Кальций мен магний топырақта минералдардың кристал торшаларында, алмаса-сіңген күйде және қарапайым тұздар түрінде болады.
Микроэлементтер. Топырақтағы микроэлементтер мөлшері бастапқы топырақ түзуші жыныстардағы мөлшерімен және топырақ түзілу процесінің олардың таралуына ықпалымен анықталады. Гумус аккумулятивтік процесс қарқынды жүргенде олар топырақтың беткі қабатында жиналады; элювиальды процестер қарқынды дамығанда топырақтың беткі қабатында олардың мөлшері аз болады.
Топырақ радиоактивтілігі. Топырақ радиоактивтілігі құрамында радиоактивті элементтер болуына байланысты. Табиғи және жасанды радиоактивтілікті бөледі.
Табиғи радиоактивтілікті топырақтар мен жыныстар құрамында әрдайым әртүрлі мөлшерде болатын табиғи радиоактивті элементтер тудырады.
Жасанды радиоактивтілік атомдық термоядролық жарылыстар кезінде, атомдық өнеркәсіп қалдықтары түрінде немесе атом станцияларындағы апаттар кезінде түзіліп топыраққа енеді. Атомдық жарылыстар кезінде түзілген радиоактивті заттар ауа ағыстарымен үлкен қашықтықтарға жылжып біртіндеп қонып, жасанды радиоизатоптар топырақтар мен табиғый суларды ластауы мүмкін.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Топырақта қандай элементтер басым, олардың қосылыстары жалпы қоры ?
2. Топырақтар мен жыныстар химиялық құрамының топырақ түзілуіне әсері ?
3. Топырақтың табиғи және жасанды радиоактивтілігі қалай туындайды?
ТОПЫРАҚТЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРЫ
Жұмыс мақсаты: Топырақтың органикалық бөлігі құрамымен танысу. Топырақтан (қара топырақ) қарашірік заттарын бөліп алып, олардың негізгі қасиеттерімен танысу.
Тапсырма.
1. Топырақтың органикалық құрамы мен гумусты заттар топтарын сипаттау.
2. Тәжірибе жүргізу арқылы қарашірік қышқылдарының және олардың
тұздарының суда еруін бақылау.
3. Тәжірибе жүргізу арқылы қарашірік заттардың сілтілерде еруін бақылау.
4. Тәжірибе жүргізу арқылы қарашірік қышқылдарын бөліп алу.
5. Тәжірибе жүргізу арқылы Гумин қышқылдарының еруін анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |