Екінші кітап


Баспасөздің ардагер қаламгері



бет26/31
Дата06.02.2022
өлшемі3,16 Mb.
#37858
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
23. Баспасөздің ардагер қаламгері
(Балтабек Асанов) [109]

Жазушы мен журналист – ағайынды қоңыр қаздай баспасөз өмірінде қатар, жарыса, жараса жүреді. Екеуінің де ұстаған қаруы – қалам, екеуінің де парызы – халыққа тіл өнерімен қызмет ету, жаңалықтың жаршысы болу. Біреуі өмір шындықтарын әсерлеп, бейнелеп толғаса, екіншісі-күнделікті шындық дүбірлерін әр сәтте, дер кезінде шапшаң, алғырлықпен жаңғырту міндетін атқарады.


Қалам ұстаған талапкердің өз тәжірибесін газет қызметімен бастамайтыны аз. Ақын-жазушы біткеннің бастау бесігі - газет, баспасөз.
Республикаға есімі мәлім, байырғы журналист Балтабек Асанов жетпіс жасқа толыпты деген хабарды естігенде, мені осы бір ғанибет жайлар ерекше толғандырды. (Бұл кісі кейініректе қайтыс болды). Баспасөз тарапында да, белсенді де жарты ғасырға жуық қызмет атқара жүріп, жас қаламгерлерге, солардың қатарында жас ақын-жазушыларға да қамқорлық шарапатын көбірек тигізген, оларды баспасөзге қызмет етуге баулыған аға журналистердің бірі – Балтабек Асанов.
Бұл пейілі кең, мінезі жарқын, инабатты адамды бала жасымнан 1926 жыл болса керек, мен Павлодардағы балалар коммунасы (Деткоммуна) аталатын мектептің төртінші класынан білемін. Осы мектептің төртінші класында менімен сабақтас болып Балтакең де оқыды. Мен, үйім қалада болғандықтан, үйден кетіп оқитын шәкірттер қатарында жүрдім де, Балтекеңдер Деткоммунаның белбаласы болып есептелді. Баянауыл атырабында туған кедей шаруаның баласы Балтабек жеті жасында әке-шешесінен айырылып, жұрдай жетім қалса да, ересек шағында да Екібастұздағы панасыз балалар үйінде екі жыл бойы оқып тәрбие алады. Балтакең дейтінім – сол Деткоммунада менімен бірге оқыған шағында, менен алты жас үлкендігінің үстіне, маған есейген, байсалды азамат болып көрінеді. Біздің класта менен еті тірірек, Балтакеңмен иықтас Рақыш Хайруллин (қазір белгілі журналист, зерттеуші (Садыр Әбішев) кейін партиялық жауапты қызметтер атқарды) сынды ересек ағайлар оқыды. Сондай бір, сақа жастардың арасындағы кішілері арбакеш Әбубәкірдің баласы Бекеш екеуміз ғана едік.
Балтакеңнің байсалды, ақылды жігіт болып қалғанын сол бала шағымда аңдаған едім. 1925 жылы комсомол қатарына алынған Балтабек осы мектептің өнегелі, белсенді шәкірті болды. Менімен сабақтас, бірақ ойы да, бойы да менен биігірек Балтабек Асанов, Сабыр Әбішов, Рақыш Хайруллин жеті жылдық сол мектептің мұғалімдерімен пара-пар ұйытқысы, көмекшісі іспетті болып көрінді балалықтан әлі арылмаған маған. Еріксіз есіме түсіп кетті – Бәкеңнің ағалық бір назарын сол шақта сезген екенмін. Класта сабақ жүріп жатты. Балтабектер дәйім алғы партада отырады да, Бекіш деген досым екеуміз дәйім артқы партада отырамыз (оқуға шалағай баланың әдеті ғой). Оның үстіне мен қыршын жасымнан дін мектебіне шырмалдым да есеп білімі дегенге дүмшелеу едім. Сол сабақ үстінде мұғалім мені кенет тақтаға шығара қалмасы барма? Аңдаусыз тұра бергенімде қойнымдағы сарбалақ көгершін пыр етіп ұша қалғаны ғой. Шалдуар басым бұл кептерді мектеп шатырынан таңертең бас салып ұстап алып едім. Мұғалім жаңылмасам, фамилясы Қасымов болса керек, бөлмедегі шар ұрған көгершінге бір қарап алды да, маған бүркіттей шақырая қалды. Ұрыса бастады. Кластан қумақ болды. Алда отырған Балтабек сонда орнынан тұрды да, мұғалімнен ізетпен өтініп, мені арашалап қалды. «Қалижанмен оңаша сөйлесейік, мұндай қылығын енді қояр, - деп сендірді. Бәкең сабақтан кейін менімен кеңесіп біраз ақыл айтты. Бұл менің Бәкеңмен алған бірінші өнегем.
«Үлкендердің» арасында оқу маған қиын болғандықтан, келесі жылы мен орыс мектебіне ығыса қойдым.
Балтабек мектепте жүргенде-ақ қалам ұстауға құмар еді. Мектептің қабырға газетін шығаруға белсенді кіріскенін байқайтынбыз. 1930 жылы оқуын бітіргеннен кейін Балтабек Асанов Павлодардың «Колхоз» атты газетінің баспаханасында корректор болып жұмыс істеді. Баспахананың әйдік терезесінен мен телміре қарап, шағын столда әріп басылған қиық қағаздарға шұқшиып отырған Балтабекті көріп өте білгір болып кеткен екен деп таңданушы едім.
Жас Балтабек содан кейін шырқай жөнелді. 1930 жылы Павлодар аудандық партия комитеті Балтабек Асановты Қазақстан өлкелік партия комитетінің қарауындағы алты айлық газетшілер курсына жіберді. Одан кейін Балтабек Алматының жоғары коммунистік мектебінде оқып жүр деп естідік.
Ал мен болсам орта дәрежеліі білім ала алмай, әр тарапқа қол созып көп сандалдым. Ақыры тағдырдың айдауымен дегендей (расында комсомолдың жұмсауымен) 1933 жылы Павлодардағы аудандық «Колхоз» атты газетіне қызметке келіп орналастым. Газет редакциясының жауапты хатшысы едім, газет бетінде аздап өлең, очерк те жариялай бастап едім. 1933 жылдың көкек айында сол газетке редактор болып, Алматыдан Балтабек Асанов келе қалды. Өзіміздің Балтакең, әлде мінезі өзгерген шығар, Алматыдан оқып келді. 1932 жылдан бері партия мүшесі, крайком жіберген жауапты редактор, оқыған азамат тәккапар шығар.... Мүмкін, мендей шалағайды қызметтен қуып жіберер деген күдік ойлар басыма ұршықтай үйірілді...
Газет жұмысы баптануды күтпейді ғой. Балтакең келе сала іске шұғыл кірісті. Алдымен түнде алып кетіп, редакция папкасындағы бар материалдармен танысатын. Ол кезде аудандық газет редакциясында мардымды қандай бір материалдар болсын, шағын деректер, ақпарлар... Бұлардың өзін біз аупарткомға келген колхоз бастықтарынан, немесе көбінесе сыраханалардан табылатын колхоз есепшілерінен жол-жөнекей аламыз.
Балтакең келген шақ – Павлодар аумағында егіс науқанының қауырт, қызу және қиын да шағы еді. Қатаң қыстан колхоз шаруашылығы күйзеле шыққан, егіс жұмысына көлік күші жетіспейді. Жер-жерде ұйымдастыру ісінде керенаулық, бейберекеттік басым. Осыларды әйгілеуге, ширатуға газет үні жаршы болу керек қой. Ал, газет редакциясында журналистика саласынан хабардарымыз жалғыз Әлімбек Жаңағабылов еді, ол Семейге газет курсына оқуға кеткен. Ал біздер, - Төлеутай Ақшолақов, Әнуар Әукенов болсақ – бұрын қабырға газет төңірегінен шыққан жастармыз. Алматыда баспасөздің арнаулы курсын бітіріп келген партиялық тағылымы бар Балтакең өзінің байсалды, білікті тәжірибесімен мендей жас қаламгерге айтарлықтай өнегелі әсерін тигізді. Газетке ақиқат, өтімді хабар, дерек жинап келу үшін бізді аудан түпкірлеріне жібереді, газеттің тіл кестесін жақсартуға зер салды. Бұл ретте сен Балтакеңмен бір сәтте аздап қақтығысып та қалдым. Көктемгі егіске арналған газет беттерінің біріне Балтабек маған ұран («шапка» дейтін еді) жаза ғой деді. Мен мүдірместен: «Большевик, егістің қарқыны үдей түссін!» - деп жазып көрсеттім.

  • Бұның жетпей жатыр деді Балтакең. Ендеше «Егіске большевиктік қарқын берілсін!» - деп әлгі сөздің жолын өзгерте қойған едім, «мұның да келмейді» деді. Осы тәрізді өз стиліме қалыптасқан бірдеңелерді қайталап жазып едім, Балтакеңе бәрі де ұнамағаны. Қыңырлығым ұстап кетті де: «Менің бұдан артық табарым жоқ, Алматының жоғары оқуын тауысып келген өзің тап!» - деп баспаханадан шығып кеттім.

Баспаханаға жалғас салынған сыраханада сусындап отыр едім, аздан кейін әдетінше көзі күлімдеп Балтакең кіріп келді.
- Қалижан, сенің үшінші рет жазған ұраның жақсы екен, соны нөмірге жібердім, сен өкпелеген жоқсың ба маған? – деді. Балтакең өзгермеген екен, әлі сол мектептегі шәкірт кезіндегі ақ көңіл, жарқын мінезі.... Менен кешірім сұрағандай болып жатыр, бірақ ақылын да жеткізді. «Менің де тәжірибем аз ғой, газет ісі көп оқуды, фактіні көп білуді талап етеді. Дәйім тапқырлық керек. Өткен айда шыққан бір нөмірлеріңді аударып қарап едім, «қарқын үдей түссін!» деген ұран сонда да тұр. Қайталау – желге кеткен сөзбен бірдей», - деп маған сабырмен біраз кеңес берді. Балтабектен алған екінші сабағым сол болды.
Сол жылы Балтабек Асановты партия Магнитогорск металлургия заводына қызметке жіберді. Бұл тұста Магнитогорскіде қазақ жұмысшылары көп болса керек. Партияның тапсыруымен Б.Асанов қазақ тілінде «Магнитогор жұмысшысы» атты газет шығаруды ұйымдастырып, өзі сол газеттің жауапты редакторы болып қызмет атқарды. 1937-1938 жылдары Балтакең Челябі обкомының органы, қазақ тілінде шығатын облыстық газеттің жауапты редакторы ретінде Челябі облысына қарасты қазақ жұмысшыларына партияның ауыр өндірісін өркендету тарапында жалынды үгітті жаршысы болды. Сол жылдары Магниторогскіде болып қайтқан атақты жазушымыз Сәбит Мұқанов, Балтабек Асанов туралы бізге, ақын-жазушыларға жақсы лебіз сездіргені есімде. Сәбең бір әңгімеде (кейін оны естелік етіп жазды да) «Челябі облысындағы, Магниторогскідегі қазақ жазушылары арасында Асанов қадірлі екен. Ол шығарып тұрған газетті жұмысшылар ынтыға оқиды екен. Өзі де бір жақсы, ақ жарқын жігіт қой. Сірә, жұмысшылармен жиі кездесіп тұратын болар, мені ертіп қазақ жұмысшылары арасына апарды, үйлерінде де қонақта болдық, сонда байқадым, газетші Балтабекті бәрі де ұнатады екен», - дегені бар.
Журналист Балтабек Асанов өзі редакторлық еткен газет беттерінде өз қаламымен есімдері атырабына әйгілі етілген Магнитогорскінің жұмысшылары Буратаев, Досқалиев, Намазбаев сынды еңбек ерлері жайында әлі күнге ертегідей жыр шертеді. Байырғы журналист, еңбек сүйгіш адамдардың досы. Алғашқы басылымдардағы бесжылдықтардың орасан істерінің ұраншысы Балтабек Асанов – Магниторогскі жұмысшыларының арасында қызмет атқарған ол бір кезеңнің өзінің асулы бір шағына балап, маған талай мақтаныш етіп айтқан да еді.
Коммунист-журналист Балтабек өзінің партия ісіне берілген жігер қайратының идеялық абзалдығының арқасында партиямыздың зор сеніміне бөленді. Балтабек Асанов Семей, Алматы секілді үлкен қалалық партия ұйымдарына жауапты қызметтер атқарды. Алайда біздер, қаламгерлер Балтакеңді алдымен баспасөздің көрнекті қайраткері деп қадірлейміз.
Біздің барша қазақ қаламгерлерінің шарапатты қара шаңырағы «Социалистік Қазақстан» газетінде жауапты қызмет атқарған шақтары Балтакеңді баспасөз, әдебиет қауымдарына бұрынғыдан да жақындата, сыйлы ете түсті. 1940 жылы редактордың орынбасары болып істеген Балтабек Асанов партияның қалауымен алапат соғыс жылы 1942 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде жауапты редактор болып қайта оралды. Сол сұрапыл соғыс жылдары орталық партия комитетінің бұл айбынды органының неміс-фашист басқыншыларына қарсы жүргізілген қиян-кескі соғыс тұсында республика еңбекшілерін жауынгерлікке жұмылдыру тарапында, халыққа қаһармандық рухты ұрандау бағытында атқарған қызметі орасан зор екені шексіз. Қазақстан Орталық партия комитетінің тапсыруы бойынша Балтабек Асанов халқының майдан жауынгерлеріне арналған хатты ұйымдастыруға, оны майдан шебіне жеткізуге де үлкен еңбек етті. Ал жұртшылық, газет беттерінен майдан жауынгерлерінің таңғажайып ерліктері жайында талай хикая жырларды да оқып сүйсінгені де белгілі. Және майдан алауында, әскери сапта жүрген жауынгер ақын-жазушылар, журналистер «Социалистік Қазақстан» беттерінен өлеңдерімізді, очерктерімізді де жиі оқып, газетке зор разылық білдірген едік. Партия басшылығымен, редакцияның шымыр ұйымдасқан шебер қаламгерлерінің творчестволық күшімен жалаудай жарқырап шыққан осы газет беттерінің соңында – редактор Б.Асанов деген есім тұрар еді. Сөз жоқ, соғыс жылдарында жауынгерлік рухпен жар салып тараған «Социалистік Қазақстан» газетінің игі істерінде оның редакторы Асановтың қосқан үлесі аз емес.
Балтакең бұл қызметте 1949 жылға дейін қызмет атқарды. Майдан алаптарынан асыға оралған ол тұстағы жас қаламгерлер – біздер есігін жиірек қағатын едік. Газеттің жауапты редакторы Б.Асанов бізге редакция есігін ашып, газет беттерінде шығармаларымыздың жарқ етуіне кең өріс берді. Мен, менің қаламдас достарым Қасым Аманжолтың, Ғабдол Слановтың, Жұмағали Саинның тағы басқаларының аузынан редактор Асановқа деген ризалық лебізді жиі естіген едім. Көптеген қаламгерлердің газет қызметкерлерінің өсіп-жетілуіне де Балтабек Асанов еткен ағалық көмегі де аз емес. Солтүстік Қазақстанда шығатын «Ленин туы» газетінде 7-8 жылдай жауапты редактор болып қызмет атқарған Балтабектің редакция қаламгерлері ісіне, кісілігіне сүйсіне дәйім еске алып отырады
Партиялық инабаты биік, совет баспасөзіне аянбай келелі еңбек еткен, партия совет қызметтеріне жігерлі, абыройлы жұмыс атқарған Балтабек Асанов партия мен үкімет тарапынан елу жылға созылған еңбегіне зор баға да алды. Балтакеңнің тарлан тартқан кеудесінде «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендеріне қоса бірнеше даңқ медальдары жарқырайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет