БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Топырақ бонитировкалық ұпайын есептеудің мақсаты қандай?
2. Бонитет ұпайын анықтауда қандай көрсеткіштер алынады?
3. Бонитет ұпайын анықтау қандай жолмен жүргізіледі?
ТОПЫРАҚТАНУ ПӘНІНЕН ТЕСТТЕР
1.
Генетикалық топырақтанудың негізін қалаған кім:
Вильямс В.Р.
Сибирцев Н.М.
Костычев П.А.
Докучаев В.В
Тюрин Р.И.
2.
Топырақ агрегаттарының қандай мөлшері макро құрылымды:
10 мм-ден жоғары
10-0,25 мм
0,25-0,01 мм
0,01-0,001 мм
0,001 мм-ден жоғары
3.
Топырақтар қандай тау жыныстарында түзіледі:
магмалық
метоморфтық
шөгінді
интрузивті
эффузивті
4.
Топырақтың негізгі морфологиялық белгілерін көрсет:
құрылысы; қалыңдығы
құрылысы; қалыңдығы; боялуы, құрылымы, механикалық құрамы
құрылысы; қалыңдығы; боялуы, құрылымы
құрылысы; қалыңдығы; боялуы, құрылымы, механикалық құрамы, қалыптасуы, жаңа жарандылар мен кіріспелер
құрылысы; қалыңдығы; боялуы, құрылымы, механикалық құрамы, қалыптасуы, жаңа жарандылар мен кіріспелер, кеуектілік,
5.
Өзендердің жайылуы нәтижесінде шөккен топырақ түзуші жыныстар қалай аталады:
элювий
делювий
пролювий
аллювий
морена
6.
Тау жыныстарының бұзылуының қандай түрлері бар:
химиялық, физикалық
химиялық, физикалық, биологиялық
химиялық, антропогендік, биологиялық
биологиялық, физикалық
химиялық, биологиялық,
7.
Физикалық балшыққа жататын бөлшектердің мөлшері қандай:
0,0001 мм-ден кіші
0,001 мм-ден кіші
0,01 мм-ден кіші
0,1 мм-ден кіші
1мм
8.
Мөлшері қандай топырақ элементтері тастар деп аталады:
3 мм-ден ірі
3-1 мм
1-0,05
0,05-0,0005 мм
0,0005-0,0001 мм
9.
Тау етегінде қысқа мерзімді күшті су және сел тасқындарынан кейін шөккен жыныстар қалай аталынады:
элювий
делювий
пролювий
аллювий
морена
10.
Физикалық құмға жататын топырақ бөлшектерінің мөлшері қандай:
0,001 мм-ден ірі
0,01 мм-ден ірі
1 мм-ден ірі
2 мм-ден ірі
10 мм-ден ірі
11.
Мұз жылжуымен орын ауыстырған әртүрлі жыныстардың бұзылу өнімдері қалай аталынады:
элювий
делювий
пролювий
аллювий
морена
12.
Механикалық құрамы қандай топырақтардың су ұстау қабілеті төмен:
құмды, құмайт
жеңіл құмбалшық, орташа құмбалшық
жеңіл балшықты, орташа балшықты
ауыр құмбалшықты
ауыр балшықты
13.
Топырақтың органикалық заттарының негізгі көздерін көрсет:
микроорганизмдер қалдықтары
топырақ фаунасы қалдықтары
топырақ фаунасы және микроорганизмдер қалдықтары
жасыл өсімдіктер қалдықтары
жасыл өсімдіктер, микроорганизмдер, топырақ фаунасы қалдықтары
14.
Қарашіріктің құрамына қандай заттар енеді:
фульвоқышқылдары, гуминқышқылдары
гуминқышқылдары және гумин
фульвоқышқылдары, гумин қышқылдары, гумин
фульвоқышқылдары, гумин қышқылдары, гумин және гиматомелан қышқылы
фульвоқышқылдары және гумин
15.
Топырақ кеуектілігі жақсы жырту қабатын көрсет:
жеңіл құмбалшықты қара топырақ
жеңіл балшықты қара топырақ
құмдақ қара топырақ
жеңіл құмбалшықты қоңыр топырақ
құмдақ қара топырақ
16.
Топырақ құнарлығындағы құрылымның маңызын терең зерттеген ғалым:
Докучаев В.В
Костычев П.А.
Вильямс В.Р
Гедройц К.К
Качинский П.А
17.
Топырақтың кеуектілігі қанағаттанарлық жырту қабатын көрсет:
70 %-тен жоғары
65-55 %
55-50 %
50-40 %
40 %-тен төмен
18.
Мегақұрылымға жататын топырақ агрегаттары мөлшерін көрсет:
10 мм-ден жоғары
10-0,25 мм
0,25-0,01 мм
0,01 мм-ден төмен
0,001 мм
19.
Топырақ құрылымының жел эрозиясына төзімді мөлшерін көрсет:
1 мм-ден жоғары
0,1 мм-ден жоғары
0,01 мм-ден жоғары
0,001 мм-ден жоғары
1 мм-ден төмен
20.
В.В.Докучаев топырақ түзілудің қандай факторларын атап көрсетті:
климат, жер бедері, өсімдіктер
климат, жер бедері, өсімдіктер, топырақ түзуші жыныстар
климат, жер бедері, өсімдіктер, топырақ түзуші жыныстар, уақыт
климат, жер бедері, өсімдіктер, топырақ түзуші жыныстар, уақыт, адамзаттың өндірістік әрекеттері
климат, өсімдіктер
21.
Топырақтың негізгі қасиетін көрсет:
а) тығыздық
b) кеуектілік
c) сіңіру қасиеті
d) химиялық қасиеттері
e) құнарлылық
22.
Моос шкаласы бойынша ең жұмсақ минерал:
тальк
гипс
апатит
корунд
алмаз
23.
Сыртқы механикалық әсерге минералдың кедергі жасау дәрежесі:
түсі
жылтырлығы
жымдастығы
қаттылығы
карбонаттылығы
24.
Өзен шөгінділері қалай аталады:
аллювий
делювий
эллювий
морендік
лесстар
25.
Желмен жиналған шөгінділер:
лесс
флювиогляциальдік
эолдық
морендік
аллювий
26.
Иллювиальды немесе аралық қабат
А
В
С
Д
Е
27.
С.А. Захаров бойынша құрылым бөлшектері бір-біріне перпендикуляр үш ось бойымен қалыптасқан құрылым:
куб тәріздес
призма тәріздес
плита тәріздес
қабыршақты
бағаналы
28.
Құрамындағы физикалық балшық мөлшері 70 % топырақ:
құмдақ
құмбалшық
жеңіл балшықты
орташа балшықты
ауыр балшықты
29
Топыраққа қара, күңгірт, сұр бояу беретін заттар:
қарашірік
темір қосындылары
кремний қышқылы
натрий
магний
30.
Топырақтың коллоидтық қасиеттерін терең зерттеп, олардың дақылдар үшін маңызын көрсеткен ғалым:
Докучаев В.В
Костычев
Глинка
Коссович
Гедройц
31.
Топырақтанудың биологиялық бағытын құрған ғалым:
Глинка
Коссович
Вильямс
Гедройц
Прянишников
32.
Жердің температуралық режимінің 99,5% жылу көзі:
күн сәулесі
планетаның қойнауынан көтерілетін жылу
ай сәулесі
вулкан
химиялық реакциялар
33.
Жыныспен бір уақытта жер қыртысының терең қабаттарында түзіліп, өзгеріссіз сақталған минералдар:
бастапқы
туынды
авгит
кристал
аралас
34.
Топырақтың дамуы неше кезеңдерден өтеді:
2
3
4
6
10
35.
Механикалық элементтердің 3 мм-ден ірі фракциялары:
тастар
қиыршық тас
құм
тозаң
лай
36.
Топырақтың сіңірі қабілетін күшейтетін ұсақ түйіршіктер
минералдар
коллоид
аллювий
сильвинит
магма
37.
Коллоидтар түзілуінің неше түрлі жолы бар
2
4
6
8
10
38.
Коллоидтардың топырақтағы қоймалжың ерітінді түріндегі күйі
гель
золь
пептизация
коагуляция
седиментация
39.
Коллоидтардың топырақтағы қоймалжың тұнба түріндегі күйі
гель
золь
пептизация
коагуляция
седиментация
40.
Топырақ ауасының атмосфера ауасымен газ алмасу процесі
пептизация
коагуляция
седиментация
нитрификация
аэрация
41.
Топырақ ауасы топырақта қандай күйлерде болуы мүмкін
бос, адсорбцияланған, ерітінді
газ, ерітінді; қатты
бос, сығылған
адсорбцияланған, ерітінді
байланысқан, адсорбцияланған, ерітінді
42.
Ауа режиміннің тәуліктік динамикасында ауа құрамының өзгеруі қанша процент
5-10%
10-15%
15-20%
20-30%
40-50%
43.
Топыраққа енген және топырақтан шығарылған жылу арасындағы айырмашылық
температура режимі
альбедо
диффузия
радиациялық баланс
жылу өткізгіштік
44.
Топырақ қыста 5 айдан артық уақытқа қатады, жылу режимі типі
тоңды
ұзақ мерзімді
мерзімді
қоңыржай
қатпайтын
45.
Мына топырақтар ерітіндісінде осмостық қысымы ең жоғарысы
нағыз қаратопырақ
сілтісізденген қаратопырақ
кәдімгі қаратопырақ
қоңыр топырақ
сортопырақ
46.
Тотығу жағдайы абсолюттік басымдылықтағы топырақтар
шөлейт, дала топырақтары
тайгалы орман топырақтары
батпақтар мен гидроморфты кебірлер
шымды күлгінді, күлгінді
автоморфты кебірлер
47.
Топырақ ерітіндісіндегі минералды және органикалық бөлік салыстырмалы түрде тең топырақ
қаратопырақ
қышқыл топырақ
тұзданған топырақ
кебір
күлгін топырақ
48.
К.К. Гедройц сіңіру қасиетінің неше түрін бөліп көрсетті
3
4
5
6
7
49.
Катиондық алмасу сиымдылығы дегеніміз не:
топырақтағы алмасу күйіндегі Са катиондарының ең жоғары мөлшері
топырақтағы алмасу күйіндегі Nа катиондарының ең жоғары мөлшері
топырақтағы алмасу күйіндегі катиондарының ең жоғары мөлшері
топырақтағы алмасу күйіндегі аниондардың ең жоғары
топырақтағы алмасу күйінде сіңірілген су мөлшері
50.
Қандай процесс топырақ құрылымының түзілуіне және сақталынуына жағымсыз ықпал етеді:
коагуляция
пептизация
седиминтация
барлық жоғары аталғандар
нитрификация
51.
Қандай механикалық құрамдағы топырақтың су өткізгіштігі жоғары:
орташа балшықты
жеңіл балшықты
ауыр құмбалшықты
орташа құмбалшықты
жеңіл құмбалшықты
52.
Топырақтың 0-100 см қабатындағы тиімді ылғалдың жақсы қорын көрсет:
160 мм-ден жоғары
160-130 мм
130-90 мм
90-60 мм
60 мм-ден төмен
53.
Қандай аралықта топырақ ылғалдылығының өсімдіктер үшін пайдаланымдығы жоғары:
максимальды гигроскопиялықтан солу ылғалдылығына дейін
солу ылғалдылығынан капиллярлық үзілу ылғалдылығына дейін
капиллярлық үзілу ылғалдылығынан ең аз су сиымдылығына дейін
5-10 %
20-30 %
54.
Топырақтың ең жақсы су өткізгіштігін көрсет:
1000-500 мм/сағ
500-100 мм/сағ
100-70 мм/сағ
70-30 мм/сағ
30 мм/сағаттан төмен
55.
Төмендегідей құрғақ қалдықты топырақтардың қайсысы күшті тұзданған:
0,3%-тен төмен
0,3-0,5 %
0,5-0,7 %
0,7-1,0 %
1,0 %-тен жоғары
56.
Минералды және органикалық қышқылдарда еритін гумусты қосылыстар тобы:
фульвоқышқылдары
гумин қышқылдары
гумин
гиматомелан
қарашірік
57.
Судың беттік керілуі мен қатты бөлшектерді ылғалдандыруға негізделген күштер:
сорбция
капилярлық
осмостық
гравитациялық
хемотерапия
58.
Өсімдік тамыр жүйесінің сору күші:
1,0х102 кПа (10 атм)
1,5х103 кПа (15 атм)
20 кПа
20 атм
2,1х104 кПа (30 атм)
59.
Топырақ ылғалының әртүрлі категориялары пайда болуын сипаттайтын ылғалдың маңыздылық шекаралары:
еркін ылғал
гигроскопиялық ылғал
гидротациялық ылғал
гидрологиялық константа
адсорбциялық константа
60.
Көлдете суарудан кейін гравитациялық ылғалдылық ағып, жер асты суларының тірек әсері болмаған жағдайда топырақта қалатын ылғал мөлшері:
максимальды гигроскопиялық
максимальды молекулярлық ылғал сиымдылық
толық ылғал сиымдылық
қаныққан далалық ылғал сиымдылық
солу ылғалдылығы
61.
Өсімдіктер тамырлары мен микроорганизмдер тіршілігіне байланысты сіңіру түрі
биологиялық сіңіру
механикалық сіңіру
химиялық сіңіру
физико-химиялық
физикалық сіңіру
62.
Топырақтың жалпы физикалық қасиеттері
топырақ тығыздығы, топырақ катты фазасы тығыздығы, кеуектілік
кеуектілік, қаттылық, гранулометриялық құрам
топырақ тығыздығы, ауа режимі, су режимі
топырақ қатты фазасы тығыздығы, жабысқақтық, су өткізгіштік
ауа өткізгіштік, су өткізгіштік, жылу өткізгіштік
63.
Жылдық орта жауын шашын жиынтығы жылдық орта булануға тең болғандағы су режимі типі
тоңды
шайылма
қайта шайылма
шайылмайтын
жіпсу
64.
Топырақ ортасының қышқыл, сілті, т.б. әсерінен өзгермеу қасиеті
бонитировка
буферлілік
биотит
биолит
гальмиролиз
65.
1 г немесе 1 см топырақты 10 С жылытуға жұмсалатын жылу колориясымен сипатталады
жылу сиымдылық
жылу өткізгіштік
жылу сіңірімділік
жылу шағылыстыру
жарық шағылыстыру
66.
Қай уақытта топырақтағы көмір қышқыл газы ең төмен мөлшерде болады
көктемде
көктемде және жазда
қыста және күзде
жазда
таң алдында
67.
Температураның жылдық өзгеруінің жазғы кезеңінде топырақта жылу қалай жылжиды
өзгеріссіз
оңтүстікке
солтүстікке
жоғары қабаттардан төменгі қабаттарға
төменгі қабаттардан жоғары қабаттарға
68.
Температураның тәуліктік өзгеруінде қай уақытты жер беткейінде температура ең төмен болады
таң алдында
күн батар кезде
13.00 сағ
18.00 сағ
21.00 сағ
69.
Топырақтанушы ғалымдардың қайсысы топырақ құнарлығы туралы ғылымның дамуына зор үлес қосты:
Докучаев В.В
Сибирцев Н.М
Костычев П.А.
Гедройц К.К
Вильямс В.Р
70.
Төмендегі аталған топырақ құнарлығы факторларының қайсысы Қазақстанның далалы аймағында өнімнің қалыптасуында жетекші орын алады:
қоректік режим
су режимі
тотығу-қалпына келу режимі
температура режимі
топырақтың физикалық режимі
71.
Топырақтарды атмосфералық ылғалдану режимі мен өсімдіктер типіне қарай бөлу:
ендік аймақтылық
бойлық аймақтылық
климаттық белдеу
топырақтық-биоклиматтық облыстар
топырақ фракциясы
72.
Температуралық режиміне, мерзімдік ылғалдануына қарай зона бөлшегі:
климаттық белдеу
топырақ зонасы
топырақ фракциясы
топырақ провинциясы
зона тармағы
73.
Белгілердің айқын білінуіне қарай топырақ фациясы бөлігі:
климаттық белдеу
топырақ зонасы
топырақ фракциясы
топырақ провинциясы
зона тармағы
74.
Топырақ классификациясының негізгі таксономиялық бірлігін көрсет:
тег
түр
түрше
тип
типше
75.
Қандай таксономиялық бірлік топырақтың жоғарғы қабаттарының және топырақ түзуші жыныстардың механикалық құрамы бойынша анықталады:
тег
түр
түрше
тип
типше
76.
Қандай таксономиялық бірлік қарашірік мөлшері және қарашірікті қабат қалыңдығы бойынша анықталады:
тип
типше
тег
түр
түрше
77.
Құнарлылықтың қандай түрлерін айырады:
табиғи, жасанды
табиғи, экономикалық
биологиялық, тиімді
жасанды, тиімді
табиғи, жасанды, биологиялық
78.
Қара топырақтар қандай аймақтарда таралған:
тайгалы-орман, орманды дала
далалы және құрғақ далалы
орманды далалы және далалы
құрғақ далалы
шөлейт
79.
Қазақстанның қай аймағында сұр орман топырақтары бар:
шөлейт
құрғақ аймақты
далалы
орманды далалы
құмды
80.
Қара топырақтың қай типшесі терең қарашірікті кескінге ие 190-120 см және жоғары:
күлгінденген
сілтісізденген
нағыз
кәдімгі
оңтүстік
81.
Қара топырақтың орташа қалыңдықты түрін көрсет:
А+В1=120 см-ден жоғары
А+В1=120-80 см
А+В1=80-40 см
А+В1=40-25 см
А+В1=25 см-ден төмен
82.
Нағыз қара топырақтың кескінінің құралуын көрсет:
Ад-А-В1-В2-С
Ад-А-В1-В2-Вк-С
Ад-А-АВ1-В1-В2-С
А-В-С
А1-В1-В2-С
83.
Қара топырақтағы қарашіріктің жоғары деңгейін көрсет:
10 %-тен жоғары
6-10 %
4-6 %
2-4 %
2 %-тен төмен
84.
Сұр орман топырағының кескінінің құралуын көрсет:
А0-А1-А2-А2В-В-С
А0-А1-А1А2-ВА2-В-ВС-C
Ад-А-В1-В2-С
Ад-А-В1-В2-Вк-С
А1-В1-В2-С
85.
Кебірлердің кескінінің құралуын көрсет:
А-В-С
А1-В1-В2-ВС-С
А0-А1-А2-А2В-В-С
А1-В1-Вк-С
Ад-А-В1-В2-С
86.
Қара-қоңыр топырақтың кескінінің құралуын көрсет:
Ад-А1-А2-А2В-В-С
А0-А1-А1А2-А2В-В-С
Ад-А-В1-В2-С
Ад-А-В1-В2-Вк-С
А1-В1-В2-С
87.
Топырақтың қай тегі А қабатында НСl қайнайды:
қалыпты
кебірленген
сорланған
карбонатсыз
карбонатты
88.
Құрғақ далалы аймақта қандай топырақ аймақтық типті топырақ болып табылады:
қара топырақтар
қара-қоңыр топырақтар
сұр топырақтар
құба топырақтар
тақырлар
89.
Қандай топырақ типінде кескіннің беткейінен бастап көп мөлшерде суда еритін тұздар бар:
солодтар
кебірлер
сорлар
сұртопырқтар
тақырлар
90.
Солодтың кескіннің құралуын көрсет:
А-В-С
А1-В1-В2-С
А0-А1-А2-А2В-В (В1В2)-С
А-В1-Вк-С
А0-А-В1-В2-С
91.
Қандай топыраққа нашар су өткізгіштік, иллювиальді қабатында жоғары тығыздық, ылғалданғанда созылымдылық және жабысқақтық тән:
кебірлерде
қоңыр топырақтарда
қара топырақтарда
сұртопырақтарда
сорларда
92.
Қандай топырақтың иллювиальді қабатында сіңірілген күйінде көп мөлшерде Na кейде Mg бар:
сорлар
солодтар
кебірлер
сұр топырақтар
тақырлар
93.
Сор топырақтың кескіннің құралуын көрсет:
А-В-С
А1-В1-В2-С
А0-А1-А2-А2В-В-С
А-В1-Вк-С
А0-А-В1-В2-С
94.
Аллювиальді шабындық топырақтарының кескіннің құралуын көрсет:
А-В-С
А1-В1-В2-С
А1-В1-Вк-С
А-В1-Вк-С
Ад-А1-В1-В2g-Сд
95.
Төмендегі аталған ғалымдардың қайсысы жайылымдарда топырақ түзілу ілімінің негізін қалады:
Докучаев В.В
Сибирцев Н.М.
Вильямс В.Р
Гедройц К.К
Качинский П.А
96.
Сұр топырақтың кескінінің құралуын көрсет:
А-В-С
А1-В1-В2-С
А1-В1-Вк-С
А-В1-Вк-С
А-А1-В1-В2-Сд
97.
Солтүстіктен оңтүстікке жылжығанда топырақ типтерінің біртіндеп өзгеру заңдылығы:
ендік аймақтылық
бойлық аймақтылық
климаттық белдеу
топырақтық-биоклиматтық облыстар
топырақ фракциясы
98.
Құрылық топырақтарының климаттық термиялық ерекшеліктеріне қарай бөлінуі:
ендік аймақтылық
бойлық аймақтылық
климаттық белдеу
топырақтық-биоклиматтық облыстар
топырақ фракциясы
99.
Қарашірікті қабат қалыңдығы 60 см, қара топырақ түрін анықта:
өте аз қалыңдықты
аз қалыңдықты
орташа қалыңдықты
қалың
өте қалың
100.
Қарашіріктің мөлшері 7 %, қара топырақ түрін анықта:
өте аз қарашірікті
аз қарашірікті
орташа қарашірікті
жоғары қарашірікті
өте жоғары қарашірікті
101.
Кескіні А В 1 В 2 В 3 С қарашірікті қабатында бос карбонаттар жоқ. А-қабатының қалыңдығы 30-50 см, қара топырақ типшесін анықта:
күлгінденген
сілтісізденген
нағыз
кәдімгі
оңтүстік
102.
Жер асты сулары 2-5м тереңдікте болғанда түзілетін қара топырақтар:
шалғындық қара топырақтар
қара топырақты шалғынды
кәдімгі
оңтүстік
сілтісізденген
103.
Жер асты сулары 6 м-ден тереңде болғанда қалыптасатын кебірлер типі:
автоморфты
жартылай гидроморфты
гидроморфты
шалғынды
нағыз
104.
Қарашірікті А+В1 қабатының қалыңдығы 40см қара-қоңыр топырақ түрі:
өте қалың
қалың
орташа қалыңдықты
аз қалыңдықты
өте аз қалыңдықты
105.
Кебір үсті А1 горизонты қалыңдығы 3-10см кебір түрі:
қабыршақты
жұқа
орташа
терең
өте терең
106.
Беткейінен бастап жеңіл еритін тұздардың көп мөлшері болатын топырақтар
аллювий
құба топырақ
сор
кебір
сортаң топырақ
107.
Сорлар неше типке бөлінеді
2
4
6
8
10
108.
Сор топырақ типтері
сілтісізденген, күлгінденген
карбонатты, терең қайнайтын
шымды, шалғынды
автоморфты, жартылай гидроморфты, гидроморфты
автоморфты, гидроморфты
109.
Кебір топырақтар құрамындағы сіңірілген натрийдің орнын сутегі басуы нәтижесінде қалыптасқан топырақтар
күлгін топырақ
тақыр
құба топырақ
солод
сор
110.
Тауларда топырақтардың дұрыс орналаспау құбылысы
топырақ зоналары инверсиясы
топырақ зоналары интерференциясы
шалғынды орманды белдеу
топырақ зоналары фациясы
топырақ зонасы провинциясы
111.
Тауларда қалыпты зоналар қатары жүйесінде жекеленген топырақ зоналары түсіп қалуы
топырақ зоналарды инверсиясы
топырақ зоналары интерференциясы
шалғынды орманды белдеу
топырақ зоналары фациясы
топырақ зонасы провинциясы
112.
Өзен арнасының бойындағы тасқын сулармен жиі басылатын бөлігі
шалғын
сор
кебір
сортаң
жайылма
113.
Жайылманың өзенге ең жақын бөлігі
арна бойындағы жайылма
орта немесе өзен бойы
терраса бойы
шалғын
кебір
114.
Жайылманың өзеннен ең алыс бөлігі
арна бойындағы жайылма
орта немесе өзен бойы
терраса бойы
шалғын
кебір
115.
Құрылымын-генетикалық қабаттарын бұзбай, табиғи жағдайда қашап алған топырақ кескінінің арнаулы ағаш жәшікке салынған үлгісі
агрегат
монолит
солод
терраса
бонитировка
116.
Өсімдіксіз, беті кеуіп жарылып кеткен ойдым жер
шым
шалғын
тақыр
терраса
монолит
117.
Кескіні А0 –А1 – А1А2 –ВА2 –В(В1В2)-ВС-С қабаттарынан құралған топырақ
сұр орман топырағы
жайылма
кебір
сортаң
тақыр
118.
Қандай механикалық құрамдағы топырақтар жел эрозиясына жылдам ұшырайды:
ауыр балшықты
орташа балшықты
жеңіл балшықты
құмбалшықты
құмайт
119.
Ауыр топырақтарда желдің жылдамдығы қандай болғанда эрозияға ұшырауы басталады:
5м/сек-тан жоғары
10м/сек-тан жоғары
12м/сек-тан жоғары
15м/сек-тан жоғары
20м/сек-тан жоғары
120.
Жеңіл топырақтарда желдің жылдамдығы қандай болғанда эрозияға ұшырауы басталады:
3м/сек-тан жоғары
6м/сек-тан жоғары
9м/сек-тан жоғары
10м/сек-тан жоғары
15м/сек-тан жоғары
121.
Жел эрозиясынан топырақты қандай өңдеу тәсілдері қорғайды:
сыдыра жырту
тырмалау
аудармалы өңдеу
жазық тілгіш құралдармен өңдеу
жылтыр тегістегіштермен тығыздау
122.
Топырақ бонтировкасы дегеніміз не?
топырақтарды жер аумағына қарай салыстырмалы түрде бағалау
топырақтарды қарашірінді мөлшеріне қарай салыстырмалы түрде бағалау
топырақтарды өндіргіштігіне қарай салыстырмалы түрде бағалау
топырақтарды механикалық құрамына қарай салыстырмалы түрде бағалау
топырақтарды ауыл шаруашылығында қолдануына қарай топтау
123.
Солтүстік Қазақстан топырақтары бонтировкасында қандай бонитет белгілері ескеріледі:
орта реакциясы, қарашірінді мөлшері
қарашірінді мөлшері, механикалық құрамы
қарашірінді қоры, карбонаттылық
орта реакциясы, қарашірінді қоры, карбонаттылық
қарашірінді қоры, қарашірінділі горизонт қалыңдығы, механикалық құрамы, кебірлігі, карбонаттылығы, тұздануы
124.
Топырақ пен борпылдақ тау жыныстарының түйірлерін жел үрлеп ұшыруы
десукция
дешиффрлеу
диабаз
дефляция
диагенез
125.
Топырақты жақсарту шаралары
бонитировка
агроөндірістік
кадастр
гравитация
мелиорация
Достарыңызбен бөлісу: |