Әкімшілік құқық нормасы қандай да бір әрекетке (әрекерсіздікке( әкімшілік- ұүұыұтыұ тыйым блгіледі және
әкімшілік құқықтық санкцияның болуын көздейді, сол арқылы ереженің сақталуын қамтамасыз етеді, ал ол
бұзылған жағдайда кінәліге қандайда бір жаза қолданады.
Әкімшілік ықпал ету шаралары құқық бұзушыға қатысты қылмыстық құқықтағы жазалауды емес, әкімшілік
құқықтағы жазаны қолдануды көздейді. Бұл әкімшілік жаза қолдануда өзіндік мәні бар екендігімен және іс-
әрекеттің жазаланатындығы әкімшілік теріс әрекеттің міндетті белгісі ретінде қаралмайтындығымен байланысты.
Әкімшілік жаза- әкімшілік терісқылық жасаған тұлғаға заңның негізінде судбя, мемлекеттік органдары
(лауазыиды тұлғалар) қолданатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы болып табылады.
-әкімшілік нормаларында көрсетілген іс-қимылдар үшін жауаптылық шарасы;
Әкімшілік құқық пәнінде жаза қолдану ұғымының уәкілеттік орган немесе өкілеттігі бар лауазымды адамның
әкімшілік теріс қылық жасаған адамға заң түсінуге болады. Әкімшілік құқұық нормасы һандай да бір әрекетке
әкімшілік-құқықтыйым белгілейді және сол арқылы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар
бұзылған жағдайда кінәліге жаза қолданылады. Әкішілік ықпал ету шаралары құқық бұзушыға қатысты әкішілік
Әкішілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік жазалар бірнеше түрлерге бөлінеді,олар:
3)әкімшілік ққұқық бұзушылық жасаудың құралы болған заттың өтемін төлеп алу,
4) әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы немесе тікелей оъектісі болған затты тәркілеу,
5) арнаулы берілген құқықтардан айыру (мысалы,аң аулау құқығынан, көлік құралын жүргізу құқығынан),
6) берілген арнаулы рұқсаттан, біліктілк аттестаттан(куәліктен)айыру, яғни, ол дегеніміз белгілі бір қызмет түріне,
не белгілі бір әрекет жасауға оның күшін тоқтату,лицензиядан айыру,
7) тұрғызылып қойылған немесе өз бетімен тұрғызып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау,
8) кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру немесе оған мүлдем тыйым салу,
9) азаматтығы жоқ адамды немесе шктелдікті Қазақстан Республикасынан ( территориясынан) аумағынан
әкімшілік жолмен шығарып жіберу.
10) Әкімшілік қамауға алу.
Кішігірім елеусіз әкішілік теріс әрекет жасағандық үшін тартылатын әкімшілік жауапкершіліктің ең жеңіл түрі
ескерту жасау болып табылады. Ескерту жасау бір жағынан тәрбиелік
ықпалдық мәжбүрлеу шараларының бірі болып табылады, онда теріс әрекет жасаған адам басқа азаматтарға
қоғамдық және мемлекеттік институттарға зиян келтіретін әрекеттерді алдағы уақытта қайталап жасамауы
жөнінде ескертеді. Ескерту жасау кінәлі адамға қандай да бір құқыұтық салдарлар әкеледі, ол әкішілік жазаға
тартылған болып саналады, сонымен қатар ескерту жасауды қолдану қайтара жасалған теріс әрекет үшін
жазалау мәселесін шешкенде жазаның басқа түрлерімен қоса есепке алынады.
Айыппұл салу- белгілі бір әкімшілік – құқықтық нормаларды бұзған кінәлі адамға ақшалай жаза қолдану
арқылы мүләктік ықпал ету шарасы болып табылады.
Лауазымды адамдарға салынатын әкімшілік айыппұлжың мөлшері құқық бұзушылықтың сипатына қарай өзгеріп
отырады,айыппұлдың мөлшерін құқық бұзушылықтың сипатына және құқық бұзушының мәртебесіне қарай
белгілеп тоырады. Жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің оннан бірінен аз
емес, лауазымды адамға салынатын айыппүл мөлшері бес айлыұ есептік көрсеткіштен кем емес, ал заңды
тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде салынады. Айыппұлды құқық бұзушы өзіне
айыппұл салу туралы қаулы тапсырылғаннан кейін 15 күннен кештірмей төлейді.
Тәркілеу муліктік сипаттағы әкімшілік жаза ол құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тікелей
объектілері болған заттарды мемлекет меншігіне тегін алу, бұл туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодекстің 50- бабында нақтырақ айтылған.Тәркіленген зат төлемсіз алынады. Құзіретті орган немесе өкілеттік
берілген лауазымды тұлға затты тәркілегенде тәркілеу туралы тиісті қаулы шығарады, ал алынған күні қаулының
орындалған туралы тиісті қаулы шығарады.
Нақты адамға берілген арнаулы құқықтан айыру дегніміз- осы құқықты пайдалану тәртібін өрескел немесе
үнемі бұзғаны үшін онв сол құқықтан айыру болып табылады.Осы баптың негізінде белгілі бір қызыметпен
айналысудың немесе белгілі бір түрін орындаудың арнаулы құқығынан айыру мынадай 2 жағдайда ғана
пайдаланылады:1) көлік құралын мас күйінде басқарғанда, жол қозғалысы ережесән басқадай бұзған жағдайда. 2)
аң аулау ережесін бұзған жағдайда
Басқару құқығынан айырумен қатар, күшіндегі заң,көлік құралын басқару құқығының күшін тоқтатудың басқа
да негіздемелерін белгілейді.
Әкімшілік қамауға алу- әкімшілік жаза қолданудың негізгі түрі. Ерекше жағдайда әкімшілік құқық
бұзушылықтың кейбір түрлері үшін 15 тәулікке дейінгі мерзімге, ал төтенше жағдайда жасалған құқық
бұзушылық үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге қолданылады. Осы жазаға тартылған адамдар ішкі істер органдары
белгілеген жерлерде ұсталады, олар қамаудағы адамдардың басқа санаттарынан бөлек болады.
Әкішілік ұстау мерзімі әкімшілік қамауға алу мерзіміне кіреді, сол себепті қамауда ұстау мерзімі қысқарады.
Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұр немесе тиым салу әкімшілік шара болып
табылады және белгілі бір жағдайларда қолданылады. Бұл жаза тек сот арқылы беріледі. Іс сотта өкілетті
орғанның өтініші бойынша қаралады.
Осы аталып көрсетілген шаралармен қатар әкішілік құқық бұзушылық туралы кодексте, өз бетімен
салынып жатқан немесе құрылыстарды мәжбүрлеп бұзу, сондай – ақ Қазақсатн Республикасы аумағынан
әкімшілік жолмен аластату шараларын қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: