Экономикалық теория. Экономиканың зерттеу әдістері. Экономикалық теорияның функциялары
Экономика теория Дәрістер 2022ж
Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті. Абсолюттік рента – бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді. Дифференциальды рентаның қайнар көзі құнарлылығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады. Жердің табиғи құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың төлемі ретінде жер иелеріне көшуін дифференциальдық І рента деп атайды. Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалдық ІІ рента деп атайды. Екінші дифференциалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және жердің құнарлығын өсіруді, прогрессивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды тілейді. Жердің экономикалық құнарлылығын арттыру дегеніміз - жерді интенсивті игерудің келуі, яғни жаңа өндіріс құрал-жабдығын сапалы тұқымдар, тыңайтқыштар т.б. қолдану арқылы. Жерге жекеменшік болғандықтан, ол да тауар ретінде сатылуы мүмкін. Тәжірибеде жердің бағасы екі жағдайға: жер рентасына және банк ппайызды шамасына байланысты қалыптасады. Жердің бағасы рентаға тура қатынаста да, несие пайызына кері қатынаста болады. Мұнда: Ч – рента, S – несие пайызы, ЖБ – жер бағасы. Сонымен, жалақы, пайызы және рента – бұл өндіріс факторларын пайдаланғаны үшін алынатын табыстар. Бірақ та, жалақы, пайызы және рента қайсыбір шаруашылық субъектілеріне (өндіріс факторларын ұсынушыларға) табыс әкеледі де, ал басқа субъектілерге (өндіріс факторларын сұрайтындарға) - шығындар болып табылады. жүктеу/скачать 331,68 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |