Экономикалық теория. Экономиканың зерттеу әдістері. Экономикалық теорияның функциялары



бет72/126
Дата04.02.2022
өлшемі331,68 Kb.
#130660
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   126
Байланысты:
Экономика теория Дәрістер 2022ж

Негізгі түсініктер мен терминдер

Абсолюттік рента


Дифференциальды рента
Еңбек нарығы
Жалақы
Лоренц қисығы
Нақтылы мөлшерліме жалақы
Несие пайызы
Номинальды мөлшерліме жалақы
Рента



Бақылау сұрақтары




  1. Еңбек нарығының мағынасы.

  2. Жалақы: мағынасы, түрлері.

  3. Жалақының формалары.

  4. Лоренц қисығы.

  5. Капитал. Капитал нарығы.

  6. Қарыз пайызының мөлшерлі жалақысы.

  7. Жер нарығы: қалыптасу ерекшеліктері

  8. Рента, оның түрлері.


4 БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДЕҢГЕЙІНДЕГІ
ҰДАЙЫ ӨНДІРІСІ.

12 ДӘРІС. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ.
НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР.


  1. Ұлттық экономика жүйе ретінде.

  2. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.

  3. Макроэкономикалық тепе-теңдік.

Нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан. Егер де микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты – табыс табу болса, «макроталдау» назарында агрегатты өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады да макроэкономика қоғамдық өндірісті динамикалық өсіп-өркендеуге бейімдейді.


Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:

Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді. Ұ.Е.Ж. мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.
Ұ.Е.Ж. негізінде есептелген макроэкономикалық көрсеткіштерде материалдық және материалдық емес өндірістің айырмашылығы есепке алынбайды. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.) және жеке табыс (Ж.Т.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет