Егеменді Қазақстандағы мектеп пен педагогика (1992 жылдан қазіргі күнге дейін) Жоспар


«Тұлғалық бағдарлы педагогика», «тұлғалық бағдарлы білім беру», «тұлғалық бағдарлы технологиялар» терминдері педагогикада 80-шы жылдардың аяғында пайда болған



бет6/6
Дата07.05.2020
өлшемі356,2 Kb.
#66498
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Пед тарих

«Тұлғалық бағдарлы педагогика», «тұлғалық бағдарлы білім беру», «тұлғалық бағдарлы технологиялар» терминдері педагогикада 80-шы жылдардың аяғында пайда болған.

«Тұлғалық бағдарлы» сөз тіркесі білім беру үрдісінде қолданылуына байланысты біздің педагогикалық сөздікке ағылшынның "person-centered" («тұлға орталықты») және "pupil - centered" («оқушы орталықты») сөздерінің аудармасынан енгізілген. Олар Карл Роджерстің гуманистік педагогикасы және гуманистік психологиясындағы ұғымдардың бірі еді.

Тұлғалық бағдарлы технологиялар дегеніміз педагогикалық ситуацияларда нәтижеге жеткізуде қажет құралмен қамтамасыз ететін, тұлғаны дамытуға бағытталған іс-әрекеттер, операциялар мен шаралардың реттелген жиынтығы.

Жеке тұлғаға бағдарланған оқыту материалды шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мұғалімнен төмендегідей іс-әрекетті талап етеді

1) өз оқушыларының темпераменті, мінезі-құлқы, көзқарасы, талғамы мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі;

2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік доспары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі;

3) әрбір оқушыны өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы;

6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі;

7) оқушылардың дербес әрекетін, бастамашылдығын, әрекетшілдігін дамытып, басқаруы емес, табысқа жетелейтін қызметті ұйымдастырып, бағыттауы тиіс.

5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі;

4) мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, ал егер мұны уақтылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі;

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет