Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет39/58
Дата24.05.2017
өлшемі9,45 Mb.
#16940
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58

      2. Кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары:

      1) кәмелетке толмағандар жасаған, осы Кодекстiң 435436 (үшінші бөлiгiнде), 438 (үшінші бөлігінде), 440 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы;

      2) осы Кодекстің 127128129130131132133134135430 (екiншi бөлiгiнде), 663-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

      3. Жоғарғы Соттың, облыстық, аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың судьялары осы Кодекстiң 653-бабындакөзделген, сот талқылауы барысында анықталған, процеске қатысып отырған тұлғаның тарапынан сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiлерi туралы iстердi қарайды.

      Ескерту. 684-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 404-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастапқолданысқа енгізіледі); 02.12.2015 № 429-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015№ 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 496-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 07.04.2016 № 487-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқаенгізіледі) ; 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

685-бап. Iшкi iстер органдары (полиция)

      РҚАО-ның ескертпесі!


      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 146147156190 (бірінші бөлігінде), 192196197198204230 (екiншi бөлiгiнде) (көлiк құралдарының иелерi және автомобиль көлiгiмен және қалалық рельстік көлiкпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 334359364382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386395(бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 408, 409 (3-1-бөлігінде), 420421423 (бірінші бөлігінде), 432433(бірінші бөлігінде), 434-1, 437438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 444 (екінші бөлігінде), 447449 (бірінші бөлігінде), 458464 (бірінші бөлігінде), 469 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші бөлігінде), 484485, 485-1, 486487489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492493494495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші бөлiгiнде), 505510512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560562564 (төртінші бөлігінде), 566572 (екінші бөлігінде), 574590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591592593 (бірінші және сегізінші бөліктерінде), 594595596(бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597598599600601602603 (үшінші бөлігінде), 604 (бірінші бөлігінде), 605 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 609611 (бірінші бөлігінде), 612613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617619620621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 622625 (автомобиль көлiгiндегi бұзушылықтарды қоспағанда), 626630631632635-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Iшкi iстер органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

      1) осы Кодекстiң iшкi iстер органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық баптары бойынша – iшкi iстер органдарының, жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;

      РҚАО-ның ескертпесі!


      2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2) осы Кодекстiң 146147192197198204364382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 408, 409 (3-1-бөлігінде), 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 437438(бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441443444 (екінші бөлігінде), 449(бірінші бөлігінде), 484487492493494505 (бірінші бөлігінде), 510512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – қалалық, аудандық, кенттік полиция бөлімдерінің, бөлімшелерінің, iшкi iстер органдарының жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;

      3) осы Кодекстiң 196197204382 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441443444 (екінші бөлігінде), 449 (бірінші бөлігінде), 484487510513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515519(бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560562564 (төртінші бөлігінде), 566621 (бірінші бөлігінде), 630 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының желілік бөлімдерінің, бөлiмшелерiнiң бастықтары;

      4) осы Кодекстiң 146204230 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 334364383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386408437 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 444(екінші бөлігінде), 492493494505572574590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 591 (бірінші бөлігінде), 592 (бірінші және екінші бөліктерінде), 593 (бірінші бөлігінде), 594(бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 595 (бірінші, екінші және үшiнші бөліктерінде), 596 (бірінші және екінші бөліктерінде), 597 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 598 (бірінші және екінші бөліктерінде), 599(бірінші бөлігінде), 600 (бірінші бөлігінде), 601 (бірінші бөлігінде), 602 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 609 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші, екінші және үшiнші бөліктерінде), 613 (он екінші бөлігінде), 615 (бірінші және екінші бөліктерінде), 620621 (бірінші және төртiнші бөліктерінде), 630 (бірінші бөлігінде) (жеке тұлғаларға қатысты)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының (полицияның) арнаулы атағы бар қызметкерлері;

      5) осы Кодекстiң 590 (үшінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 591 (екінші бөлігінде), 592 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 593 (сегізінші бөлігінде), 594 (төртінші бөлігінде), 595 (төртінші бөлігінде), 596 (төртінші бөлігінде), 597(бесінші және алтыншы бөліктерінде), 598 (үшінші бөлігінде), 599 (екінші бөлігінде), 600 (екінші бөлігінде), 601 (екінші бөлігінде), 602 (екінші бөлігінде), 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 609 (екінші бөлігінде), 612 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (он үшінші бөлігінде), 614615 (үшінші бөлігінде), 617619630631632-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының әкімшілік полициясы комитетiнiң төрағасы және басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң, жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;

      6) осы Кодекстiң 364382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386408505-баптарындакөзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының табиғат қорғау полициясы бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;

      7) осы Кодекстiң 440 (екінші және үшінші бөліктерінде), 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443444 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлiмшелерiнiң қызметкерлері;

      8) осы Кодекстiң 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 395(бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – ішкі істер органдары полициясының балық қорларына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;

      РҚАО-ның ескертпесі!


      9) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9) осы Кодекстiң 492495 (бірінші бөлігінде), 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 518519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – iшкi iстер органдарының көшi-қон полициясы басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары құқылы.

      Ескерту. 685-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 388-V(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.01.2016 № 446-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



686-бап. Азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган

      1. Азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi орган:

      1) осы Кодекстiң 336359367410411438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 589-баптарында көзделген өрт қауiпсiздiгi саласындағы;

      2) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі);

      3) осы Кодекстiң 412 және 643-баптарында көзделген азаматтық қорғаныс саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының атынан iстердi қарауға және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

      2) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң отыз беске дейiнгi, лауазымды адамдарға – бір жүзге дейiнгi, кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

      3) Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бес жүзге дейiнгi, кәсіпкерлік субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.

      3. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалмауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға – онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары – жеке, лауазымды және заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары – жеке, лауазымды және заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.

      Ескерту. 686-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

687-бап. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегiуәкiлеттi орган



      1. Жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 140 (бірінші бөлігінде), 344345346348349350352353354355356 (бірінші бөлігінде), 391392 (бірінші және екінші бөліктерінде), 393394395(бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

Каталог: images -> files
files -> Рабочая программа разработана на 35часов в год из расчета 1 час в неделю, их них плановых практических работ 7
files -> Зиганшина Гузель Нурмухаметовна 2012-2013 учебный год
files -> Камско-Устьинского муниципального района, Республики Татарстан
files -> Всё об электричестве
files -> Муниципальная бюджетная организация дополнительного образования «Алексеевская детская школа искусств»
files -> Урок с участием учителя -ветерана войны в 9 классе моу
files -> Планирование курса «Биология. Животные»
files -> Главные труды Эвклида "Начала" латинизированное назв


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет