«Экожүйе және құқық» пәнінен практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау Шымкент 2021 Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі коммерциялық



бет6/32
Дата20.09.2023
өлшемі225,67 Kb.
#181684
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Экож. ПСАӘН

Қирау баллдары


әлсіз

орташа

қатты

толық

1

25-50т кран мен жабдықталған темір каркасты ірі өндірістік ғимараттар.

І-УШ

УШ-ІХ

ІХ-Х

Х--ХП

2

Жеңіл темір каркасты және каркассыз құрылымдар.

УІ-УП

УП-УШ

УШ-ІХ

ІХ-ХП

3

Жеңіл темір каркасты және 30%шыныған аймағы бар бетон мен толтырылған өндірістік ғимараттар.

УІ-УП

УП-УШ

УШ-ІХ

ІХ-ХП

4

Темір каркасты және шатыры мен қабырғасы тегіс сынғыштар мен қабырғасы тегіс сынғыштар мен толтырылған өндірістік ғимараттар.

УІ-УП

УП-УШ

УШ-ІХ

ІХ-ХП

5

Жиналатын темірбетоннан құрылған ғимарат.

УІ-УП

УП-УШ

-

УШ-ІХ

6

Бір, бірнеше қабатты жабылатыны жиналмалы элемент құралатын ғимараттар. Қосымша каркассыз, қыштан жасалған өндірістер.

УІ-УП

УП-УШ

УП-УШ

ІХ-ХІ

7

Сол, тек жабылатын (ағаш элемент бір, бірнеше қабатты).

УІ

УІ-УП

УП-УШ

Более
УШ

8

Темір бетон каркасты немесе металды көп қабатты, әкімшілік ғимараттары.

УП-УШ

УШ-ІХ

ІХ-Х

Х-ХІ

9

Аз қабатты қыштан жасалынған ғимараттар (1-2 қабатты).

УІ

УІ-УП

УП-УШ

УШ-ІХ

10

Көп қабатты қыштан жасалынған ғимараттар (3 және одан жоғары).

УІ

УІ-УШ

УШ-ІХ

ІХ-Х

11

Қыштан жасалынған қойма ғимараттары.

У-УІ

УІ-УШ

УШ-ІХ

ІХ-Х

12

Металл немесе темірбетон эстакададағы құбырлар.

УП-УШ

УШ-ІХ

ІХ-Х

-



Бақылау сұрақтары
1. Жер сілкінісінің туындау себептері
2. Құрылыстардың қирау дәрежесіне қарай бөлінуі
3 Практикалық сабақ
Гидрологиялық апаттар, су тасқыны, су басу, олардың салдары

Гидрологиялық сипаттағы стихиялық апаттарға - топан су, цунами, өзендерде мұздың кептелуі, сеңнің тоқтауы, өкпек желдің әсерінен су деңгейінің көтерілуі және т.б. жатады.


Су тасқынықардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде құрлық аймақтарын айтарлықтай су басу.
Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 м/с астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.
БҰҰ мәліметтері бойынша соңғы 10 жыл ішінде су тасқындарынан әлемде 250 миллион адам зардап шеккен, 9 миллион адам қаза тапқан. Біздің планетамыздың 70% су тасқынына шалдығуы мүмкін, бұл жағдайдағы адамдар шығыны бірнеше миллиардқа тең.
Су – алапат ТЖ-дың потенциалды көзі. Бұл Жер бетінің 2/3 бөлігінің судан тұратынымен байланысты. Әлемдік мұхиттың алып жатқан көлемі 361 миллион км2. Біздің планетамыздағы судың жалпы көлемі 1380 миллион км3.
Су тасқынының негізгі себептері:
1. Ұзақ нөсер жауын;
2. Қардың және мұздың қарқынды еруі;
3. Қатты желдің өзен, көл суларын жағалауға айдауы;
4. Өзен жолдарының кептеліп қалуы;
5. Гидротехникалық үймереттердің бұзылуы;
6. Жерасты суларының көп көлемде жер бетіне шығуы;
7. Цунами.
Мұз кептелу - сең жүрген кезде өзен арнасының мұздың ағып өтуі қиын тар жерлерінде және айналымдарында, қайырларында және т.б. тұстарында мұздың үймеленіп кептеліп қатуы. Мұзкептелу кезінде су деңгейі күрт көтеріліп, кейде су тасуы мүмкін. Қардың жаппай еруінен толатын оңтүстіктен солтүстікке қарай ағатын өзендерде байқалады. Иреңі көп өзендерде мұзкептелу жиі болады.
Сең жүру - өзен мен көл бетіндегі мұз кесектерінің (негізінен қоңыржай және биіктік белдеулерде) ағыстың, желдің, судың температурасының әсерінен қозғалуы. Сең өзендерде ағыс бағытында, ал көлдерде желдің бағытында жүреді. Сең жүру көктемгі және күзгі болып бөлінеді.
Кез-келген су тасқынының негізгі сипаттамалары: судың көтерілу деңгейі, су шығыны және көлемі, су басу ауданы және ұзақтығы, ағыс және су деңгейінің көтерілу жылдамдығы, су ағысының құрамы және т.б. Су тасқынының түрлері 1 суретте көрсетілген.

Сурет 1. Су тасқынының түрлері




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет