Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.
Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.
Несие проценті – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие проценті капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады. Капиталға деген сұраныс келесі факторларға тәуелді:
салым салу саласына тәуекелге және басқа да факторларға.
Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшері болып бөлінеді. Номинальды процент ставкасы – инфляцияның өсімін есепке алмайтын, ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшері.
Нақтылы несие процент мөлшерлі номиналды мен алдағы болатын инфляцияның өсімі арасындағы айырмашылық.
π
Мұнда: r – нақты процент ставкасы;
n – номиналды процент ставкасы;
π – күтілетін инфляция өсімі.
Мысалы: жылдық номинальдық несие проценті – 15%, алдағы уақытта инфляцияның өсімі – 7 % (жылына) онда нақтылы процент (15-7) = 8%.
Жер - ауыл шаруашылығының басты өндіріс құралы және аграрлық экономиканы шектуеші фактор болып табылады. Жер қоғамдық өндірістің негізі болғанымен оның салаларында әртүрлі қызмет атқарады. Мысалы, өндеуші өнеркәсіп үшін ол - кәсіпорын орналасатын алаң, ал ауыл шаруашылығы үшін жер әрі еңбек құралы, әрі еңбек заты болып саналады. Еңбек заты дегеніміз – жерді өңдеп, оған тұқым сеуіп, онда өнім өсіріледі. Ал, еңбек құралы болатын себебі - тұқымды сепкен күннен бастап өнімді өсіру қызметін Жер-ана атқарады. Жердің өндіріс құрал-жабдығы ретінде ерекшеліктері бар:
Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:
Жер құнарлылығы;
Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.
Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.