Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер


Сел тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек



бет66/119
Дата01.04.2022
өлшемі3,41 Mb.
#137572
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   119
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1

Сел тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек
Жақындап келе жатқан сел тасқынын ести салысымен, дереу ойпат жерден 50-100 м-ден кем емес жоғары жерге көтерілу керек. Сонымен қатар гүрілдеген тасқыннан үлкен қашықтыққа өмірге қауіпті ауыр салмақты тастар ұшуы мүмкін екенін есте сақтау керек.
Сел тасқынан кейінгі әрекет
Зардап шеккендерге және сел жүріп өткен жолы мен селдің негізгі үйінділер мен құрылымдар мен органдарға көмек көрсетіңіз Егер сіз зардап шексеңіз-өзіңізге дәрігер келгенге дейінгі көмек көрсетіңіз. Денеңіздің зақымдалған жерлерін мүмкіндігінше көтерілген қалпында ұстап, ол жерлерге мұз (дымқыл шүберек) қойыңыз. Дәрігерге қаралыңыз.
Сырғыма – ауырлық күшінің ықпалымен өзендер мен көлдер, теңіздердің тік жағалауларынан, таулар мен сайлардың жыраларынан топырақ массасы мен тау жыныстарының төмен қарай тайғанап ығысуы (сырғанауы). Көбінесе жыралардың сумен шайылуы, оның мол жауын-шашынмен шектен тыс ылғалдануы, жер сілкіну немесе адамның іс-әрекеті (жарылыс жұмыстары және т.б.) болып табылады. Сырғанау кезінде топырақ көлемі ондаған және жүздеген мың текше метрге дейін жетіп, кейбір жағдайларда одан да көп болуы мүмкін. Сырғыманың тайғанап ығысуының жылдамдығы жылына бірнеше метрден, секундына бірнеше метрге дейін ауытқуы мүмкін. Сырғыманың тайғанауының ең көп жылдамдығы жер сілкіну кезінде байқалады. Топырақ массасының сырғуы тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттардың, инженерлік және жол құрылымдарының, магистральді құбырлар мен электр тасымалдау желілерінің қирап және құлауына, сондай-ақ адамдардың зақымданып және мерт болуына әкеліп соғуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет