Экономиканы қарқындату, оның өнімділігін арттыру ғылым мен техниканың жетілуіне негізделген қарқынды технологияларды қолданумен анықталады


Роботты және периферийлі жабдықты орналастыру варианттары



бет7/62
Дата28.01.2018
өлшемі6,78 Mb.
#34317
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62
1.9 Роботты және периферийлі жабдықты орналастыру варианттары

Роботтармен пісіру бөлімшесіндегі технологиялық процесс керекті жұмыс персоналының саны азаятындай етіліп ұйымдастырылуы керек. Роботтарды енгізу кезіндегі түзілімдерді пісіру өндірісінің ұзақтығы мынадай жағдайда азаяды: пісіру жылдамдығын өсіруге байланысты негізгі уақыттың қысқаруы; қосымша уақыттың негізгі уақытпен үйлесуіне байланысты қысқаруы; көпстанокты қызмет көрсетуге байланысты негізгі және қосымша уақыттың азаюы.

Өнімділікті арттыру үшін қажет технологиялық уақыттың қысқаруын роботталған бөлімшелерде робот пен периферийлі жабдықты араластыру арқылы келесі жағдайлар мүмкін болатындай етіп алуға болады:


  1. дөңгелек, маятникті немесе сызықты ырғақты жүзеге асыру (кей жағдайда дөңгелек трансформаторлар арқылы); барлық бұл жағдайларда механизацияланған операциялардың негізгі және қосымша уақыты қол операциясының қосымша уақытымен үйлеседі. Бұл операционды уақыттың немесе ырғақ ұзақтығының азаюына әкеледі, яғни жалпы технологиялық уақыт азаяды.

  2. қол манипуляциялануын, яғни қол жүктеуі мен жүктен босатуды пісіру роботының көмегімен немесе арнайы робот-манипулятордан тұратын автономды манипуляциялаушы жүйе көмегімен манипуляциялауға ауыстыру;

  3. көпстанокты қызмет көрсетуді сәйкесінше орналасқан роботталған пісіру бөлімшелері арқылы жүзеге асыру. Осыған байланысты бір азадамды бөлімшеден босаған жұмыс персоналының бір бөлігі басқа азадамды бөлімшеде жұмыс істей алады.

Периферийлі жабдықты сәйкес орналастыру мен құрылымдық тіркеу, және де ырғақ тізбектілігі, дайындалатын өнімнің өлшемі мен массасы, бөлек пісірілетін тетіктердің саны, пісірілетін жіктің күрделілігі, жылдық шығарылатын программа мен партия көлемі, негізгі және қосымша уақыт қатынасы сияқты басқа да факторларға тәуелді.
1.9.1 Доғалы пісіру немесе контур бойынша пісіру

Роботталған бөлімше 2 түрге бөлінеді: бірпозициялы және көппозициялы. Өнімділік көзқарасы жағынан бірпозициялы бөлімшені қарастырғанда бөлек операциялар, яғни тетіктерді орнату, тұрақтандыру, қысу пісіру, босату, пісірілген түзілімді түсіру операциялары тізбектей жасалатынын атап өту керек. Ырғақ ұзақтығы немесе операционды уақыт осы операцияларға кеткен негізгі және қосымша уақыттардың қосындысына тең. Азгабаритті түзілімдерді мөлшері аз жіктермен пісіру кезінде өнімділік төмен болып табылады. 1.6-суретте манипуляторы бар бір позициялы бөлімшенің сұлбасы келтірілген.Ырғақ ұзақтығы t0 сәйкесінше дайындаманы орнатуға, роботты пісіру басталатын орынға әкелу, пісіруді, роботты, бастапқы орынға әкелуі, түзілімді түсіру уақытын көрсететін tHh1, tHmR1, tGm,tHmR2 және tHh2 арқылы анықталады.



1-тікбұрышты кеңістік координаталы робот;

2-айналғыш;

3- пісірілген тетіктер немесе түзілімдер;

4-бөлек дайындамалар;

5-жұмысшы немесе оператор.



1.6-Сурет – Бірпозициялы роботталған участок
Робот пен периферийлі жабдықтың сәйкес орналасуының түрлі варианттары 1.7-суретте көрсетілген. Төменде осы варианттарға түсініктемелер берілген.

1.7-Сурет – Көппозициялы периферийлі жабдығы бар роботталған бөлімшелерді сәйкес орналастыру мысалдары

Вариант а. Қарапайым дөңгелек ырғағы бар және екі дайындамалы қабылдағышы бар жұмыс бөлімшесі. Алдыңғы қабылдау құрылғысын оператор қолмен жүктейді және жүктен босатады. Қол және механизацияланған операциялар үйлестіріледі.

Вариант б. Бөлек немесе ұсталған дайындамалы қабылдағыштары бар маятникті ырғақпен орын ауыстыратын екі позиция. Оператор қабылдағыш құрылғыларды жүктеу мен жүктен босатуды алмастырып отырады. Қысылған дайындамалардың әр позицияда орын ауыстыруы автоматты түрде орындалып отырылады. Қол және механизацияланған операциялар үйлестіріледі. Ырғақ ұзақтығы t0=tGm+tHmR. Оператордың қауіпсіздік шарты: tHh+tHmW1Gm+tHmR Егер tHh+tHmW1Gm+tHmR болса, робот тоқтап тұрады, бірақ тоқтау уақыты белгілі бір шектен аспауы керек.

Вариант в. Төртпозициялы бұрылу столы және бір немесе екі роботы бар жұмыс бөлімшесі. Бөлек немесе ұсталған дайындамалардың қабылдағыштары бірдей құрылымға ие. Оператор қабылдау құрылғысын бір позицияда жүктейді және жүктен босатады. Дайындамалар позицияларда қозғалыссыз орнатылған. Бір робот пісіруді барлық жіктермен немесе қабаттармен жүргізеді, екі робот орнатылған жағдайда пісіру операциялары олардың арасында тең етіп бөлінеді. Механизацияланған және қол операциялары үйлестіріледі. Бір робот орнатылған кездегі ырғақ ұзақтығы t0=tGm+tHmW2+tHmR және tHhGm+tHmW2+tHmR. Екі робот орнатылғандағы ырғақ ұзақтығы t0=t*Gm+tHmW2+tHmR(t*Gm=tGm/2) және tHh*Gm+tHmW2+tHmR.

Вариант г. Екі екіпозициялы бұрылу столы бар жұмыс участкісі. Жұп қабылдағыштар екі столда бірдей немесе әртүрлі құрылымға ие болуы мүмкін, яғни екінші жағдайда әртүрлі түзілімдерді пісіруге болады. Робот столдарда пісіруді алмастырып жүргізеді, ал оператор екі столдың қабылдау құрылғыларын алмастырып жүктеп отырады. Қол және механизацияланған операциялар үйлестіріледі. Екі түзілім үшін ырғақ ұзақтығы t0=2tGm+tHmR, ал tHh+tHmW2=2tGm+tHmR немесе tHhGm+tHmR/2.

Вариант д. Орташа өлшемді арқалық құрылымдар үшін әр позициясында квантователі бар екі позициялы бөлімше. Ұсталған дайындамаларды «қайық» жағдайында пісіруге және орнатуға болады. Пісіру ұзақтығы үлкен, бір позицияда пісіру кезінде оператор пісірілетін түзілімді көтеру механизмі арқылы басқа позицияға орнатады. Қол және механизацияланған операциялар үйлестіріледі. Ырғақ ұзақтығы t0=tGm+tHmW1+tHmR және tHhGm+tHmW1+tHmR.

Вариант е. Сызықты немесе дөңгелек конвеері және екі пісіру роботы бар бөлімше. Бөлек немесе ұсталған дайындамалар үшін қабылдағыштар бірдей құрылымға ие. Оператор қабылдағыштарды конвеер басында жүктейді, конвеер аяғында пісірілген түзілімдер автоматты түрде түсіреді. Қол және механизацияланған операциялар үйлестіріледі. Ырғақ ұзақтығы t0=t*Gm+tHmW2+tHmR (t*Gm=tGm/2- екі роботтың жұмысы кезінде, t*Gm=tGm/n - n роботтың жұмысы кезінде), ал tHh*Gm+tHmW2+tHmR.



1.9.2 Түйіспелі нүктелі пісіру

Алдыңғы бөлімде қарастырылған бірпозициялы бөлімшені түйіспелі нүктелі пісіру кезінде түзілімдегі нүкте саны үлкен болғанда немесе біруақытта бірнеше пісіру қысқыштары жұмыс істегенде ғана қолданылады. Түйіспелі нүктелі пісірудің көппозициялы бөлімшелі жабдықты сәйкес орналастырудың доғалы пісіру варианттарынан бірнеше өзге көп варианттары белгілі, себебі нүктемен пісірілетін түзілімдер әдетте жазық формаға және үлкен емес өлшемдерге ие. Төменде нүктелі пісірудің роботталған бөлімшелерінің жобаланған технологиялық проектілерінің мысалдары келтірілген.



1.8-суретте дөңгелек ырғақпен пісіру үшін роботталған бөлімше көрсетілген. Бұрылу столдары тетік қабылдағыштарының түрлі санын иемденуі мүмкін. Олардың әрқайсысына көп нүктесі бар үлкен түзілімді не аз нүктесі бар үлкен емес бірнеше дайындамаларды салуға болады. Екі бірдей қабылдағышпен жабдықталған бұрылу столы бар 1 вариантты жиі қолданады. Робот 1 позицияда пісіру жұмысын жасап жатқан кезде алдыңғы қабылдағышқа (2 позиция) келесі түзілімнің дайындамаларын салады. Мұндай столда екі түрлі түзілімді пісіруге болады. Ол үшін екі позицияда әр түрлі қабылдағыштарды орнатады.

1.8-Сурет  Дөңгелек ырғақпен пісіруге арналған роботталған бөлімше варианттары


Екі кеңістікте пісіру мүмкіндігі 2 вариантта іске асады. Бұрылу столында (1.9-сурет) 3 позиция бар, 1 позицияда пісірілетін түзілімнің дайындамаларын салады, 2 позицияда роботтардың бірімен пісіру горизонталь жіктермен жүргізіледі, ал 3 позицияда екінші робот пісіруді вертикаль жіктермен жүргізеді. Олардың әрқайсысында екі кеңістікте екі пісіру қысқыштарымен пісіру жүргізіледі. Пісіруді горизонталь жіктермен жүргізетін робот бір уақытта жұмыс істейтін екі қысқышпен қамтылған. Осымен 2 және 3 позицияда пісірудің бірдей ырғағына қол жеткізуге болады (горизонталь жіктердің нүктелер саны вертикаль жік нүктелерінің санына қарағанда 2 есе көп).

1, 2 – пісіру роботының түзілімдері;

3 – бұрылу столы

1.9-Сурет  Үшпозициялы бұрылу столдары.


Сәйкес қабылдағыш құрылғыларымен қамтылған үлкен бұрылу столдарының көмегімен дөңгелек ырғақтың жүзеге асуы үлкен шығындармен түйіндескен. Технологиялық әбзелі бар роботтың құны бөлімше жабдығының жалпы құнының 24-40%, ал периферийлі құрылғы құны 60-75% құрайды.

Егер роботталған түйіспелі нүктелі пісіру бөлімшесінде қатарлас орналасқан позицияларда пісіру ауыстырылып жүргізілгенде маятникті такт жүзеге асса, онда негізгі өстері өзгермелі тікбұрышты координат кеңістігінде жұмыс істейтін роботты қолдану тиімді. Бұл жағдайда периферийлі құрылғының құны дөңгелек тактіні жүзеге асыруға арналған құрылғыдан төмен және бөлімше құрылғысының жалпы құнының 30-50% құрайды.



1.10-суретте маятникті тактіні жүзеге асыру кезіндегі жабдықтың сәйкес орналасу варианттары көрсетілген.

1.10-Сурет  Маятникті ырғақты жүзеге асыру варианттары


1 вариант жетілдірілген беті бар кондиционер корпусын нүктелі пісіруге сәйкес келеді. Қабылдағыш периферийлі құрылғылар роботтың бас өсінің алдында 6300 мм ұзындықпен орналасқан. Оператор оларды алмастырып жүктеп және жүктен босатып отырады. Жабдығы тура осылай сәйкес орналасқан 2 вариант біруақытта 2 түрлі түзілімді пісіруге арналған. 3 вариантта 2 робот алты түрлі құрылғыда орналасқан алты түрлі түзілімді пісіреді.

4 вариант көп көлемде жасалатын жетілдірілген беті бар жазық түзілімді пісіруге арналған. Сондықтан бір түзілімді пісіру ырғағының ұзақтығы екі роботтың біруақытты жұмысы әсерінен қысқарады.

Оператордың қабылдау құрылғыларына жақындауын жеңілдету үшін роботтың бас өсін оның жоғарғы жағына орнату керек.

1.7-кестеде қысқаша түрде роботтардың пісіру құралының салыстырмалы сипаттамасы берілген, және де оны алдын-ала таңдау үшін керек мәліметтер келтірілген.

1.7-кесте – Пісіру құралының сипаттамасы

Құрал

Артықшылығы

Кемшіліктері

Аспалы трансформаторы бар қысқыштар:

Электродтың радиалды жүрісімен




Жеңіл, консольдің үлкен шығарығы




Қатты тоқөткізуші кабельдер, электроэнергияның көп шығыны



1.7-кестенің жалғасы



Электродтың түзусызықты

жүрісімен


Ендірілген трансформаторы бар және электродтың радиалды немесе түзусызықты жүрісімен қысқыштар


Порталда ілінген иілгіш элемент

Пісіру пистолеті




Жеңіл, ықшам

Электроэнергияның және жинақтаудың аз шығын- далуы


Үлкен габаритті түзілімдерді пісіру мүмкіндігі


Сол сияқты

Консольдар шығарығының шектелуі, қатты тоқ өткізуші кабельдер, электроэнергияның көп шығыны

Ауыр, консольдар шығарығының аздығы

Мыс төсемінің қажеттігі, электроэнергияның көп шығыны, құнының қымбат болуы

Мыс төсемінің қажеттігі, электроэнергияның көп шығыны, қозғалыс басу пластинасымен шектелген





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет