географ). 1 санатты мұғалім: физик Мухамедова З.Д., 2 санатты: математик Дарабаева Д.А.санатсыз 2 мұғалім: информатик Мурат С, математик Жеңісхан Ж.

2015-2016 оқу жылының соңында 2 санатқа математика пәнінің мұғалімі Жеңісхан Ж. Және Мурат С. өтті.

Оқушы-дамушы тұлға. Оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан – жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз керек.
Туындайтын мәселе:

  • Озат пен екпінділер санын қанағаттанарлық деңгейден оңтайлы деңгейге жеткізу;

  • Бір немесе екі «4», «3» бар оқушылармен жеке-дара жұмысты ұйымдастыру

  • Мемлекеттік білім стандарттың іске асырылу.

ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты – 23.08.2012 жылғы №1080 бұйрығы және Қазақстан Республикасы білім және ғылым минсистірінің 03.04.2013 ж. №115 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН және ЕНГІЗІЛГЕН.

«Жаратылыстану» 5 сыныбына арналған бағдарламасы – Астана, 2013. ҚР Білім және ғылым Министрінің 03.04.2013 ж. № 115 бұйрығымен бекітілген. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, 2015-2016.

- Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленіп ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген «Өлкетану» (7-сынып) таңдаулы курс өткізілді.



Мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының негізінде және «2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік-нұсқау хатты басшылыққа алып құрастырылып, түсінік хаттары беріліп әдістемелік бірлестіктерде қаралып, педкеңесте бекітілді.
Вариативті компоненттің тиімділігі

Жұмыстық оқу жоспарының вариативті бөлігі оқушы шығармашылығының өзіндік даму сипатын қамтамасыз ету мақсатында факультатив, қолданбалы курстар берілді.

Вариативті компонентінен берілген сағаттардың оқытылуы бір жүйеге келтірілмеген. Сабақтар өз уақытында өткізілген, бірақ сабақ жоспарлары толық жазылған жоқ.

Авторлық бағдарламалар: 10 сынып «Ғұлама Шоқан» Исина Д.Б.

10 сынып «Картография негіздері» Исина Д.Б.

9 сынып «Тригонометрия әлемі» Дарабаева Д.А.

10 сынып «Генетика және селекция» Забиева А.А.

10 сынып «Генетикалық есептер шығару» Забиева А.А.

Информатика пәнінен: 5 сынып «Математикалық логика» Мурат С.

8 сынып «Компьютерлік графика және дизайн» Мурат С.

2-4 сынып «Информатика әлемі» Мурат С.

9 сынып «Flash бағдарламасын қолдану» Мурат С.



Туындайтын мәселе:

  • Вариативті бөлікте берілген қолданбалы курстарға рецензиялау;

  • Факультатив сабақтарына, элективті курстардың сапалы өтілуін бақылауға алып, сынақ жұмыстарын өткізу.

Әдістемелік бірлестік жұмысының отырыстары.

Тамыз айында әдістемелік бірлестігінің мүшелерін анықтап алдым. Химия-биология Забиева А,А, алгебра-геометрия 8-11сынып Дарабаева Д А. Математика 5-7сынып Женісхан Ж. Физика Мухамедова З.Д.. Информатика Мурат С., география 5-11сынып Исина Д.Б.

Әдістемелік бірлестігінің мүшелерін әдістемелік бірлестік ерекшеліктерімен таныстырдым.

2014-2015 оқу жылының есебін жасап, қанағаттанарлық баға беріп, келесі оқу жылына жылдық жұмыс жоспарын бекіттік.

Жыл бойы өтілген мектеп және оқушы компонеттерімен берілген сағаттарға құрастырылған бағдарлама бойынша әрбір пән мұғалімі есеп берді, құжаттарын таныстырды. Жыл бойы пән мұғалімдерінің мемлекеттік-нормативтік құжаттары тексеріліп, толықтырылып отырылды, барлық сабақтар әдістемелік нұсқау хатта берілген бойынша өтілді. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетілді. Күнтізбелік жоспар құрылды, бағдарлама орындалды. Жыл бойғы жоспар бойынша «0» І жарты жылдық ІІ жарты жылдық бойынша алынды, тексерілді,талқыланды,қатемен жұмыс жасалынды. Жоспар бойынша практикалық, зертханалық жұмыс дәптерге жазылып, тексеріліп отырылды. Ешқандай мұғалімде жасалынбай қалған жұмыс жоқ. Оқу стандарты орындалды.

Жас мамандармен жұмыс:



-Нормативтік құжат,оқу бағдарламасы

-Жас маманның кәсіби жетілудің жеке жоспарын жинақтау

-Интернет желісінің білім беру ресурстарын зерттеу

-Пед.этиканы, шешендік өнер, өзін-өзі ұстау мәдениетін зерттеу

-Сабаққа өзіндік талдау жасау жағдайларын қалыптастыруға үйрету.

-Сабақ барысында көрнекілік ,технология түрлерін қолдануға, дидактикалық материалдар жасауға, жас маманның әдістемелік папкасын жабдықтауға, жас маман және тәлімгер жұмыс жоспарын орындау

1 отырыс. 2015-2016 оқу жылының есебін талдадық. Жаңа жоспар құрдық. Әдістемелік хатпен танысып, күнтізбелік жоспар бекітілді. Мектеп және оқушы компонентінен берілген авторлық бағдарламалар талқыланды, бекітілді.

2 отырыс.

1. Пән мұғалімдердің мемлекеттік-нормативтік құжаттарын толықтыру.

2. Пән бойынша практикалық, зертханалық, бақылау жұмыс дәптерін жүргізу мәдениеті мен талаптарымен таныстыру.

3. Сыныптарды олимпиадаға дайындау.

4. «Ертіс Дарыны» орталығынан келгенстапсырмаларды орындау.

5. Ғылыми жоба.

6. ҰБТ, ОЖСБ-ға дайындық.

7. Пәндер бойынша бастапқы бақылау жұмысын құру, талдау, алу.

8. Әртүрлі марафондарға қатысу

9. Баяндама «Өздігінен білімін жетілдіру, педагогтық кәсіптік өсу шарты Исина Д.Б.

3 отырыс.

1. Сыныптық пән олимпиадасының қорытынды талдау.

2.Нормативтік құжаттарды тексеру.

3. Мектепішілік олимпиада өткізу.

4. Бастапқы бақылау жұмысын І тоқсандық бақылау жұмысымен салыстыру нәтижесі.

5. Баяндама «Жаңа технологиялық сабақтар».

4 отырыс.


  1. Аудандық пән олимпиадасының қорытындысы.

  2. Мұғалімнің мониторингтік папкасын тесксеру.

  3. Пән бойынша тоқсандық бақылау жұмыстарын салыстыру.

Ең жоғары ұпай география 8, 9, 10, 11 – 100%, информатика 10 сынып – 100%, қанағаттанарлық деңгейде 8 сынып информатика 40%, 6 сынып – 53%, 5 сыныпта – 69%, биология пәнінен 8 сыныпта – 50 %, ең төмен физика 8 сынып – 18%.

ҰБТ орташа ұпай 19ұпай география Батаева А; 17,3 ұпай алгебра, 14,4 ұпай биология Кайсина А.; физика 9,1 ұпай Абай Н.



  1. ҰБТ, ОЖСБ нәтижелері.

  2. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялық оқыту процесінде қолданудың дидактикалық мүмкіндігі.

5 отырыс. Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша пәндік онкүндік қорытындысы.

Жаратылыстану-математикалық пән мұғалімдерінің әдісі қызметін рейтингілік бағалау.

2015-2016 оқу жылында аттестатаудан өтетін мұғалімдердің шығармашылық есебі математика пәнінен Жеңісхан Ж., информатика пәнінен Мурат С.

6 отырыс.

1. ҰБТ папкаларын тексеру, толықтыру нәтижелері.

2. Емтихан материалдары сыныптан сыныпқа көшуге арналған материалдарды талдай, бекіту

3. Оқу бағдарламасын орындау.

4. Сабақты ұйымдастыру,

5. Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс қорытындысы.

Павлодар облысының білім беру басқармасының 2016 жылғы 3 мамырдағы «2015-2016 оқу жылын аяқтау» және Павлодар облысының жалпы білім беретін оқу орындарының білім алушыларының қорытынды аттестаттаудың өткізу туралы №110 бұйрығы

Май ауданының білім беру бөлімінің 2016 жылғы 5 мамырдағы №111 бұйрығымен

Мектепішілік 2016 жылғы 6 мамырдағы №67 бұйрығы негізінде аралық аттестаттау 31 мамырға дейін негізгі орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламасын меңгерген. 9 сыныптың оқушыларын қортынды аттестаттау 2016 жылғы 30 мамыр-15 маусым аралығында, жалпы орта білім беру оқу бағдарламасын меңгерген. 11 сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау 2016 жылғы 1-20 маусым аралығында осы бұйрықтарды орындау негізінде аралық аттестаттауға бекітілген емтихандар:

5 сынып математика пәнінен жазбаша 26 мамыр мұғалімі: Жеңісхан Ж.,

6 сынып математика пәнінен жазбаша 27 мамыр мұғалімі: Жеңісхан Ж.,

7 сынып алгебра пәнінен жазбаша 26 мамыр мұғалімі: Жеңісхан Ж.,

9 сынып география пәнінен ауызша 14 маусым мұғалімі: Исина Д.Б.

10 сынып география пәнінен ауызша 30 мамыр мұғалімі: Исина Д.Б.

10 сынып биология пәнінен жазбаша 26 мамыр мұғалімі: Забиева А.А.



7 отырыс. ҰБТ, ОЖСБ қорытынды маусым:

2015-2016 оқу жылының жылдық жоспарын талдау.

Өзін-өзі білімін жетілдіру туралы мұғалім есебі.

Мемлекеттік бағдарлама және білім стандарттарының орындалуы.



Біліктілігін арттыру курсы туралы.

Сапалы білім берудің бағыттарының бірі-мұғалімдер біліктілігін көтеру жұмысы. Осы жұмысты жүзеге асыру мақсатында облыстық біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес, аудандық білім беру бөлімінің жылдық жоспары негізінде жүзеге асырылады. Осы жоспар бойынша мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері курстарға жіберілді.

Мақсаты-маман ретінде кәсіби шеберліктерін жетілдіру және кәсіптік білімдері мен дағдыларын тереңдету.

Биылғы оқу жылында 2015 жылы 1 мұғалім, Павлодар қаласында. «Өрлеу» орталығында 1 мұғалім біліктілігін арттыру курсынан Дарабаева Д.А..өтті.Жалпы мұғалімдер санынан 33% пайызын көрсетті.

Мурат С 2015 жылы 21-25 қыркүйек аралығында «Pascal ABC.NET ортасында программалау негіздері» тақырыбы бойынша оқыту семинарын табысты аяқтады.

Туындайтын мәселелер:


  • ӘБ жетекшілері курстан өткен мұғалімнің құжаттарымен танысу, отырыстар ұйымдастыру;

  • 3 айлық курстардарға мұғалімдерді жоспар бойынша жіберу.

Педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмысы.

Мақсаты- аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің жұмыс нәтижесін біліктілік талаптарына сай екендігін анықтау.

2015-2016 оқу жылында 2 мұғалім өтініш берді.

2-санатқа математика пәнінің мұғалімі, Женісхан Ж, информатика пәнінің мұғалімі Мурат С.

Туындайтын мәселе:



  • Аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің облыс, аудан көлемінде өз тәжірибесімен бөлісіп, таратуды жоспарлау;

  • Республикалық, облыстық әдістемелік құралдарға өз материалдары жіберу;

  • Аттестаттау барысында жоспарланған іс-шаралардың орындалуын қатаң бақылауға алу.

Семинарға қатысу.

Жоспар бойынша теориялық семинар аудандық Жалтыр орта мектебінде өтті. Тақырыбы: Мектептегі әдістемелік жұмысты тиімді ұйымдастыру.


Мақсаты: Тиімді жолдарды кеңінен қолдана білу.

Әрбір пән мұғалімі жаңа технология арқылы сабақ берді. География Исина Д.Б. 9 сынып тақырыбы: «Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат ресурстары, халқы»



Қолданылған технологиясы: «Сын тұрғыдан ойлау технологиясының тиімділігі».

Сабақтың оқыту сапасы—81%

Химия пәнінен Забиева А.А. 10-сынып тақырыбы: Практикалық жұмыс №1 «Жаңа технология металлдар тақырыбына эксперименттік есептер шығару»

Қолданылған технологиясы: «Сын тұрғыдан ойлау технологиясының тиімділігі».

Оқыту сапасы-100%

Информатика пәнінен Мурат С тақырыбы: 3-сынып «Сыныптан тыс іс-шара»

Қолданылған технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау

Оқыту сапасы-90 %

Физика пәнінен Мухамедова З.Д.7-сынып.Тақырыбы: «Атмосфералық қысым.Торичелли тәжірибесі.Барометр.»

Қолданылған технологиясы: Мәселелік оқыту

Оқыту сапасы-77%

Математика Дарабаева Д.А Жеңісхан Ж. 5-сынып,тақырыбы: «Ондық бөлшектерді салыстыру».

Қолданылған технологиясы: Lesson study,сын тұрғысынан ойлау, топта тиімділігі, ойын түрінде өмірмен байланыстыру.

Оқыту сапасы-72%

Семинардың 2 бөлімінде Ә.Б. жетекшісі Исина Д.Б. ашық пед.кеңес өткізді. Күн тәртібінде география, физика, математика, информатика пәндері бойынша онкүндіктің өтуі туралы әр бір пән мұғалім есеп берді. Әрбір пән мұғалімі рейтинг бойынша бағаланды.

1 орын Мурат С.

2 орын Дарабаева Д.А.

3 орын Исина Д.Б.

Облыстық семинарға қатысу. География пәнінің мұғалімі Исина Д.Б. «Шағын жинақты мектеп жағдайына бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру» Железин ауданының білім беру бөлімінен сертификат алды.

Забиева

Жеңісхан

Мухамедова

Дарабаева

Өзара сабаққа қатысу жас маман Жеңісхан Ж, Мұрат С., Дарабаева Д А, дәрежелі мұғалімдер сабағында Забиева А.А., Мухамедова З.Д., Исина Д Б. Әдістемелік бірлестік жетекшісі жоспар бойынша пән мұғалімдерінің сабағына қатысты. Сабақты талдау, пед кеңес беру, тәжірибемен алмасу.



Жыл бойы оқушылар марафондарға қатысты.

Жоспар бойынша теориялық семинар «Сын тұрғыдан ойлау» география Исина Д Б химия Забиева А. А. информатика Мұрат С математика Дарбаева Д.А. Жеңісхан Ж физика Мухамедова З.Д..

Ашық педкеңес әдістемелік бірлестік жетекшісі Исина Д Б

Ғылыми жоба аудандық информатика Шукутаева, алгебра Қуантқанова А 3орын.
Онкүндік барысы.

География. Апталық 30.11 сурет сайысы «Табиғат алтын бесігім» «Ғылым мен білімнің дамуы» ашық сабақ «Елдерге саяхат» плакттар сайысы «Досыма хат» тарихи географиялық хат. Тәрбиелік кеш «Ғұлама жоқ» сайыс сабағы. «Туған жердің табиғаты» 9-сынып ашық сабақ. «Конструкциялық материалдар шығаратын сала. « Аңсаған тәуелсіздік» онкүндік қорытындысы.

Физикажәне информатика. 20-30.01 ХХІ ғасыр-нақты ғылымдар ғасыры информатика және физика пән апталғы.

«Информатика әлемі», Ашық сабақ «Әр түрлі білім салаларынының мысалдарына модельді зерттеу Мұрат С 7-сынып. « Үздік информатик» 5-7сынып Мурат С. Физикалық жұмбақ 7-11сынып Мурат С « Ғажайып» « Paint әлемі» Ашық сабақ «Электростатика тарауы» жарыс сабақ 10сынып.

5-9 сынып Мурат С информатикадан «Ең үздік оқушы»

Ашық сабақ «Алгоритмдер және программалау», «Символдық жолдар»,

9 сынып Мурат С

«Қызықты физика» 7-11 с Мухамедова З.Д.

«Көңілді тапқырлар» сайысы 5-7 Мурат С. – аптаның жабылуы.



Математика

1.02-9.02 математика онкүндігі

«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой азаттылығымыздың алдаспаны» – апталық ашылу.

5- 11 сыныптар арасында «Математикалық таңғажайыптар» логикалық тапсырма

5-11 «Математика тарихы» атты қабырға газеті.

Ашық сабақ 6 сынып Жеңісхан Ж «Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу»

5-6 сынып «Математика ертегі» Жеңісхан Ж.

«Математикалық пирамида» сайыс сабақ 8 сынып Дарабаева Д.А.

«Эрудит» математикалық таным интеллектуалдық сайыс 9 сынып Дарабаева Д.А.

Ашық сабақ «Шеңбердің хордалары кесінділерінің және қиылыстардың пропорционалдығы» 9 сынып Дарабаева Д.А.

Ашық сабақ «Қысқаша көбейту формалары»

«Математикалық кафе» математикалық кеш 6-7 сынып Жеңісхан Ж.

Ашық сабақ «Күрделі функцияның туындысы» 10 сынып Дарабаева Д.А.

«Математика және жанұя» интеллектуалдық сайыс 5-7 сынып Жеңісхан Ж.

Жоспар бойынша биология және химия апталықтары өтті.Сабақтарында жаңа технологияны қолдана отырып, оқушылар топпен жұмыс жасады.2 ашық сабақ және 2 сыныптан тыс жұмыс өтілді.

Апталықтың жабылуы.

Қорытындылай келе онкүндіктер жоспар бойынша өткізілді. Қызықты, тартымды, жан-жақты әр түрлі әдіс-тәсілдер, тиімді технологиялар қолданылды.Оқушылар сыйлықпен және мақтау қағаздарымен маратпатталынды.

Мұғалімдер жетістігі.

Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық белсенділігінің деңгейі.

Жыл бойы мұғалімдер түрлі олимпиада, байқау, педагогикалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олар: 2015 жылы математика пәнінің мұғалімі Жеңісхан Ж: «Ziat» ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Жас педагогтардың ашық сабақтарының панорамасы» атты III Республикалық мұғалімдер сайысында 3-орынға ие болды, 2015 жылы «Инфоурок» халықаралық жобасына қашықтық конкурсына қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен Сахимзадинова Айсана марапатталды. 2015 жылы Халықаралық «Инфоурок» жобасына оқушылар ұйымдастырып, дайындап, қатыстырғаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

2016 жылы мамырдың бесі күні Халықаралық «Инфоурок» сайтында математика пәнінен 6 сыныпқа «Рационал сандраға амалдар қолдану», «Симметрияға есептер шығару» тақырыбында сабақ жоспарын жариялағаны үшін Сертификатпен марапатталды.

2016 жылы «Үздік презентация» атты Республикалық оқытушылар сайысына қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды

Халықаралық “Poni” турнирына қатысып 7 сынып оқушысы Газизова Данара, 5 сынып оқушысы Темірбек А сертификатпен марапатталды.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы замануи сабақ атты республикалық оқу сайысында Жеңісхан Ж ІІІ орынды иеленді.

Республикалық және халықаралық конкурстар «Игілік», «Тәлімгер», «Әдістеме», «Өркениет» жариялағаны үшін,3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

География пәнінің мұғалімі Исина Д.Б.: «Қазақстан ұстазы» қоғамымен ұйымдастырылған «География» пәні бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып, жоғары көрсеткіштерді иеленген үшін І орынмен марапатталды.

«Ziat» ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Менің инновациялық сабағым» атты ҮІ халықаралық оқытушылар сайтында ІІІ орынға ие болды.

«Ziat» ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Ең үздік ғылыми жоба» ІІ Республикалық ғылыми жұмыстар сайтында өте жоғары жетістікке қол жеткізіп жүлдегер аталған үшін дипломмен марапатталды, оқушысы 10 сынып оқушысы Кусманова Самал.

Халықаралық «Infourok» және «kopilka urokov.ru» сайттарында сабақ жоспарларын жариялап тұрады: «Адамдардың көпұлтты қоғамдағы қарым-қатынасы»; «Көлік кешені»; «Батыс Қазақстан шаруашылығының географиясы»; «Халықтың ұлттық және діни құрамы»; «Химия өнеркәсібі»; «Құрылыс материал өндірісі»;

«Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайы, табиғат ресурстары, халқы» атты презентация жарияланды.

Тәрбие сағаты: «Қариясы бар үйдің қазынасы бар».

«Тарих және елтану» қолданбалы курс бағдарламасы, «Тарихи тұлғалар» курс бағдарламасы жарияланды.

Нәтижесінде «Infourok» сайтында персоналдық сайты бар дегенді растайтын куәлік бар.

Аудандық пед.оқуларға қатысып, «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың өздік білім беру қабілеттерін дамыту» атты тақырыпқа сертификатпен марапатталды.

Май ауданының білім беру бөлімі аудандық ғылыми жоба конкурсында ІІІ орынға ие болған 10 сынып оқушысы Кусманова Самал.

«Ертіс Дарыны» сырттай оқу мектебін үздік аяқтаған үшін 11 сынып оқушысы Батаева Алтын сертификатпен марапатталды.

Қазақстан ұстаздары қоғамымен ұйымдастырылған география пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып І орынға ие болғандар: 7 сынып оқушысы Ильясова А., 8 сынып оқушысы Камидолла С., 9 сынып оқушысы Жанат Б., 10 сынып оқушысы Амангельдинова Г., 11 сынып оқушысы Батаева А.

ІІ орынға ие болғандар 6 сынып оқушысы Хұттымбет Ернұр, 5 сынып оқушысы Камидолла Сания.

Қазақстан ұстаздары қоғамымен ұйымдастырылған география пәні бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиадаға география пәнінің мұғалімі Исина Д.Б қатысып, 1 орын иеленді.



Физика пәнінің мұғалімі Мухамедова З.Д. аудандық пед.оқуларында «Физика пәнінен оқытуда инновациялық технологияларды қолдана отырып,оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру» тақырыбы бойынша 1 орын. Облыстық пед.оқулықтарыныда 3 орын.

Информатика пәнінің мұғалімі Мурат С. Мурат С 2015 жылы 21-25 қыркүйек аралығында «Pascal ABC.NET ортасында программалау негіздері» тақырыбы бойынша оқыту семинарын табысты аяқтады.«Ziat» ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Ұстаз-ұлы тұлға» атты Республикалық оқытушылар сайысына қатысып, 1 орын иеленді. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар білім беруде » атты облыстық конкурсында 2 орын иеленді. 2015 жылы «Ұстаздар күні» мерекесі қарсанында аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды. «Инфоурок», «Капилкаурок» халықаралық ұстаздар сайтына сабақ жоспар жиынтығын жіберіп, сертификаттар алды. 2015 оқу жылы 9-сынып оқушысы Шукутаева Айсана «Аудандық ғылыми жоба» конкурсына қатысып,3 орынға ие болды. «Дарынды оқушыға талантты ұстаз» атты облыстық ғылыми жоба байқауына қатысып, сертификатқа ие болды. Республикалық қашықтықтан оқыту олимпиадасына қатысып, сертификатқа ие болды. 2016 жылы «Мәңгілік елдің жаңа форматты мұғалімі» атты аудандық жастар форумы конкурсына қатысып,3 орын иеленді және белсене қатысқаны үшін аудандық білім бөлімінен алғыс хатымен марапатталды.Информатика пәнінен оқушылардың қосымша дайындықтары үшін 2-4 сыныптарға арналған «Информатика әлемі», 8-сыныпқа «Компьютерлік графика және дизайн»,9- сыныпқа «Flash бағдарламасының қолданылуы» факультатив бағдарламасын құрастырды. Мектепке дейінгі даярлық тобына электронды оқулық құрастырды.

Оқушылар жетістігі
Оқушылардың таңдаған тақырыптары оларды жан-жақты ізденуге, зерттеуге бағытталған. Қатысқан оқушылар саны мектеп бойынша жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша ғылыми жобаны қорғауға 3 оқушы қатысты. Оның ішінде информатика 1, география пәнінен 1 оқушы, алгебра пәнінен 1 оқушы.

Білімдерін шыңдап шыққан оқушылар төмендегідей:

9 сынып оқушысы Шукутаева Айсана информаткиа пәнінен «Flash бағдарламасының қолданылуы» тақырыбында ғылыми жобасын қорғап, 3 орынға ие болды.

9 сынып оқушысы Куантканова Амина алгебра пәнінен «Пифагор сандары» тақырыбында ғылыми жобасын қорғап, 3 орынға ие болды.

10 сынып оқушысы Кусманова Самал география пәнінен «Павлодар қаласының тарихи ескерткіштері және олардың даму болашағы» тақырыбында ғылыми жобасын қорғап, 3 орынға ие болды.

Аудандық пән олимпиадасына қатысқан оқушылар 9-сынып. Барлығы 2 оқушы. Информатика пәнінен 9-сынып оқушысы Шукутаева А ІІI орынға ие болды.Алгебра-геометрия пәнінен Куантканова А ІІІ орынға ие болды.



Дарынды балалармен жұмыс

Мектептің оқу – тәрбие үрдісінде дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін, іскерлігін дамыта отырып тәрбиелеу бағытында жұмыс жасауда.



Мектепте дарынды балалармен жұмыс үзіліссіз жүргізілуде. Жыл басында әр дарынды балаға жетекші бекітіліп, олиммпиадаға дайындық жеке дара жүргізіледі. Әр түрлі сайыстарға жүйелі түрде жұмыс ұйымдастырылуда. «Ziat» ғылыми-әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Ең үздік ғылыми жоба» ІІ Республикалық ғылыми жұмыстар сайтында өте жоғары жетістікке қол жеткізіп жүлдегер аталған үшін дипломмен марапатталды, оқушысы 10 сынып оқушысы Кусманова Самал.Май ауданының білім беру бөлімі «Аудандық ғылыми жоба» конкурсында 3-орынға ие болған-10- сынып оқушысы Кусманова Самал. Сертификат «Облыстық сырттай оқу мектебін үздік аяқтағаны үшін»11- сынып оқушысы Батаева Алтынға берілді. Қазақстан ұстаздары қоғамымен ұйымдастырылған география пәні бойынша Республикалық қашықтық олимпиадаға қатысып І орынға ие болғандар: 7 сынып оқушысы Ильясова А., 8 сынып оқушысы Камидолла С., 9 сынып оқушысы Жанат Б., 10 сынып оқушысы Амангельдинова Г., 11 сынып оқушысы Батаева А. Халықаралық “Poni” турнирына қатысып 7 сынып оқушысы Газизова Данара, 5 сынып оқушысы Темірбек А сертификатпен марапатталды. 9 сынып оқушысы Шукутаева Айсана информаткиа пәнінен «Flash бағдарламасының қолданылуы» тақырыбында ғылыми жобасын қорғап, 3 орынға ие болды. 9 сынып оқушысы Куантканова Амина алгебра пәнінен «Пифагор сандары» тақырыбында ғылыми жобасын қорғап, 3 орынға ие болды.
Туындайтын мәселе:

  • Республикалық, облыстық марафон,интеллектуалды олимпиалар жеңімпаздарын шығару;

  • Аудандық пән олимпиадасына әр пәннен оқушыларды дайындап, облыстық пән олимпиадасына қатысуына талап қою;

  • «Ертіс-Дарын» АҒТО-ның сырттай оқуын жалғастырып, мини-олимпиадаларда жүлделі орындарды иелену;

Баспа өнімдерінің жариялануы.

Республикалық,облыстық әдістемелік құралдарға мұғалім өз материалын жіберді.Исина Д Б, Мұрат С, Женісхан сертификат «Дарынды балаларға-талантты ұстаз» облыстық пед. Олимпиада. Дарабаева Д А. Забиева А.А. «Мектеп ұстаздарының әлемі» атты республикалық мектеп мұғалімдеріне арналған журналының 10-нөмерінде төмендегі мұғалімдердің баспа өнімдері жарияланды:

Дарабаева Д.А. «Математикалық кафе»

Забиева А.А. «Химия сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту»

Иисна Д.Б. «Гидросфера тарауын қайталау»

Мурат С.»Үздік информатиктер»

Республикалық «Қазақстан ұстазы» №1,09.11.15.Женисхан Ж. «Мәтін есептерді теңдеудің көмегімен шығару»

Сыныптан тыс жұмыс. Үйірмелер жұмысы.

Пән бойынша сыныптан тыс жұмыс. Үйірмелер жұмысы.

География « Көңілді тапқырлар» география әлемінде интернетпен жұмыс, «Туған өлке» карта бойынша елдерге шолу сабағы. «Электрондық оқулықтармен жұмыс. «Сынп лидер» сайысы. География апталығы. Географиялық әдебииеттермен жұмыс. «Диспут» «Каспий кеме» «Бүгін, ертен» пікірталас. «Егер мен эколог болсам» Өздігінен рындайтын тапсырмалар( географиялық есеп,диктант, анаграмма, ашық сабақтар, мектепшілік олимпиада, аудандық олимпаида)

Тәрбие сағаты «Таза болса табиғат-аман болар адамзат» Тәрбие сағаты «Қоршаған ортаның ластануы және қоғамның экологиялық мәселелері»

Математикалық кештер,сынып лидеры, математиткалық әдебиеттермен жұмыс, тест жұмыстары, интербелсенді тақтамен сайыс. Математикалық халық тағылымында 5-6сынып. Логикалық есептер және оны шешу жолдары 5-6 сынып. Жұлдызды сәт. Мәтін есептерді теңдеудің көмегімен шешу. Алғашқы тригонометрия Драбаева. Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер. Келтіру формулалары. Тригонометриялық функциялардың қасиеттері.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқытудың нәтижесі төмендегідей:

алгебра пәні мектеп бойынша оқытудың сапасы 72%, ең жоғары ұпай 11-сыныпта-100 ұпай, ең төмен 7-сынып 59 ұпай, мұғалімі-Женисхан Ж.

геометрия пәні мектеп бойынша оқытудың сапасы 73,4%, ең жоғары ұпай 11-сыныпта-100 ұпай, ең төмен 9-сынып 53 ұпай, мұғалімі-Женисхан Ж.

физика пәні мектеп бойынша оқытудың сапасы 56%, ең жоғары ұпай 11-сыныпта-100 ұпай, ең төмен 9-сынып 41 ұпай, мұғалімі-Мұхамедова З.Д.

информатика пәні мектеп бойынша оқытудың сапасы 94%, ең жоғары ұпай 9-11-сыныпта-100 ұпай, мұғалімі-Мұрат С., білім қалыптасқан.

биология пәні мектеп бойынша оқытудың сапасы 63,5%, ең жоғары ұпай 11-сыныпта-100 ұпай, ең төмен 8-сынып 33 ұпай, мұғалімі-Забиева А.А.

география пәні мектеп бойынша оқытудың сапасы 73%, ең жоғары ұпай 11-сыныпта-100 ұпай, ең төмен 7-сынып 50 ұпай, мұғалімі-Исина Д.Б.

химия пәні мектеп бойынша оқытудың сапасы 83,5%, ең жоғары ұпай 11-сыныпта-100 ұпай, ең төмен 9-сынып 28 ұпай, мұғалімі-Забиева А.А.

Қорытындылай келгенде, осы жетістіктермен бірге істейтін жұмыстар көп. Сабақты жүйелі түрде шығармашылық деңгейде инновациялық технологияларды қолдана отырып, жан-жақты дамыған оқушыны шығару керек.

Төмен көрсетілген пәндер бойынша қосымша сабақ жүргізуді қатаң ескертуге алу керек.

Сыртқы бақылау.

2015-2016 оқу жылында 11-сынып 1 сынып-комплектіде 4 оқушы бітірді. ҰБТ-ға қатысу пайызы-100%.Ортақ ұпайы 78 , өткен жылмен салыстырғанда 22 ұпайға жоғарлады. Төмендеу динамикасы байқалды. Ортақ ұпай оңтайлы.

Математика пәнінен ортақ ұпай 11,25 үлгерімі 100%, сапасы 25% көрсетті.Өткен жылмен салыстырғанда сапа 55% төмендеді.

Таңдаулы пәндер бойынша биология пәнінен 1 оқушы ортақ ұпайы 17, үлгерімі мен сапасы 100%, физика пәнінен 1 оқушы ортақ ұпайы-12 ,үлгерімі мен сапасы 100%, география пәнінен 1 оқушы ортақ ұпайы 24, үлгерімі мен сапасы 100%

Алтын белгіге үміткер Батаева А. математика (19) пәнінен үздік бағаны растай алмады. Жалпы ұпайы 110.


  • 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау;

  • Пәндердің сапалы білім беруін бақылау;

  • Дайындық жұмыстарының өтілуін бақылау;

  • Әр сабақта логикалық тапсырмаларды беру ;

  • Оқушылардан сынақ, тест жұмыстарын алу;

Жаратылыстану-математикалық әдістемелік бірлестігінің 2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ АЛҒА ҚОЙҒАН

МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2015-2016 оқу жылын талдау қорытындысы бойынша кемшіліктерді ескере отырып, келесі оқу жылында атқарылытын жұмыстар төмендегідей:



  • Оқушыларға білім берудің және оқыту үрдісінің сапасын көтеру;

  • Озат пен екпінділер санын қатерлі деңгейден қанағаттанарылқ деңгейге жеткізу;

  • Бір немесе екі «4», «3»бар оқушылармен жеке-дара жұмысты ұйымдастыру

  • Тереңдетіліп оқыту бағдарламаларын құрастыру;

  • Вариативті бөлікте берілген сағаттардың барлығы, ОМПБАИ әдіскерімен рецензияланған бағдарламаларды қолдану;

  • Факультатив сабақтарына, элективті курстардың сапалы өтілуін бақылауға алып, сынақ жұмыстарын өткізу.

  • Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды қолдануын бақылау;

  • Барлық пәндерден электрондық оқулықтардың болуын талап ету;

  • Әр пән мұғалімі ақпараттық сауаттылығын арттыру.

  • Республикалық, облыстық марафон,интеллектуалды олимпиалар жеңімпаздарын шығару;

  • Аудандық пән олимпиадасына әр пәннен оқушыларды дайындап, облыстық пән олимпиадасына қатысуына талап қою;

  • «Ертіс-Дарын» АҒТО-ның сырттай оқуын жалғастырып, мини-олимпиадаларда жүлделі орындарды иелену;

  • Педагог мамандарының инновациялық іс-тәжірибелерін жинақтау жұмысын ұйымдастыру, сапасын, тиімділігн анықтау;

  • Квалификациялық деңгейлері жоғары және бірінші санатты мұғалімдердің іс-тәжірибелерін үнемі бағалау, бақылау жүйесіне енгізу

  • мұғалімдердің білімін жетілдіру мақсатында жоспар бойынша белгіленген курстарға жіберу;

  • педагог мамандарының кәсіби шеберлігін көтеруіне бағдарланған шығармашылық топтың жұмысын жетілдіру;

  • оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану;

  • кабинеттердің даму жоспарларын құрастырып, іске асыру;

  • авторлық бағдарламалар жасап, бекіту;

  • мектепішілік бақылау жұмысы жоспар бойынша сапалы өтуіне назар аудару;

  • пән апталықтарының дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау;

  • Жас мамандарға әдістемелік көмек ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет